АҚШ – кемсітушіліктер империясы (3)
АҚШ үкіметінде қалыптасқан нәсілшілдік пен кемсітушілікке қарсы қара нәсілділердің наразылығы жалғасып жатыр.
АҚШ қара нәсілділері ел қоғамындағы полиция зорлық-зомбылықтарының ең көп құрбандарын құрайды. Тек соңғы жылдары АҚШ полициясының қара нәсілділерге қарсы көптеген зорлық-зомбылығы туралы хабарлар кең таралған хабарлар болды.
1992 жылы Лос-Анджелес полициясының оған қарсы жабайы қатынасы қаладағы наразылықтар мен тынышсыздықтарға себеп болған қара нәсілді Родни Кингтің суға батқан мүрдесі 2012 жылдың шілде айында бассейндердің бірінен табылды. Бұл хабар АҚШ ақпарат құралдарының айдарларының біріне айналды. 47 жастағы Роднидің күдікті өлімі қоғамдық пікірдің ойындағы полицияның өткен жылдардағы оған қарсы зорлық-зомбылық қолданған ащы оқиғасын жаңғыртты. 20 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 3 наурыздың кешінде Лос-Анджелес полициясының Родни Кингке жасаған шабуылы АҚШ-та ең үлкен наразылықтардың біріне себеп болды. 1992 жылы Родни Кинг үйіне бара жатқан жігіт болған. Ішімдік ішіп алған төрт полиция Родниді келмеждеп, жолын жауып, ұрып-соғып, теуіп, шала жансар күйде тастап кетеді.
Сол түні үйінің терезесінің сол рақымсыз оқиғаны көрген Лос-Анджелес тұрғындарының бірі кейбір көріністерді видеоға түсіріп, ақпарат құралдарына тапсырады. Кинг адамдардың көмегімен ауруханаға жатқызылған кезде тараған видео наразылықтарға себеп болды. Ұрып-соққан полиция қызметкерлері анықталып наразылықт толқынын одан сайын артырды. Өйткені штат Соты төрт полицияның олар қалжыңдап, алкоголь ішкендіктен, әзілдерінің салдарын байқамады деген уәждеріне сүйеніп, оларды ақтауға шешім қабылдады. Бұл әділетсіз шешім Лос-Анджелес қаласы халқының ызасы мен наразы шерулеріне себеп болды. Полиция оларды басып-жаншу үшін бар күші және қарумен көшеге шығып, қорғансыз халықты рақымсыздықпен қырып-жойды. Лос-Анджелес халқының наразылықтары алты күннен кейін 55 адамның өлімі және екі мыңнан астам адамның жарақат алуымен ұлттық гвардия мен АҚШ армиясы теңіз күштерінің араласуымен басылды.
Басқа оқиға 1999 жылдың шілде айында болды. Чикагода көліктің ішінде ұялы телефонмен сөйлесіп отырған қара нәсілді 19 жастағы бойжеткен Латания Хаггерти полицияның оғынан қаза болды. Бұл полиция да өлген адамның ұялы телефонын қару деп ойлағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл оқиғадан бір күннен кейін мектебінің футбол командасына жеткісі келген қара нәсілді Роберт Расты көліктен шықпағаны үшін Чикаго полициясы өлтірді. Бұл полиция да қара нәсілділерді ешбір дәлелсіз өлтірген АҚШ-тың басқа көптеген полициялары секілді сотта ақталды.
Нью-Йоркте достарымен бірге көшеде жүрген қара нәсілді жасөспірім Данте Джонсонды АҚШ полициясы артынан атып өлтірді. Полицияның қара нәсілділерге қарсы зорлық-зомбылығының келесі мысалы ретінде 1992 жылы Детройт полициясы құрықтаған қара нәсілді Мелис Гриннің олардың ұрып-соғуы салдарынан өлгенін атауға болады. Ол жол полициясы учаскелерінің бірінде қамауға алынды. 1997 жылы Нью-Йорктің полиция офицері Джастин Волп қате тұтқындаған Абнер Лайма офицердің азап-қорлығымен бетпе-бет келді. Нью-Йорк полициясы бұл оқиға әшкереленбеу үшін үлкен талпыныс жасады. Бірақ соңында оқиға қоғамдық ақпарат құралдарында әшкереленді. 2006 жылы Арканзас штатының Вест-Форк (West Fork) қаласында 21 жастағы сал ауруына шалдыққан қарусыз қара нәсілді Джозеф Хэмлиді полиция офицері Ларри Норман өлтірді. 2008 жылы денесінің төрт ағзасы сал ауруына шалдыққан қара нәсілді мүгедек Брайан Стернер жол заңын бұзғаны үшін Флоридадағы полиция орталығына жеткізіліп, офицер оны отырған мүгедектер арбасынан құлатып, денесін тексеруге кірісті. Бұл адамгершілікке жат әрекеттің видеосы әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарда жылма таралып, АҚШ полициясының түрмелердегі мүгедек адамдармен қатынас орнату әдісіне деген алаңдаушылық артты.
