Құлшылық салтанаты (2)
(last modified Sun, 24 May 2020 15:11:11 GMT )
Maм 24, 2020 21:11 Asia/Almaty
  • Құлшылық салтанаты (2)

Ораза айт – әлемдегі барша мұсылмандардың мерекесі. Бұл күні мұсылмандар бір ай бойы ораза ұстап, Құдайды еске алып, ғибадат етіп, өз-өзін тыйғаннан кейін илаһи нұр мен рақымды қабылдауға дайын жүрекпен намаз оқып, түрлі жиындарда бас қосып, исламның ұлылығын одан ары арттыра түседі.

Армысыздар, ағайын! Ораза айтына арналған екінші бағдарламамызды назарларыңызға ұсынамыз. Қасиетті Рамазан айы – тақуалық дастарханынан дәм тату үшін берілген қонақасы. Осы илаһи қонақасының соңы Ораза айт – бас ұрып, құлшылық етуде сәттілікке жету мейрамы, тәубеге келіп, нәпсіні тазарту мерекесі, түні бойғы зікірдің мейрамы, өзімшіл талап-тілектерді ауыздықтау мерекесі. Ораза айт – қапыда қалу отынан құтылып, нәпсі шырмауынан құтқарылу мейрамы. Хазірет Хақтың қонақтары! Айт құтты болсын! Рамазан айының илаһи терезелерінен төгілген Ораза айттың хош иісі таза болмысымызға бойлап сіңсін!

 

Ораза айт – әлемдегі барша мұсылмандардың мерекесі. Бұл күні мұсылмандар бір ай бойы ораза ұстап, Құдайды еске алып, ғибадат етіп, өздерін тыйғаннан кейін илаһи нұр мен рақымды қабылдауға дайын жүрекпен намаз оқып, түрлі жиындарда бас қосып, исламның ұлылығын одан ары арттыра түседі.

Ораза айт – жүрегінде иманы бар адамдардың тағдырына өзгеріс енгізіп, үміт сыйлайтын илаһи күндердің бірі. Осы ұлы күн мұсылмандарды біріктіруге және олардың жігерін нығайтуға жағдай жасайды. Бұл күні ислам қайта тіріледі. Алланың құлдарына иман мен қуаныш рухы беріледі. Бұл күн – діннің салтанаты көрініс тауып, адам шынайы болмысына қайта оралып, ақырында Хақты іздеушілердің ұлы джиһадта жеңіске жететін күні.  Бұл күні мұсылмандар Рамазан айы түндері мен Қадір түндерінде жасаған ғибадаттары кезіндегі сөзбен айтып жеткізу қиын құлшыныс пен Құдаймен байланыстың ең әдемі мезеттерінен босап, Ораза айт күнгі жиында сап түзеп, өздерінің бірлігі, бауырластығы мен жанашырлығын білдіріп, тағы да шайтан мен шайтан сипаттыларға соққы беріп, өздерінің діни бауырларына қосылып, Алла Тағалаға жалбарынып, көмек сұрайды.

 

