Жел 28, 2020 21:29 Asia/Almaty
  • 9 дей - Қырағылық және халықтың діни билікке адалдығын білдірген күн

9 дей – үмбеттің діни басшыға жақындығын көрсеткен және революция кітабының мақтан тұтатын ұлы күндерінің бірі.

 

Хиджри-шамси күнтізбесінің 1388 жылының 9 дей күні (2009 жылдың желтоқсан айы) халық қырағылығымен Иранның сахнасында ерлігін көрсетті. Милллиондаған халық Ислам революциясы мен діни жетекшісі аятолла Хаменеиді қолдады. 9 дей  үмбеттің діни басшыға жақындығын көрсеткен және революция кітабының мақтан тұтатын күндерінің бірі болды. Бұл күн «Қырағылық және халықтың діни билікке адалдығын білдірген күн» деп атанды.

Аятолла Хаменеи: «Егер бұл халық қырағылық нығметі үшін  жүздеген рет шүкіршілік сәждесін жасаған болсада,  аз болып саналады. Бұл күні Иран халқы шеруге шығып, діни жетекші, Ислам революциясы мен діни наным-сенімді қолдап, көшелерге шығып, ерлігін және еш уақытта революция мен оның армандарынан бас тарпайтынын көрсетті. 

Ирандағы 2009 жылғы президенттік сайлаудан кейін дауыс жинай алмаған үміткер басынан бастап сайлаудағы алаяқтық туралы уәждене бастады. Оның кейбір жақтастары алданып, өз үміткерін жақтап, көшелерге шықты. Нақты құжаттары мен деректері болмағанына қарамастан ел ішіндегі бүлік тудырушы көшбасшылар мәлімдемелерінде алаяқтықты қолдады. Олар алданған жастарды көшелерге шығуға итермелеп, бүлік пен тәртіпсіздікке шақырып, өз сөздерімен отқа май құйып, жалынды күшейтті. Басқа жағынан аятолла Хаменеи басынан бастап, халық пен жастарды қырағылыққа шақырып, бүліктердің артында шетелдіктердің тұрғанын айтты. Сол кездегі АҚШ президенті Барак Обама алданған адамдарды қолдауы туралы мәлімдемесін шығарып, Иран азаматтарының бірқатарын бүлік өртін ушықтыруға итермеледі. Сионистер мен кейбір еуропалық елдердің, әсіресе Ұлыбританияның басшылары бүлікшілерді  қолдайтындарын жасырмады. Батыс ақпарат құралдары мен бөгде күштердің түркілері және елдің ішіндегі мұнафықтардың әрекеттерімен сайлаудағы алаяқтық туралы және «Дауыстарымызды қайтарамыз» деген  ұрандар жылдамдықпен шетте қалып, Ислам республикасы жүйесінің негіздері, діни жетекші және қасиетті жүйенің армандарын нысанаға алды. Ұрандар өзгеріп, бүлікшілерден діни билік пен діни жетекшіге қарсы ұрандар естілді. Көшеге шыққандардың ұрандары бүлікшілер мен олардың елдің сыртындағы демеушілерінің мақсаты сайлаудағы алаяқтықтан тыс нәрсе екенін көрсетіп, исламдық жүйе мен оның армандарын нысанаға алды.

Бүлікшілердің мақсаттарының әшкереленуімен революцияны жеңіске жеткізген және 1979 жылы шах жүйесін өзгерту үшін жаның аямаған, таңылған соғыс кезінде ерлігі мен жанкештілігін көрсеткен халық бірқатар адамдардың революция мен оның армандарын қорғау және жалғастыру талпыныстарға немқұрайдылық білдіруін көрді. Ислам революциясы жетекшісі әрдайым дін билікті қолдайтын халықтың бүлікшілермен бетпе-бет келуінің алдын алуды қуаттап, басқа жақтан алданған адамдарды халық тарапына қайтуға шақырды. Сол жылғы мұхаррам айы, әсіресе Ашура күніндегі оқиғалар Иранның мүмін және революцияшыл халқының жүректерін жаралады. Бірнеше аза тобы мен бірнеше мешіт бүлкішілер және жергілікті мұнафықтармен өртелген кезде олардың негізгі жүзі әшкереленді. Сондықтан халық үнсіздігін бұзіп, өз армандарын қолдап, бүлікшілерге қарсы тұрды. Алданған адамдар «Хұсейни топтарына» тіл тигізілген кезде тәртіпті бұзушылар қатарынан шығып, имам Хұсейнге (ғ.с.) адал екендерін және ешбір жағдайдын оларды имам Хұсейн (ғ.с.) мен хазіреттің мақсаттарынан бөле алмайтынан көрсетті. Сөйтіп олар революцияшыл және діншіл халыққа қосылды.

