Арафа - Жаратушыдан тілейтін күн
Адам әрқашан Алламен сырласып, ойланатын сәттерді қажет етеді.
Адам әрқашан Алламен сырласып, ойланатын сәттерді қажет етеді. Кейде арнайы орындар мен жағдайлар бұл үшін ерекше мүмкіндік тудырады. Арафа дүниелік жалғандықтардан ада және ойлану үшін қолайлы дала. Арафа күні жаратылыстың философиясы мен бұл әлемдегі өз орынымыз туралы ойланатын мұрсат. Зилхадже айының тоғызыншы жұлдызы – Арафа күні. Бұл күні қажылар Арафа даласына аттанып, Алланың ең жақсы адамдары тоқтаған жерде көз жасын жасырмай, қарапайым түрде Алланың алдында пенделігін білдіреді. Рауаяттар бойынша, Жебрейіл хазірет Ибраһимге қажылық рәсімдерді үйреткен кезде, Арафаға жеткен кезде, бұл жердің «Арафа» деп аталуының себебі туралы: «Халық бұл жерде өз күнәсін мойындайды. Кейбіреулер бұл жерді сабырлық пен төзімділік жері деп санайды. Өйткені «араф» деген сөздің мағнасының бірі сабыр сақтау болып табылады.
Арафат даласы Мекке қаласынан шамамен 20 км жерде «Жәбалул-рахма», яғни Рахмат тауының етегінде орналасқан. Арафа күні ақ киім киген халық Арафат даласына қарай ағылады. Алланың қонақтары зилхадже айының тоғызыншы жұлдызының түсінен күн батқанша дейін қарапайым жүректерімен Алладан тілектерін тілейді. Бұл тау хазрет Адамның тәубесін қабылдады. Арафа күні «Жәбалул-рахма» тауына жақындаған адам Алла оның күнәләрін кешіреді деп үміттенеді. Арафатта тоқтау – қажылықтың маңызды рәсімдерінің бірі. Мыңдаған адам бірдей киіммен қоғамдық және таптық топқа бөлінбей бұл жерге жиналады. Оларға бұл жерде тоқтап, ойлану бұйырық берілді.
Арафа күніндегі дұғаның дауысы шайтанды уайым-қайғыға түсіреді. Бұл күні қажылар рухы мен жаның илаһи рақым мен мейірімнің шексіз теңізінде тазартып, жаңадан туғандай пәк болады. Рауаяттарда «егер кімде-кім Қадір түні мен рамазандағы Алладан кешірім сұрау мұрсатты пайдаланбаған болса, Арафа күнің кешірім сұрауға пайдалана алады. Арафа күні қажылар қолдарын аспанға қарай көтеріп, Алладан рақым мен кешірім тілейді.
Арафат тарихында хазірет Адам, хазірет Ибраһим және Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ. с.) сияқты ұлы иләһи адамдар туралы естеліктер бар. Олар бұл жерге келіп, өз жарығымен бұл жерді нұрландырды. Арафат тауының етегі Исламның басында Пайғамбардың (с.ғ.с.) даладағы сыныпы болып, тәпсіршілерінің айтуынша, Құранның соңғы сүресі Пайғамбарға Арафат даласында түсті. Пайғамбар Құранның ең кемел сүресі саналатын бұл сүрені халық пен шәкірттеріне үйретті. Хадистер бойынша, Пайғамбар (с.ғ.с.) бұл күні қажылардың алдында сөйлеген тарихи сөзінде былай деді: «Уа, халайық, менің сөзімді тыңдаңдар! Мүмкін бұл жерде сендерді қайтадан көрмесбін. Сендер Аллаға қайтып ораласындар, о дүниеде жақсы және жаман істерің қарастырылады. Мен аманат тапсырылған кез келген адамға оны иесіне қайтаруды сұраймын. Өсім алу Ислам дінінде харам саналады. Шайтаннан алыстаңдар».
Арафат сондай-ақ Арафа күні оқылған имам Хусейннің (ғ.с.) дұғасын еске салады. Бұл дұғада илаһи есімдер мен оның сарқылмас нығметтері туралы айтылды. Хазірет Арафа күні Арафат даласында Әһле бейт тобы, перзенттері және серіктерімен «Жәбалул-рахма» тауының сол жағында тұрып, Алланы мадақтап, нығметтерін еске салды. Дұғаның әр бөлімінде нұр мен білім және Аллаға деген махаббат білінеді. Имам Хусейн (ғ.с.) өз дұғасымен адам мен Жаратушының арасындағы қатынасты ең әдемі түрде көрсетті. Хазірет дұғасында өзінің әлсіздігі және әлем Жаратушысының ұлылығын мойындайды және Алланы мадақтап, Оның сарқылмас құдыретін пана тұтады.
Қазіргі кезде әлемнің халықының көбі коронавирус пандемиясымен шырмалып, мұсылмандар да оның салдарынан қажылық кереуенінен қалып қалды. Алланы еске алып, жүректер тынышталады. Имам Хусейн бен Әлидің (ғ.с.) дұғасында былай деп айтылды: «Уа, Алла, бізді күш- қуатты қылып жаратқанын үшін, маған мұқтаж емес жағдайда, мейірімді болып, жаратылысты жақсылыққа бөлегені үшін рақыметімізді айтамыз. Уа, Алла, пенделерінің арасында бөлетін жақсылық пен бақытты бізге де сый ете ғой. Уа, Алла, бізді мақрұм етпе, өзінің шексіз рақымыңнан айырма, кез келген қиындық кезінде бір Өзіңді пана тұтамын. Егер қамқоршым болмасан, өмір сүре алмаймын. Уа, Алла, халал ырзығыннан жібере гөр, денсаулық пен тыныштық және қауіпсіздік бере гөр».