Шіл 08, 2020 20:38 Asia/Almaty
  • АҚШ – кемсітушіліктер империясы (6)

Статистика бойынша АҚШ-та 6-10 миллион мұсылман өмір сүреді. Исламдық топтар мен мұсылмандар құқыларын қорғайтын ұйымдар басшыларының мәліметінше, бұл елдегі мұсылмандар саны 10 миллионға жуықталады.

 

АҚШ-тағы аз санды топтардың бірі – мұсылмандар тобы. Олардың  саны статистикамен айналысатын ғылыми-зерттеу институттар арасындағы ең даулы тақырыптардың бірі болып табылады. Статистика бойынша АҚШ-та 6-10 миллион мұсылман өмір сүреді. Исламдық топтар мен мұсылмандар құқыларын қорғайтын ұйымдар басшыларының мәліметінше, бұл елдегі мұсылмандар саны  10 миллионға жуықталады. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан мұсылмандардың АҚШ-қа көшулерінің және Исламға бет бұрғандар санының артуына қарағанда олардың 10 миллионға жуықталуы қисынды көрінеді. Америкалық мұсылмандар жамағатының көбін бұл елдің бүкіл халқымен салыстырғанда жастар құрайды. АҚШ-тағы  мұсылмандардың 60 пайызға жуығы 18-39 жас аралығында, олардың көпшілігі оқушылар мен студенттер құрайды.

Нәсілдік түрлілік тұрғысынан АҚШ аз санды мұсылман қоғамының 30 пайызы ақ нәсілді, 23 пайызы афроамерикалық, 21 пайызы азиялық, 7 пайызы испан және 19 пайызы басқа нәсілдерден тұрады. Американдық мұсылмандардың көпшілігін бұл елге Оңтүстік немесе Батыс Азиядан көшіп келген иммигранттар немесе олардың перзенттері мен екінші буын иммигранттар құрайды. 2014 жылы басылып шыққан Pew зертеу орталығының мәлімдемесі бойынша, АҚШ-тағы мұсылмандар Батыс Еуропадағы әріптестеріне қарағанда қабылдаушы қауымдастықпен жақындастырылған.

АҚШ-тағы мұсылман иммигранттардың көбі американдық қоғамның мәдени құндылықтары мен негіздеріне жақындауына қарамастан, олар әрдайым кемсітушілік пен полицияның зорлық-зомбылығына тап болды. Бұл зорлық-зомбылықтар соңғы жылдарда артты. Әсіресе АҚШ Конгресінің ресми мәлімдемесі бойынша, Сауд Арабиясы қатысты болған 2001 жылдың 11 қыркүйек лаңкестік оқиғасынан кейін АҚШ полициясының мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылығы көбейді. Америкалық және сионистік режимнің ақпарат құралдары мен саяси орталарының мұсылмандар мен исламдық елдердегі  оқиғалар мен өзгерістер жөніндегі көзқарастарының әсерінен АҚШ қоғамында мұсылмандарға  деген дискриминациялық көзқарас қалыптасты. Кейбір ақпарат құралдар әлемнің түпкір-түпкіріндегі лаңкестік оқиғаларды мұсылмандармен байланыстырып, әлем бойында Исламнан үркіту толқынды көтеруге маңызды рөл атқаруда.

11 қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ мұсылмандары саяси-әлеуметтік салаларды Исламнан үркіту деп атанған жаңа дағдарыспен бетпе-бет келді. Өткен жылдардағы Ирак пен Сириядағы тәкфіршіл-лаңкестік ДАИШ тобының қылмыстары Исламға қарсы саясаттарды күшейтті. Осыған орай Америкадағы мұсылмандардың көбі, яғниақ нәсілді емес мұсылмандар қазіргі кезде екі есе артық қысымның кусә болуда. Өйткені олар дін ғана емес, нәсілдік тұрғыдан да аз сандылар саналады. сөйтіп олар кейде діні, кейде нәсіліне байланысты кемсітушілік және полицияның зорлық-зомбылығымен бетпе-бет келеді. 
 1964 жылы қабылданған және АҚШ-тың сол кездегі президенті Линдон Джонсонмен қол қойылған Азаматтық құқылар заңы бойынша, бұл елде нәсіліне, түсіне, дініне, жынысына немесе тегіне байланысты кемсітушілікке тыйым салынады. Бірақ АҚШ полициясының діни және нәсілдік аз сандыларға қатысты кемсітушілігі мен артып келе жатқан зорлық-зомбылық әрекеті Азаматтық құқықтар туралы заң қабылданғанынан жарты ғасырдан астам уақыт өткенімен,  бұл заңның іс жүзінде  орындалмайтынын  көрсетеді. АҚШ-тың бұрынғы әрі қара нәсілді президенті Барак Обама 2014 жылы Техас штатындағы Линдон Б. Джонсон кітапханасында Азаматтық құқықтар туралы актінің қол қойылғанына 50 жыл толуына арналған салтанатты шарада   бұл елдің ақ нәсілді президенті Билл Клинтонның қасында сөз сөйледі. Алайда іс жүзінде аталмыш заң АҚШ аз сандылары, олардың ішінде мұсылмандар үшін іске асырылмайды. 