Шындығында, Иранның жалынды және мұсылман халқының діни сезімдеріне нұқсан келтірген имам Хұсейнге (ғ.с.) аза тұтқан топқа тіл тигізу  қорлау халықтың үнсіздігін бұзуына себеп болды және 9 дей ерлігінің қалыптасуының басты негіздерінің біріне айналды. Құмдағы діни оқу орындары басшысы аятолла Мұртаза Мұқтадаи: «Иран халқы имам Хұсейнге (ғ.с.) адалдығын көрсетуге  және бұл жолда малы мен жанынан айырылуға дайын екенін көрсетті. Ашура мен имам Хұсейнге (ғ.с.) аза тұтушыларға тіл тигізу Иран халқын алаңдатты. Бұл мәселе халықтың 9 дей шеруіне қатысып, әлемдіктерге осы күнге дейін жүйе мен Ислам революциясының жақтастары екенін көрсетті»,- деді.  

Халықтың 1388 жылдың 9 дей күнгі шеруі исламдық наным-сенім, Ислам республикасы жүйесі мен велаят факих, яғни діни билікті қорғауы болды.  Діни билік революцияның негізгі тірегі. Халық революция жылдары бойы діни биліктің революцияны басқару рөлін тәжірибе етті. Шиіттердің  көзқарасынша діни басшы басқары шараларға ие және қоғамда пәк имамдар (ғ.с.) жолы мен исламдық ахкамды жандандыратын аадм. Ол исламды заң мен шариғатқа сай қоғамды жоғары мақсатына жеткізетін және дамытады. Халықты мұндай басшымен жүрегі мен наным-сенмі жақындатады. Діни басшыға деген махаббат, имамдарға ғашық болудан тамырланады. Бүлікшілер болса өздерінің арам мақсаттарына тыңшылық, қисынсыздық, қарсыласу және сайлаудағы алаяқтықты айыптау және діни басшыға қарсы шығу арқылы  жетеміз деп ойлады. Бірақ олардың әрекеттері халықтың қайтадан Ислам революциясы қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи мен революцияның негізін қалаушысы имам Хомейниге адалдығын білдірумен аяқталды.

Халықтың 9 дей күнгі шерулері велаят, Ашура, Ислам революциясына деген сүйспенділігін және шетелдік дұшпандарға деген жиіркенішін көрсетті. Жаһандық үстемшіліктің, әсіресе АҚШ, Ұлыбритания мен сионистік режимнің ашық қолдауы және заманауи және кең ақпарат құралдарына сенім арту әлемдегі қарсыласу қозғалыстары арасында үмітсіздік пен алаңдаушылық тудырды. Бірақ 9 дей күнгі Иранның оянған халқының Ашура құлшынысы мен қырағылығының көрінісі барлық уайымдарды жойып, ислам жүйесінің халықаралық деңгейдегі рухани беделін және революцияның бүкіл әлемдегі жақтастарының үмітін жандандырды. Майкл Ледин, Джейн Шарп және Джордж Соростың пікірінше, Сионистер барқыт революциясының теориялары    басқа елдерде де қолданылуы мүмкін. Бірақ Иран сынды халқы хабардар және діни жетекшісі қырағы елде бұл теориялар нәтижеге жетпейді. Ислам республикасы жүйесі мен діни билікті кеңінен қолдау шетелдік дұшпандарды үмітсіз қалдыруымен бірге халықаралық сахнадағы Иранның күш-қуатын арттырды. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Бүлікті өздеріңіз көрдінізде, әртүрлі талпыныс жасалды, бүлік пен тәртіпсіздік жасаушыларды АҚШ, Англия, Батыс державалары, мұнафықтар мен билікқұмарлар қорғады. Нәтижесі қандай болды? Нәтижесінде біздің халқымыз бірігіп, 9 дей және 22 бахман күндері әлемді таңғалдырған шеруге шықты»,- деді.

Image Caption
Image Caption

 

    

 

 

Тегтер