Рамазан 2020: Құран жолдаулары (2)
Құранның жіберілу мақсаттарының бірі – адамдарды зұлмат пен надандықтан, шірк пен күпірліктен, дұрыс жолдан бұрмалап, құлдырататын адамгершілікке жат кез келген қылықтан құтқару.
Адамды дұрыс жолға нұсқаушы әрі құтқарушы Құран Кәрім Алла тарапынан жіберілген көптеген жолдаулар мен уәделерге ие болғандықтан мүмінді соларды орындауға шақырады. Құран жолдаулары адамдарды діни негіздер мен дана сенімдерге табанды болуға жігерлендіреді. Соның нәтижесінде ахлақ, әлеумет, мәдениет, саяси және экономика салаларындағы қадір-қасиет жарқырайтын тіршілікке ие боламыз.
Құранның жіберілу мақсаттарының бірі – адамдарды зұлмат пен надандықтан, шірк пен күпірліктен, дұрыс жолдан бұрмалап, құлдырататын адамгершілікке жат кез келген қылықтан құтқару.
Пайғамбарлар адамды білім мен хабардарлыққа, таухид пен адамның материалды және рухани бақытты тіршілігіне қажет құндылықтарға қарай жетелейді. Құран Пайғамбарға (с.ғ.с.): «Бұл Құран адамдарды Алланың рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ, үстем әрі мақтауға лайық Алланың жолына шығаруың үшін біз саған түсірген бір Кітап»,- деді. («Ибраһим» сүресі, 1-ші аят).
Құран мәдениеті бойынша адам кемелдіктің жоғары деңгейіне жете алатын немесе адамгершіліктің ең төмен сатысына құлдырайтын мүмкіндікке ие. Адам өз тағдырын өзі шешуі керек. Құран адамды Алланың жердегі халифасы деп таныстырады. «Анғам» сүресінің 165-ші аятында: «Ол сондай Алла, сендерді жердің халифалары етті. Сендерге берген нәрселерде сынау үшін дәрежелерде біріңді-біріңнен жоғары көтерді», - деп айтылды. Бұл негіз бойынша, адам басқа жаратылыстардан жоғары және ерекше қадір-қасиетке ие. Адам өз болмысы мен қадір-қасиетін түсініп, еңбегі және талпынысымен жерді өркендетіп, өз еркімен бақыт жолын таңдап, соған қарай қадам басады.

Алла Тағала «Зүмәр» сүресінің 17-18-ші аяттарында өз еркімен иман жолын таңдайтын адамдарға: «Сондай пұттан, оларға табынудан аулақ болғандар, сондай-ақ Аллаға ынтамен бой ұсынғандар үшін қуаныш бар. Сонда құлдарымды сүйіншіле. Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесетіндер, міне солар, Алла өздерін тура жолға салғандар. Ал міне солар, ақыл иесі»,- деді. Алла Тағала бұл аятта пенделеріне біріншіден хабарды жеткізіп, оларды мүмін деп таныстырады. Олар шындықты білгісі келеді. Оны көрген кезде бүкіл болмысымен қолдайды. Құран бұл аятта бірнеше маңызды жайтты еске салады: олардың сөзін зерттеу қажеттігін, ниеті бұрыс сөздерге құлақ салуға болмайтынын, адамның әртүрлі наным-сенім мен қоғамдық пікірді сараптай алатынын, илаһи ғылымды ойланбай орындаудан бойтартуды, Алланың нұсқауына бағынып, шындықты білуге талпынуды. Құран шындық айтылған кезде құлағын жабатын надандарды айыптайды. Хазірет Нұх Жаратушыға жалбарынған кезде: «Расында мен оларды Сенің бағыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды»,- деді. («Нұх» сүресі, 7-ші аят). Алла елшісінің кезінде де кейбіреулер Құран аяттары әсер етпеуі және шындықты естімеу үшін құлақтарын саусақтарымен жапқан. Пайғамбар (с.ғ.с) адасқандар мен мүшіріктерді дұрыс жолға нұсқап, олардың шындықты естігісі келмейтіндігінен шаршайтын. «Зүмәр» сүресінің 19-шы аяты бұл әлемнің азаттық және сынақ әлемі екенін еске салып: «(Мұхаммед Ғ.С.) өзіне азап лайық болу сөзі бекіген біреуді және тозақтағы біреуді сен құтқарасың ба?»- деді. Әртүрлі мазхабтар өз жақтастарын басқалардың сөзін зерттеуден бас тартуға шақырады. Өйткені олар өз қисындарының әлсіздігінен басқалардың қисыны артығырақ болып, жақтастарынан айырылудан алаңдайды. Ал Ислам Алланың адал пенделерінің алдынан дарбазаны ашық қалдырып, басқалардың сөзін тыңдаудан қорықпайды. Негізінде қисыны мықты мектеп басқалардың сөзі мен олардың мәселелерін баяндаудан қорықпайды. Қорқатындар – әлсіздер мен қисынсыздар.
Даналық пен ақыл – адамның жақсылық пен жамандықты ажыратуы үшін ең маңызды қадір-қасиет. Ақылдың күшімен ырымшылдық пен қырсықтықты жеңіп, ой-пікірдің тұйыққа тірелуінен құтқарылуға болады. Шындықты білгісі келетіндер оны қай жерден тапса да, өз ақылы мен хабардарлығына сүйеніп, қолдайды. Олар шындықтың мөлдір бұлағынан шөлдерін қандырады. Сол себепті шындықты талап ету адал мұсылмандардың белгілерінің бірі саналады. Расында иман келтірген пенделері Алланың жақсылық жасауға шақыруын қабылдайды. Жақсылық жасауды қабылдау – уәһи мен Алла елшісінің шақыруын қабылдау, одан маңыздысы Алланың бұйрықтары мен тағылымдарын орындау. Хазірет Әли (ғ.с.) әр ағзаның міндеті туралы айтып, құлақтың міндетіне тоқталып, «Зүмәр» сүресінің 18-ші аятын оқыған: «Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесетіндер, міне солар, Алла өздерін тура жолға салғандар. Ал міне солар, ақыл иесі».