Қажылық 2020 (2)
(last modified Mon, 27 Jul 2020 09:22:02 GMT )
Шіл 27, 2020 15:22 Asia/Almaty
  • Қажылық 2020 (2)

Әлемнің түпкір-түпкірінде әртүрлі тақырыптарға арналған үлкен және кішкентай конференциялар мен конгрестер өтеді. Бірақ олардың ешбіреуі қажылық конгресі сынды салтанатты болмайды. Миллиондаған халық қатысатын тарихи басқосу тауһид, монотеизмге негізделген.

Зихадже айы келіп, аспан мен жерде хазірет Ибрахимның дауысы естілді: «Уа, халайық, Алла сендерді қажылыққа шақырады»,- деді. Әл-Харам жыл сайын бұл кезеңде Жаратушысының шақыруын қабылдаған миллиондаған ғашықтарды күтетін. Алайда биыл Алланың ғашықтарының жүректері жаралы. Биыл мұсылмандар Зәмзәмнің дәмін тати алмайды, сондай-ақ Минада жиналып, Жаратушысымен сырласа алмайды. Қажылық – тауһид, ықылас, ғибадат, дұға, мүнәжәт конгресі.  

Қажылық  кезінде адам мәңгі бақытқа жету үшін жүректерін тазартады. Ол жол қиындықтарын,  ұйқысыздық, мазасыздық және үйден алыс болуға төзімділік білдірді.  Қажы адам менмендіктен алыстап,   ахлақтық және рухылық ластықтардан тазармаса, қажылықтың сырын түсінбейді және шынайы қажы болмайды.

Қажылықтың рәсімдері Аллаға иман келтірген және ғашық түрде оның жолына түскен адамның әртүрлі көңіл күйінің көрінісі. Бұл үлкен және теңдессіз жиында әр адам өзін тәрбиелеп, нәпсісін тазартып, Аллаға жақындап, дүниеқұмарлығынан алыстағысы келеді. Қажылық – қияметтің кішкентай үлгісі. Адамның  Жаратушыға деген үмітімен үйінен алыс жолға шығуы оның дүние-мүліктен алыстауын білдіреді. Әртүрлі жерден келген адамдар бір-бірінің қасында тұрып, ғибадаттарының  қабыл болуына үміттеніп, бұл үлкен теңізге енеді. Бай мен кедей бірдей ихрам жамылып, Алланың үйіне жиналады. Олар Жаратушының рақымына үміттеніп, амалдарының қабыл болуын тілейді. Амалдары қабыл болатын қажылар қандай бақытты. Қажылық адамның қиямет күні бұл дүниеден тек кебінмен кететінін еске салады. Аяттар мен рауаяттарға сәйкес қажылық қажы адамға ғана емес исламдық үмбет үшін де материалдық және рухани әсерін тигезеді. Экономикалық даму, бірлік пен бауырластықтың орнатылуы, исламдық қоғамдардың мәселелерін шешу, қайшылықтарды шешу мен исламдық үмбеттің құдыретін көрсету мен Исламның жаөандық өркениетін құру  қажылықтың материалдық және рухани мүдделерінің бір бөліні болып табылады.   

Пайғамбар (с.ғ.с.) хиджраттың жетінші жылында, яғни Меккені жеңіп алудан бір жыл бұрын «Ходайбие келісімі» бойынша, умра рәсімдерін орындау үшін Меккеге барып, бұл қалада үш күн қалу рұқсатқа ие болды. Хазірет екі мың адаммен Мекккеге қарай жолға шығып, белгілі жерде ихрам жамылып, Қағбаны тәуәп етуге кірісті. Саяси тұрғыдан маңызды болған бұл жағдайда  Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларына: «Терісі қалын және күшті мүшіріктер сендерге қарайтындай, тәуәп етіңдер»,- деген. Пайғамбардың сахабалары хазіреттің айтқанын орындап, мүшіріктер Қағбаны айналып тұрып, хазірет пен сахабаларын тамашалады. Мұсылмандардың  «Ләббейк Аллаһума Ләббейн» ұрандары үзілген кезде, Исламның көшбасшыларының бірі Абдолла бен Равахе: «Уа, кәпірлерлерден туғандар! Алла елшісінің жолың ашыңдар және Алла елшісінің ресалят қабылдау арқылы бақытқа жетуге болады. Уа, Жаратушы! Хазіреттің айтуынша мен иманға иемін»,- деді. Әрине Пайғамбар мен сахабаларының Қағбаны тәуәп етуі мүшіріктердің алдында құдыретін көрсету, сонымен біргі мүшіріктермен күресу үшін исламдық даму мен саясаттың көрінісі болды. 

Иран Ислам революциясы көсемі имам Хомейни: «Ләббәйк деген кезде бүкіл пұттардан алыстау орын алады. Әлсіздерге билікті уәде етеді және мақрұмдар мен әлсіздерді әлемдік үстемдіктен құтқаруды ойластырады»,- деген болатын.

Қажылық исламдық қоғамның кішкентай үлгісі және жаңа исламдық жаңа өркениеттің көрінісі. Қажылық рәсімдерде әртүрлі ұлттар, тілдер мен мәдениеттер өкілдері әлемнің түпкір-түпкірінен жиналып, Аллаға құлшылығын жариялайды. Бұл жаттығу жыл сайын  өтеді.  Негізінде мұсылмандар хазірет Мәһди (ғ.с.) басқарған әлемдік үкіметті қолдайды. Рауаяттарда имам Мәһди (ғ.с.) билігі кезінде адамдардың ақыл-ой түсінігі мен адамгершілігі артып, онда дау-жанжалдар, қақтығыстар аяқталып, олар  мейірімділік, кешірімділік және бауырластықта бірге өмір сүретіні айтылды.

Қажылық рухы көпшілік немқұрайдылық білдіретін велаятты қабылдау. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) Қағбаны тәуәп етушілерді тамашалап: «Надандық кезінде де Қағбаны жеті рет айналатын. Абай болыңдар!  Алламен ант етемін, егер халық қажылық рәсімінде уәделері мен  назірлеріне берік болып, бізге бет бұрып, бізге сүйіспенділігін білдіріп, көмектерін ұсынбағанда оған қажылық мәндеттелмейтін еді»,- деді. Бұл сырға толы мәселе, яғни пәк имамға (ғ.с.) адал болу және бағыну хазірет Ибраһимның қажылығын надандық қажылықтан өзгеше етеді. Бұл қажылықтың рухы және мұндай қажылық хазірет Мәһди (ғ.с.) басқарған Исламның жаһандық өркениетіне жағдай тудырады.