2005 жылы Катрина дауылы кезінде қара нәсілді зейнеткер мұғалім Роберт Дайвисті Жаңа Орлеан полициясының ұрып-соғуы – АҚШ полициясы қатыгездігінің тағы бір мысалы. Бұл оқиға туралы жарияланған видеодан екі полицияның Дайвисты ұстап тұрғанын және басқа екі полицияның оны ұрып-соққанын көруге болады. Жаңа Орлеан полициясының зорлық-зомбылығын Associated Press журналистерінің бірі түсіріп, жариялаған.
2014 жылы Миссури штатындағы Фергюсон қаласында АҚШ полициясының зорлық-зомбылығына қарсы ең үлкен наразылықтардың бірі болды. 2014 жылы қара нәсілді жасөспірім Майкл Браунды өлтірген ақ нәсілді полиция офицері Дарн Вилсонды сот ақтаған соң Фергюсон кең ауқымды наразылықтармен бетпе-бет келді. Бұл наразылықтар басқа қалалар мен штаттарға жылдам таралып, бірнеше күннен кейін АҚШ-тың түкпір-түкпіріне жетті. Фергюсон мен әсіресе Миссури штатының басқа кейбір қалаларындағы наразылықтар күшейіп, халықты басып-жаншу үшін аймаққа АҚШ ұлттық гвардиясының күштері жіберілді. Наразылық кезінде шерушілер АҚШ полициясының, соты мен үкіметінің нәсілшілдігіне қарсы ұрандар айтып, тіпті кейбір қалаларда АҚШ-тың туын өртеді. АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама Фергюсондағы тынышсыздықтар мен бүліктерге реакция білдіріп, "ғимараттар мен көліктерді өртеп, қоғамдық мүлікті қиратып, халықтың қауіпсіздігін қатерге тіреуді ақтауға болмайды" деп қуаттап, тынышсыздықтарға себеп болғандарды заңға сай жауапқа тартуды талап етті.
Бірақ Фергюсондағы бейберекеттік келесі жылға дейін жалғасты. Содан бері жыл сайын бұл қалада Майкл Браун күні тынышсыздықтар мен қақтығыстар болады. 2014 жылдың тамыз айында қара нәсілді жасөспірім Майкл Браунды Фергюсонда полиция өлтіргеннен бірнеше күннен кейін АҚШ полициясы бұл жолы Лос-Анджелесте оқ атып, басқа қара нәсілді жігіт Изель Фордты өлтіргенін көрсететін видео шықты. Бұл жігіттің өлімінің әшкереленуі АҚШ-та кең ауқымды әрі қатыгез наразылықтарға себеп болды. Бұл және одан кейінгі жылдардағы оқиғалар АҚШ полициясының түрлі нәсілділерге қарсы қатыгездігінің азаймағанын және үкіметтің наразыларды басып-жаншудан басқа ешбір шара қолданбайтынын дәлелдеді. Бұл салада нәсілшілдікке қарсы АҚШ белсенді тобының басшысы Джи Джонсон: «АҚШ полиция күштерінің әрекеттері жақсарған жоқ. Расында Майкл Браунға оқ атылғаннан кейін зорлық-зомбылық әрекеттер артып, әлемдіктердің назарына түсті. Бұл жағдайда полицияның әрекеттері жақсарды деп қалай айтуға болады? Полиция әрекеттері керісінше одан сайын нашарлады»,- деді.
Полицияның зорлық-зомбылығы мен қылмысынан гөрі АҚШ-тағы қара нәсілділердің ызасына ел соттарының әділетсіз шешім қабылдап, қылмыскер полиция қызметкерлерін ақтап, жәбір көрген қара нәсілділердің зиянына шешім қабылдауы себеп болуда деген ой туады. Басқаша айтқанда, қара нәсілділер АҚШ үкіметінде қалыптасқан нәсілшілдік пен кемсітушілікке наразылық білдіруде. Негізінде қара нәсілділерге қарсы полицияның зорлық-зомбылығы АҚШ билігіне демократтар мен республикашылардың келуіне қарамастан жалғасуда. Көбінде соттар ақ нәсілді қылмыскер полицияларды тіпті жауапқа тартып, айыптау керек деп санамайды.