АҚШ полициясының зорлық-зомбылығына қарсы шеру

Кейбір сауалнамалар АҚШ халқының жартысынан көбінің Азаматтық құқықтар туралы заңның қабылдануын елдің тарихындағы оң оқиға деп санайтынын көрсетті. Сондай-ақ олардың пікірінше, уақыт өте бұл заңның іске асырылуы жақсарды. 2016 жылғы CBS ақпарат арнасының сауалнамасы американдықтардың 52 пайызы өз еліндегі кемсітушілікті жоюға үмітті көзқараспен қарайтындығын, бірақ 48 пайыздың АҚШ қоғамын кесітушілік билейді деп санайтын көрсетті. АҚШ Конституциясы азаматтардың өз көзқарастарын, діни сенімін және наразылық білдіру құқығына кепілдік бергенімен бұл елдегі аз санды топ саналатын мұсылмандардың құқылары қазіргі кезге дейін бұзылуда. Вашингтонда орналасқан Америка-Ислам қатынастары жөніндегі кеңестің (Council on American-Islamic Relations немесе CAIR) 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі жылдардағы АҚШ мұсылмандардың жағдайы туралы мәліметтері бойынша, 2004 жылы АҚШ-тағы мұсылмандардың азаматтық құқыларының ең көп бұзылғаны тіркеліп, бұл мөлшер 2003 жылмен салыстырғанда 50 пайызға артқан болатын.  2003 жылы мұсылмандардың заңды іске асырушы органдарға қарсы шағымдары бүкіл шағымдардың тек 7 пайызын құрады. 2004 жылы бұл сан 26 пайызға жетті. 2004 жылдағы АҚШ-тағы мұсылмандардың азаматтық құқыларының бұзылуына байланысты шағымдар санының артуы оларды дәлелсіз қамау мен тергеу, үйлерін тінті, көліктері мен мүліктерін тәркілеуге қатысты болды. 2003 жылы АҚШ полициясы мен халқының мұсылмандарға қарсы 1019 рет зорлық-зомбылық жасағаны тіркелді. Бұл сан келесі жылдарда артты. 2012 жылы АҚШ федерал полициясы ҒВІ: «Америка мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылық әрекеттер, олардың азаматтық құқыларының бұзылуының тек бір мысалы. Олардың саны 2009 жылы 107 болса, 2010 жылы 160 артты. Бұл кезеңде еврейлерге қарсы қатыгездік 4 пайызға төмендеді. Халық пен тәуелсіз ұйымдар мәлімдемелеріне, сондай-ақ АҚШ қауіпсіздік күштері мен полициясының көбінде негізгі статистиканы жасыратынына назар аударсақ, бұл елдегі мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылық саны ресми мәлімдемеде жарияланғаннан артық бола алады.   

АҚШ-тың криминология ұйымының зерттеулерінің 2016 жылдың қараша айында «Huffington Post» газетінде басылып шыққан нәтижесі бойынша, бұл елдің 20 штаты мен Нью-Йорк қаласында 11 қыркүйек оқиғасынан кейін Амеркадағы мұсылмандарға қарсы жиіркеніш 89 пайызға артты.   11 қыркүйек оқиғасы және АҚШ-тың Ауғанстан мен Иракқа жасаған шабуылдарынан кейін исламофобияның өсуі, Еуропадағы және АҚШ-тағы 2016 жылғы террорлық шабуылдар және Сирия мен Ирактағы ДАИШ әрекеттерінің АҚШ мұсылмандарына деген өшпенділік қылмыстарының көбеюіне әкелді.



 

American Muslim Civil Rights тобының 2016 жылы басылып шыққан және «Патриотизм сезімі жоқ әрекеттер» деп атанған мәлімдемесі бойынша, полицияның АҚШ мұсылмандарына қарсы қылмыстары 2001 жылдан мәлімдеме басылып шыққан күнге дейінгі мерзімде 121 пайызға өскен. Бұл мәлімдеме 11 қыркүйек оқиғасы мен АҚШ-тың Ауғанстан мен Иракқа жасаған шабуылдары мұсылмандаға қарсы қатыгездіктердің артуына себеп болды. бұл кезеңде Халықаралық Амнистия ұйымының мәліметінше, америкалық кез келген 9 мұсылманның біріне іс қозғалып, АҚШ-тың мемлекеттік және федералдық ұйымдары лаңкестікпен күресуді сылтауратып, мұсылмандарға қарсы бұл кемсітуші әрі қаупті тәсілді қолданған.

Ислам мен АҚШ арасындағы қатынастар жөніндегі кеңес Калифорния, Нью-Йорк, Аризона, Вирджиния, Техас, Флорида, Огайо, Мэриленд, Нью-Джерси және Иллинойс штаттарындағы мұсылмандарға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтың 80 пайыздан астамын үкіметтің Исламды үрейлі көрсетуді жоспарлаған әрекеттерінен туындайды деп тапты. Аталмыш кеңес 2018 жылдың тамызында полиция мен қауіпсіздік күштердің АҚЩ әуежайларындағы заңсыз әрекетері мен қатыгездіктеріне реакция білдіріп, шағым түсіргендері жөнінде хабарлады.

АҚШ полициясының аз сандыларға қарсы қатыгездігі

Исламға қарсы орталардың үгіт-насихаттарымен тұспа-тұс полицияның мұсылмандарға қарсы кемсітушілігі мен зорлық-зомбылығының артуы АҚШ қоғамындағы оңшыл және асыра сілтеуші нәсілшіл топтардың  мұсыландарға қарсы қатыгездіктің артуына себеп болды. Мұндай жағдайда мұсылмандардың АҚШ полициясының зорлық-зомбылығы жөніндегі шағымдары ешбір нәтижеге жетпейді. Өйткені АҚШ соттарының көбіндегі кемсітушілік ұстаным қылмыскер офицерлердің жазалануына жол бермейді. АҚШ қоғамындағы полицияның мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылығының және олардың азаматтық құқыларының бұзуының артуына 11 қыркүйек оқиғасынан кейінАҚШ Конгресінде бекітілген заң полиция мен атқарушы органдарға арнайы ықтиярлар тапсырды. Басқа жақтан Исламнан үркіту мен мұсылмандарға жиіркеніш білдіру көбейді.

 

Тегтер