Бұл айт – дүниеуи және материалдық мерекелердің бірі емес, Алланың рақымы мен кешірімі болатын мейрам; халықтың мықты денсаулықпен салтанатты илаһи қонақасынан дәм тата алғаны үшін және Рамазан айында өздерінің хал-қадірінше Құдайды еске алып, дұға тілей алғаны үшін алғыс айтатын мереке; бұл айт – ғибадат пен тақуалық кезеңінен өтіп, Алланың кешірімі мен сыйынан үміттеніп, Ораза айтқа жеткен мұсылмандардың мейрамы.Ораза айт – арнайы намаз, құтпалар мен жиындар қалыбында ислам діні негіздеріне қайта шолу жасауға берілген мұрсат. Сол себепті Ораза айт намазы кезіндегі құныт дұғасында мүміндер Алла Тағаладан былай деп айтады: «Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) болмысы үшін бұл айт – қор, абырой құралы, адамшылық құралы. Және оның биік те қастерлі мәртебесін көрсетеді».Ораза айт намазына қатысу үшін мешітке қарай асыққан адамдардың қалың нөпірі Құдайға табынып, құлшылық жасау үшін қайта тіріліп, лек-легімен Алланың қасиетті тұрағына қарай ағылған тіршілік иелерін еске түсіреді. Мүміндердің әмірі имам Әли (ғ.) Ораза айт намазында айтқан құтпасында мүміндерге жақсы хабар беріп: «Уа, халайық! Бұл сендердің күндерің. Бұл күнде қайырымдылар сый алады, ал зиянкестер мен қылмыскерлер өкініш пен үмітсіздік сезеді. Бұл күн қиямет күніне қатты ұқсайды. Сондықтан үйден шығып, Ораза айт намазы оқылатын жерге қарай қадам басу қабірден шығып, Жаратушыға қарай аттануды, намазда сап түзеп тұру Алла Тағаланың алдында тұруды еске түсіреді. Өз үйлеріңізге қайтып оралу арқылы сіздердің жәннаттағы үйлеріңізге қайтуларыңыз көрсетіледі. Уа, Құдайдың құлдары! Ораза ұстаған әйелдер мен еркектерге берілетін ең кішкентай сый мынадай: Рамазан айының соңғы күнінде періште «Сүйінші, уа, Алланың пенделері! Жасаған күнәларың кешірілді. Сондықтан болашақ туралы, қалған күндеріңді қалай өткізетіндерің жайлы ойланыңдар» дейді»,-деген.Рамазан айы барысында жүректер жұмсарады, рухтар жарқырап, жаңғырады. Адамдар Алланың рақымы берілетін жолға қадам басуға әзірленеді. Әрбір адам өзінің талпынысына қарай илаһи қонақасынан дәм татады.  Ораза айт – адамның Рамазан айында қол жеткізген жетістіктерін пайдаланып, теріс жолдан бас тартып, Алланың тура жолына түсе алатын күн. Адам бір ай бойы Аллаға құлшылық етуге жаттыққаннан кейін Құдайдың барын тереңірек түсініп, шайтанның азғыруларынан арылып, өзінің амал-әрекетіне көбірек көңіл бөледі.Есте сақтайтын бір жайт – Рамазан айында қол жеткізген жетістіктерді сақтау. Біріншіден, адам сәттілікке қол жеткізгеннен кейін оны сақтап, дұрыс жолға жұмсауға талпынуы тиіс. Екіншіден, адам өзіне қандай нығмет берілгенін түсінгеннен кейін бұл капиталдың дұшпаны барын, шайтанның әрдайым тасада тың тыңдап тұратынын білуі тиіс. Ол капиталдың ең негізгісі тақуалықты адамнан алуға әрекет етеді. Егер адам қолына не түскенін түсінбей, қапыда қалса, күнә жасау қатеріне ұшырайды.Рамазан айы – дайындалу мерзімі, айт – ғамалды бастайтын күн. Айт күні жаңа адам өзінің таза өмірін бастайды. Бұл адамның болмысының тұңғиығы бұрынғы адамнан бөлек. Ол бір ай бойғы ғибадат пен жаттығу нәтижесінде көбірек әрі тереңірек сенім және ауқымдырақ түсінікпен өмір сүреді. Ол оразаның нәтижесінде тұнығырақ сезімге ие болады.  Ораза оны жапа шеккендердің дерті мен машақатымен таныстырды. Ол илаһи жаттығу кезінде алған күшімен қозғалады. Сондықтан оның тұрақтылығы мен табандылығы артты. Адам өз бойынан сезінген терең өзгеріспен Ораза айт күні таңертең пітір садақасын төлегеннен кейін мұқтаж жандарды естен шығармағанын білдіріп, Алланы еске алып, намаз оқиды. Осы илаһи сынақтан жеңіспен шыққанына шүкірлік етіп, қуаныш мерекесін тойлайды.

 

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ораза айтты әрбір мұсылман адамның рухани өмірінің қайта басталатын күні деп атап: «Әрбір Ораза айт қырағы мұсылман адам үшін шынайы мейрам бола алады. Ол күні ағаштар мен өсімдіктер көктейтін көктем мезгіліндей рухани өмір қайта басталады. Жыл бойы түрлі күнәлар мен ластықтарға ұрынған,  нәпсі мен жағымсыз сипаттар салдарынан өзін біртіндеп Алланың рақымынан алыстатып алған адам жыл сайын Жаратушы тарапынан арнайы мүмкіндікке болады. Бұл мұрсат – қасиетті Рамазан айы»,-деді.Рамазан айы – адамның таза болмысына қайта оралу және нәпсіқұмарлықтан азат болуға жаттығу айы. Мұсылмандар Ораза айт намазында ашық аспан астында сәждеге бас қойып, тәкбір айтып, Алланың бірлігін мадақтайды. Мұхаммед пен оның әулетіне салауат айту арқылы ислам пайғамбары мен әулетіне ықыластарын білдіреді. Барша мұсылман таза дін үшін осы жауһарларға қарыздар. Аллаға тәкбір айтып, Мұхаммед пен оның әулетіне салауат жолдайтын бұл ұлы күн – бір жағынан адам мен ғаламды Жаратушыға алғыс пен мадақ айтатын, екінші жағынан пайғамбарлар мен илаһи әулиелерді қадір тұтып, оларға адалдық жариялап, қолдау білдіретін күн. Олар адам мен Құдай арасында байланыс орнатып, осы жолда өмірлерін пида еткен.Мүміндердің әмірі имам Әли (ғ.) Ораза айт күнгі құтпаларының бірінде Алланы мадақтап, илаһи жолдауларға жағдай жасағаннан кейін ең маңызды илаһи жетістіктерді санамалап, айт намазына қатысушыларға негізгі үкімдерді үйреткен. Шейх Саддуқ имам Әлидің (ғ.) Ораза айт құтпаларын баяндауда былай деген: «Алла Тағала бұл күнді сіздер үшін мереке деп белгіледі. Сіздерге оны түсінуге лайық етті. Сондықтан сіздер де  Құдайды шүкірлікпен еске алыңдар. Сонда Ол сіздерді еске алады. Одан тілеңдер, сонда тілектеріңді орындайды».   Жаратқан ие! Бір ай қонағың болғанымыз үшін, таң сәріде махаббатпен сенімен сөйлесуге рұқсат бергенің үшін Саған алғыс айтамыз. Енді шаууал айының бірінші күнін айт қылғаның үшін рахмет! Рамазан айында қол жеткізген бір айлық жетістіктерімізді сақтауға және осы нығметтердің қадірін білуге жәрдемдесуіңді тілейміз.