Қадір түні: Аспандықтардың қонағы (3)
Қадір түндерін ояу, ғибадат жасап өткізу – бұл түндердің ең маңызды амалдары. Келесі Қадір түні Рамазан айының жиырма үшінші түнінің маңыздылығы туралы имам Хасан Аскари (ғ.с.): «Егер басқа түндерді ояу, ғибадат жасап өткізе алмасаң, жиырма үшінші түні талпыныс жасап, одан айырылма»,- деген.
Қадір түні адамның бір жылының тағдыры белгілі болатындықтан, бұл түнді ғибадат жасап, Аллаға жалбарынып өткізу керек. Келесі жылдың тағдыры анықталатын түнді ұйқыда, хабарсыздықта өткізу дұрыс емес. Қадір түні – мұсылмандар қадірлейтін, хабарсыздар оны түсінуден мақұрым қалған түн. Жаратушының рақымын пайдалану үшін бұл айдың түндері мен күндеріне немқұрайдылық танытуға болмайды. Исламның ұлық пайғамбары: «Қасиетті күндер мен илаһи рақымның самал желі кезінде хабардар болып, самал желдің алдында тұру керек»,- деді. Қасиетті Рамазан айы жылдың басқа айларынан артық, өйткені бұл Алланың айы. Бұл айда құлдары Оған қонаққа барады. Қасиетті Рамазан айының түндері мен күндерінің ішінде Қадір түндері ерекше маңызға ие. Қадір түні – жүректер нұрланатын орталық. Бұл түндері Алланың пенделері әлем Жаратушысымен сырласып, ерекше көңіл-күйге бөленеді. Қадір түндерін ояу, ғибадат жасап өткізу – бұл түндердің ең маңызды амалдары. Келесі Қадір түні Рамазан айының жиырма үшінші түнінің маңыздылығы туралы имам Хасан Аскари (ғ.с.): «Егер басқа түндерді ояу, ғибадат жасап өткізе алмасаң, жиырма үшінші түнде талпыныс жасап, одан айырылма»,- деген.
Бұл түндерді пайдаланғысы келген адам Алланың ашуына себеп болатын істерден тартынып, Алланың алдында қарапайым болуды үйреніп, түнде мұстахап намаздарын, дұға мен Құран оқуы керек. Құранның «Духан», «Әнкабут» және «Рум» сүрелерін оқып, ата-ананың перзентіне жақсылық тілеуі, перзенттің ата-анасына жақсылық жасауы мен Алланың ризалығына ие болу насихатталады. Дұға – адамның рухын тазартатын мұрсат. Алладан тілеу адамның үмітін жаңғыртып, Аллаға жақындатады. Имам Саджад (ғ.с.) Қадір түні дұға тілеуге ерекше назар аудартқан. Имам өз дұғаларында бақытты болуға себеп болатын нәрселерді сұрап, Алладан Қадір түні Онымен сырласуға мұмкіндік беруді сұрады. Имам Садық (ғ.с.) да: «Көп дұға жасаңдар, дұға – рақымның кілті»,- деген.
Рамазан айы – Құран түскен ай. Қадір түні - Құран Кәрімнің бүкіл рухы Алла елшісіне (с.ғ.с.) түскен түн. Ораза ұстаған мүміндер Қадір түні Алланың кітабін ашып, басына қойып, оны шапағатшы етеді. Олар Құранның мағынасы туралы ойлап, оның құндылықтарын өмірлерінің бүкіл салаларында қолданады. Имам Садық (ғ.с.) бұл түндердің қадір-қасиеті туралы: «Илаһи рақымның есіктері пенделердің алдынан ашылады»,- деді. Қиындықтарды шешіп, материалдық және рузани тілек-талаптарға жету үшін Алладан күналарын кешіруді сұрап, тәубеге келу – оған немқұрайдылық етуге болмайтын ғамалдар.
Қадір түні құияларға толы. Бұл түнді ояу өткізетіндер оларға көңіл бөлуі керек. Бұл түндер – ояу отырып, ғибадат жасап, Алламен сырласатын кезең. Қадір түні діни парасаттылықты білдіреді. Бұл түндер келешекке назар аударттырып, адамның келешегін қалыптастырудағы рөлін қуаттайды. Рамазан айының он тоғызыншы түніндегі амалдарымыз тағдырға бағынады. Біз пәк имамдарға (ғ.с.) тавассул ету, кешірім сұрау және жақсылық жасау шешімімізбен сол тағдырға әсер ете аламыз. Амалымыз біздің ниет, талап және тілегімізге сай қалыптасады. Қасиетті Рамазан айының жиырма бірінші түні – амалдарымыз тұрақтанатын уақыт. Біз өз тағдырымызды анықтамас бұрын, ниет және ерік-жігерімізбен, сондай-ақ, дұрыс тілегімізбен тағдырды өзгерте аламыз. Ең маңызды Қадір түні саналатын жиырма үшінші түні тағдыр бекітіледі.
Қадір түндері, әсіресе жиырма үшінші түн – Аллаға жалбарыну және пәк имамдардан (ғ.с.) көмек сұрау арқылы адам өз тағдырын өзгерте алатын түндер. Сондықтан бұл түндері тәубеге келіп, Аллаға жақындай алған адам бұл сәттерді пайдаланып, Жаратушыдан адал амал, өмір, береке, халал ырзық, бұл дүние мен ақыретте бақытты болуды сұрауы керек.
Шейх Келинидің «Усул кафи» кітабында пәк имамның (ғ.с.) рауаяттарының бірінде имам бір адамға: «Біздің велаятымызды қарсыластарымызға дәлелдеу үшін «Қадір» сүресіне сүйеніңдер. Өйткені Алла елшісінен (с.ғ.с.) кейін имамның қажеттілігінің дәлелдерінің бірі осы сүре»,- деді. Адам таңғалып: «Бұл сүреде имамат пен велаят туралы ешнәрсе айтылмаған. Бұл сүрені имамат мәселесін дәлелдеу үшін қалай пайдаланамыз?»- деп сұрайды. Хазірет: «Қарсыластардан сұраңдар. Қадір түнінде періштелер кімнің қасына түседі?». Осы кезге дейін Қадр түнінде періште қасына түскені туралы айтқан адам болды ма? Ешбір адам Қадір түні періштені сезді деп айта алмайды. Құран Кәрім «Қадір» сүресінің 4-ші аятында: «Періштелер және Жебірейіл (ғ.с.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі»,- деді. Яғни бұл түнде періштелер Алланың рұқсатымен барлық істі жасау үшін түседі. Сол себепті Пайғамбардан (с.ғ.с.) кейін періште түсетіндей адам болуы керек. Әрине ол имам Мәһдиден (ғ.с.) басқа ешкім бола алмайды»,- деді.
Уа, Алла! Жердегі халифатың мен имам Мәһдидің (ғ.с.) келуінің куәсі болу үшін біздің жүректерімізді нұрландырып, көзімізді көретін, құлағымызды еститін ет. Уа, мүміндердің басшысы! Біз жүрегіміздің қаралығынан қорқамыз, шайтаннан алыстауға талпынамыз, Жаратушының кешірімі мен өзіңіздің тілегіңіздің нұрынан үміттенеміз.
Қасиетті Рамазан айындағы, әсіресе Қадір түндеріндегі ғибадаттарыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын.