Хазірет Зейнаб - Хашим әулетінің ақылдысы
(last modified Sat, 19 Dec 2020 19:21:35 GMT )
Жел 20, 2020 01:21 Asia/Almaty
  • Хазірет Зейнаб - Хашим әулетінің ақылдысы

Хазірет Зейнабтың туған күні құтты болсын!

 

Хазірет Зейнаб - хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) үшінші перзенті. Ол хиджри-қамари күнтізбесінің бесінші немесе алтыншы жылының джамади аууаль айының бесінші жұлдызында Мединеде дүниеге келді. Ол дүниеге келген кезде атасы Исламның ұлық пайғамбары оны Зейнаб деп атады. Бұл есім хазіретке (с.ғ.с.) Жебрейл арқылы Алланың тарапынан ұсынылды. Хазірет Зейнаб ұлы атасы (с.ғ.с.) және анасының (ғ.с.) қасында аз ғана өмір сүргенімен, оның  болмысы дәл сол кезде қалыптаса бастады. Ол екі пәк тұлғадан сабақ алып, оларды әртүрлі жағдайда, әсіресе Кербала мектебінде қолданды. Хазірет Зейнаб анасы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) сынды білімі және қырағылығымен жаратылған әлемде маңызды рөл атқарды.  Хазірет Зейнабтың қадір-қасиеттерінің бірі - ақылы мен сабыры болып, Хашим әулетінің ақылдысы, құрайыштар ақылдысы, халық ақылдысы деп атанды. Хазірет Зейнабтың болмысында білім мен амал, пәктік пен адалдық тоғысып, Құрайыш пен Хашим әулеттері әйелдері арасында қырағылығы, сабырлығы мен ақылына байланысты, «Ақылды» деген лақап атқа ие болды. Хазірет Зейнаб бұл сүннетті әкесі Куфеде өмір сүрген кезде де жалғастырды. Ол әйелдермен ғана емес, қоғамның басқа таптарына да білім берді.  Ол білімді өзінің асыл атасы Алланың пайғамбары мен сүйікті ата-анасының мектебінде алды. Хазірет Зайнабтың Кербала, Куфа және Шамға сапар шегу кезіндегі келешек туралы алаңдаушылық білдіретін және оның әртүрлі жағдайлардағы сөйлеген сөздерінен оның білімі мен кемелдігі айқын көрінеді. Рауаяттардан хазірет Зейнабтың әйелдер білім алуға көңіл бөлмеген кезде Медине оларға сабақ беріп, Құранның көркем аяттарын қызық әрі терең тәпсірлегені көрінеді. Хазірет Әли (ғ.с.) мен оның отбасы Куфеде бір жыл өмір сүргеннен кейін, қаланың бір топ ақылды  әйелдері күйеулерін хазіретке (ғ.с.) жіберіп: «Біз хазірет Зейнабтың өзінің асыл анасы хазірет Фатима (ғ.с.) сияқты көптеген білімге ие екенін естідік. Егер рұқсат етіп, келіссеніз, оның білімінен пайдалану үшін қасына келеміз. Имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Зейнаб әйелдердің бұл сұранысымен келісіп, Куфе әйелдері хазірет Зейнабтан Құран тәпсірі сабағын алды. Хазірет Зейнаб мойынына алған кез келген міндетті жақсы орындап, соңына жеткізетін. Тарихшы және ислам тарихын зерттеуші Мұхаммад Хұсейн Раджаби Давани хазірет Зейнаб туралы: «Хазірет Зейнабтың қасиетті болмысы  жеті пәк тұлғаны (ғ.с.), яғни хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.), хазірет Әли (ғ.с.), хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.), имам Хасан (ғ.с.), имам Хұсейн (ғ.с.), имам Саджад (ғ.с.) және имам Бақердің (ғ.с.) балалық  шағын көрген. Хазірет зейнаб екі әлемнің әйелдерінің басшысы хазірет Фатима-Заһрамен (ғ.с.) тәрбиеленіп, велаят және велаятты қорғау сабағын алды.

 

Хазірет Зейнаб илаһи ғибадаттарына ерекше көңіл бөлетін және намаз ол үшін тыныштық жағалауы болды. Хазірет Зейнабтың жүрегі мен рухы илаһи мейірімнің теңізінен үлкен күш алатын. Илаһи нұр жүрегінде жарқырап, дүниенің қиындықтар  ол үшін маңызды болмады. Ол исламдық қоғамның ішіндегі өзгерістердің куәсі болып, өз көзімен надан кезінің ақсүйектерінің қайтадан бастарын көтеріп, Исламға соққы берулерін көрді. Хазірет Зейнаб Ислам тарихының тәжірибелерін пайдаланып, сол кезеңде Ислам дінің бұрмалану қатерінен құтқаруға талпынды.  

Кербала оқиғасымен таныс және хазірет Зайнабтың есімін естіген кез-келген адам оның бұл оқиға кезінде әрі шыдамды ұстаз, әрі жанашыр медбике болғанын түсінеді. Ол жауынгерлердің рухын көтерді,  жарақат алғандарға көмектесті және зардап шеккендерді жұбатты. Ол Аллаға сондай ғашық болып, түн ортасында Онымен сырласып, көтерілістің қатал жағдайында да түнгі намазды қалдырмады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Хазірет Зейнаб - әйел, ұлы әйел! Бұл ұлы әйелдің исламдық ұлттар алдындағы беделіне не себеп болды? Әрине хазірет Әлидің (ғ.с.) қызы  және имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хұсейннің (ғ.с.) қарындасы болуынан емес.  Біреудің жақыны болу мұндай беделге себеп бола алмайды. Бүкіл пәк имадармыздың (ғ.с.) аналары, қыздары мен апа-қарындастары болды. Бірақ олардың ешбіреуі хазірет Зейнаб сынды емес. Хазірет Зейнабтың ұлылығы оның илаһи міндеті – исламдық және адами қозғалысына байланысты. Оның ісі, оның шешімі мен қозғалысы оны маңызды етті. Хазірет Зейнабтың жасаған ісіндей істі жасаған кез келген адам хазірет Әлидің (ғ.с.) қызы болмасада, ұлы саналады.  Біріншіден, ол жағдайды таныды: имам Хұсейннйі Кербалаға аттандарға дейінгі жағдайды, Ашура күніндегі дағдарыс жағдайды, имам Хұсейннйі шәһид болғанынан кейінгі қиын жағдайды. Ол жағдайға сай шешім қабылдады. Бұл шешімдер хазірет Зейнабты қалыптастырды»,- деді.

 

Иранда Хазірет Зейнабтың туған күні медбике кәсібінің маңыздылығы мен ұстанымына және хазірет Зейнабтың Кербала сахнасында рөліне және Кербала көтерілісі тұтқындарына жасаған қамқоршылығына байланысты медбикелер күні деп аталды. Бұл күні өмірін сабырылық және шыдамдылықпен, сондай-ақ мұқтаждарға қызмет ету үшін көптеген қиындықтарға төзумен өткізетін медбикелер құрметтеледі. Коронавирус пандемиясының әлемге таралғанынан бір жыл өтіп, әлем қиын кезеңдерді бастан өткеріп  отырған жағдайда, мейірбикелердің жұмысындағы қиындықтар мен олардың жұмыстарының маңыздылығы айқындала түсті. Қауіпке қарамастан дәрігерлер мен медбикелер науқастармен бірге жүріп, оларды құтқаруға талпынуда. ICU медбикесі Карами ханым: «Хазірет Зейнаб өз заманының имамы хазірет Зейнул Абедин (ғ.с.) және пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің  басқа науқас және азап шеккен адамдарына көмектесуге жауапты болды. Әрине оның міндеті тек медбикелік іспен шектелмеді. Ол хабардар және кемеңгер әйел болды»,- деді. Маһдави мырза: «Медбикелер - науқастарға көмектесушілер, олар ислам мәдениеті бойынша қасиетті маманға ие. Әсіресе қазіргі коронавирус пандемиясы кезінде адамның өмірі мен денсулығын қорғаушылар,  науқасты құтқарып, қуанады. Олар Кербаланың ардақты ханымын еске алып, бүкіл қиындықтарға төзімділік білдіруде. Коронавирус таралған жағдайда  ирандық медбикелер хазірет Зайнабтан   шабыт алып, табандылық пен шыдамдылық көрсетуде.

Ирандық медбикелер мен мейіргерлер

Хазірет Зейнаб: «Біз - Алланың жаратылыстарымен байланыс орнату құралымыз. Біз - Алланың таңдаулыларымыз және біз пәктіктің мекеніміз, Алланың айқын басшылары және пайғамбарларының мұрагерлеріміз»,- деген.