Исламдағы ахкам философиясы (4)
Намаз – діннің тірегі. Егер намаз қабыл болса, басқа ғамалдар да қабыл болады.
Хабардар түрде Аллаға иман келтіріп, илаһи ғибадат жолында қадам басқан адам бәрінен бұрын намаздың маңызды екенін біледі. Әсіресе намаздың барлық илаһи пайғамбарлардың жолы болуымен бірге пайғамбарларды жіберген Жаратушының тікелей бұйрығы екенін біледі. Ұлы Алла Исламның ұлық пайғамбарына былай деген: «Сондай иман келтірген құлдарыма айт: “Намазды толық орындасын. Сондай-ақ, бір нәрсені айырбастауға және достық болмайтын бір күннің келуінен бұрын өздеріне берген несібемізден тиісті орынға көрнеу, көмес жұмсасын”». («Ибраһим» сүресі, 31-ші аят). Бұл аяттан шынайы намазханның Жаратушымен, сондай-ақ, халықпен қарым-қатынас орнатуының арқасында мұқтаждар мен мақұрымдардың қиындықтары мен қажеттілігін сезіп, көмектесу арқылы олардың қиындықтарын шешеді деген нәтижеге жетеміз. Жауапкершілікті түсінетін намазхан өзін Алланың пендесі деп санауымен бірге ғибадат амалдары мен мақұрымдарға көмектесуі оның ақыреті үшін қор болып жиналатынын жақсы біледі.
Алла мен ақыретке иман келтіру кең таралып, адамда жауапкершілік рухы жанданған кезде намаздың маңызы артып, адамдарға материалдық және рухани қолдау көрсетіледі. Мейірімді Алла мұндай амалды сыйсыз қалдырмайды: «Әй, мүміндер! Алладан қорқыңдар. Егер сенсеңдер өсімнен қалып қалған (аласыларыңды) қалдырыңдар (алмаңдар)»,- деді. («Бақаре», сүресі, 278-ші аят). Шын мәнінде намаз адамды Жаратушыға жақындатып, адамның рухы мен психикасына тыныштық әкеледі. Бөгделер үшін бұл кеңістік түсініксіз. Алла намазды адамға уәжіп етті. Бұл туралы: «Мен уәжіп еткен намаздай еш нәрсе адамды Маған жақындатпайды»,- деді.
Намаздың рөлі мен жетістіктерінен хабардар болған сайын сол мөлшерде оның маңызы мен рөлін түсінетін боламыз. Намазды өзінің жарық шырағы деп білген және илаһи ғибадатқа ғашық болған Алла елшісі намаз туралы: «Намаз илаһи діннің ахкамының бірі; Жаратушының ризалығы оған байланысты, сондай-ақ, намаз пайғамбарлардың жолы. Періштелер намаз оқитын адамды жақсы көреді. Намаз – Аллаға иман келтіретін бағыт және адамды танытатын нұр. Намаз ырзық пен ұжданның тыныштығына, шайтанның наразылығына себеп, кәпірлерге қарсы қару болып табылады»,- деген болатын. Ислам мәдениетіндегі намаздың орнын белгілейтін ерекшеліктердің бірі мәңгілік әлемдегі тағдырды шешетін негізгі рөлі саналады. Намаз адамның сенімі, ахлағы, тәрбиесі, руханияты, жеке және қоғамдық әрекеттерінің көрінісі болып, оның Ислам негіздеріне табандылығын көрсетеді. Намазға ерекше көңіл бөлген Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Есептелетін бірінші ғамал намаз болады. Сондықтан егер намаз қабыл болса, басқа ғамалдар да қабыл болады. Егер намаз қабыл болмаса, адамның басқа ғамалдары да қабыл болмайды»,- деп ескерткен. Мүмкін, осыған орай намаз діннің тірегі саналып, дін мен құндылықтарға әсерін тигізетін болар. Намазды тек әдет ретінде оқумен қанағаттануға болмайды. Оның адамды кемелдікке жеткізетін рөлін ұмытпау керек. Құран аяттары мен рауаяттарда намаз оқып, оны мәдениеттендіру насихатталған. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) намаздың маңызды рөлі туралы: «Намаз – діннің тірегі. Ол шатырдың тірегі сынды. Егер тіректері тұрақты және мықты болса, басқа жерлері де табанды тұрады. Егер осал болса, басқа жерлері де құлайды»,- деген. Сондықтан намаз жеңіл қарайтын міндет емес. Егер илаһи кеңістікке хабардар түрде, ықылас, ақ ниетпен жақындаса қоғамды өзгертіп, бірлік пен достыққа қарай негізделіп, ғибадат мәдениеті қалыптасады.