Исламдағы ахкам философиясы (2)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i46496
Ықылас ғамалдардың Алланың ризалығы үшін орындалып, иман келтірген адамның әрекетінде екіжүзділік, өзін-өзі жарнамалау мен имансыздықтың байқалмайтынын көрсетеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 26, 2020 16:32 Asia/Almaty
  • Исламдағы ахкам философиясы (2)

Ықылас ғамалдардың Алланың ризалығы үшін орындалып, иман келтірген адамның әрекетінде екіжүзділік, өзін-өзі жарнамалау мен имансыздықтың байқалмайтынын көрсетеді.

Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Ислам діні мәдениетінде ақыл-парасат ерекше орынға ие. Адам ақыл мен уаһи аясында философия, даналық және илаһи ахкамның мақсатымен таныса алады. Бірақ бұл үдерістегі ең маңызды ғамал –  құлшылық ету.  Аллаға иман келтірген әр мұсылманның жеке, әлеуметтік, діни, саяси, ғылыми, мәдени салалар мен мінез-құлқы мен сөзінде діни міндеттерін  орындауы ең маңызды саналады.  Илаһи аяттардың бірінде: «Айтыңыз: менің намазым, құлшылығым,   өмірім мен өлімім тек қана әлем Раббысы үшін»,- деді.

Ықылас бүкіл амалдардың Алланың ризалығы үшін орындалып, иман келтірген адамның әрекетінде  екіжүзділік, өзін-өзі жарнамалау мен имансыздықтың байқалмайтынын көрсетеді. Имам Садық (ғ.с.): «Алла үшін жақсы көріп, Алла үшін ызаланатын, Алла үшін мұқтаждарға көмектесетіндер иманы кемелдердің қатарына кіреді»,- деген. Мистикалық ғибадат әлемінде ықылас ерекше орынға ие. Хазірет Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Уа, Алла, мен тозақтан қорыққанымнан немесе жаннатты ойлап, ғибадат етпеймін. Мен өзіңді ғибадат пен құлшылық етуге лайық деп танығандықтан ғибадат етемін»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 290-шы хикмет). Мұндай жоғары деңгейге мистиктер, Аллаға ғашықтар мен иман келтіргендер жетеді. Ғибадаттың рухани илаһи кеңістігін түсіне алмайтын адамдардың көбі әртүрлі мақсатпен бұл салаға қадам басады. Кейбір илаһи таңдаулы тұлғалар, соның ішінде хазірет Әли (ғ.с.): «Кейбір адамдар тозақтан қорықаннан ғибадат жасайды, бұл құлдардың ғибадаты. Тағы біреулер жаннатқа ену үшін ғибадат жасайды, бұл саудагердің ғибадаты. Кейбіреулер Аллаға берген нығметтеріне шүкіршілік білдіру үшін ғибадат жасайды, бұл азат адамдарды ғибадаты»,- деген болатын. («Наһдж ул-Балағе», 237-ші хикмет).   

Осыған орай біздің ғамалдарымыз екі бөлімнен тұрады деп айтуға болады: біріншісі – ғибадаттың сыртқы көрінісі; екінші тұрғысы – ғибадаттың негізі, рухы. Адамдардың көбі ғибадаттарынан ойлағандай пайда көрмейді, өйткені оның тек сырт көрінісіне көңіл бөліп, ғибадаттың тәрбие және кемелдікке жеткізу тұрғысынан мақұрым қалады. Бұл топқа кері ғибадаттың негізі мен рухына көңіл бөлетін адамдар бар. Олар ғибадаттарынан ләззат алады. Имам Әли (ғ.с.): «Ораза тұтушылардың көбі аштық пен шөлге төзімділік білдіруден басқа пайда көрмейді. Түнді ояу өткізушілердің көбінің несібесі тек ұйқысыздық. Бұл қандай өкінішті. Алайда ойлары терең, зерек ораза тұтушылардың ұйқысы қандай әдемі»,- деген.  

Құран бұл екі топ туралы Құран Кәрімнің «Нұр» сүресінің 37-ш аятында: «Өздерін сауда-саттық, Алланың зікірінен, намазды орындаудан, зекет беруден тоспайтын адамдар бар. Олар жүректер мен көздердің қозғалатын күнінен қорқады»,- деп айтылған. Алланы еске алуды материалдық және рухани тіршілігінің негізі санайтындарға керісінше Құран Исламның басында өмір сүріп, ғамалдарының тек сырт көрінісіне ғана көңіл бөлгендер туралы:  «Олар сауданы, ойынды көрген сәтте сол жаққа тарайды да сені тік тұрған бойда тастайды. Оларға: “Алланың қасындағы нәрселер, ойыннан  да саудадан да жақсы. Алла ризық берушілердің жақсырағы” де»,- деді. («Жұма» сүресі, 11-ші аят).

Тәпсірлерде сырт көрініске көңіл бөлген намазхандардың тіпті Алла елшісінің сөзіне қарамастан сауда кереуендеріне қарай асығып, намаз оқитын жерде тек 12 адамның қалғаны туралы айтылған. Сөйтіп сырт көзге олар намаз оқуға жиналғанымен олар ғибадаттың маңыздылығы мен жұма намазының саяси әрі діни рөлін түсінбей, Пайғамбардың (с.ғ.с.) уағыздарынан кетіп, материалдық мақсаттарына жетуге асыққан. Алайда егер олар жұма намазына хабардар түрде жиналғанда еш уақытта оны тастап кетпейтін еді. Құран бұл оқиғадан біз сабақ алып, қазіргі тіршілігіміз бен келешек ұрпақ илаһи міндеттерін үшін үлгі болсын деген мақсатпен баяндады.