Ақп 12, 2021 23:30 Asia/Almaty
  • Имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) өміріндегі Құранның орны

Реджеп айының бірінші жұлдызы - имамат пен велаяттың бесінші имамы хазірет Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) туған күні.

Жауын-шашын  ауылшарушылық алқаптарында мол өнімге себеп болады. Сондай-ақ илаһи рақымның жаңбыры адамның жүрегін өзгертіп, шаттандырады. Бұл илаһи нығметті өзін рақым жаңбыр мен самалға бөлей алатын адам пайдалана алады. Хиджри-қамари күнтізбесінің жетінші айы болып табылатын реджеп айы - илаһи рақым жауын-шашын мен жүректі тазартатын уақыт. Осы айдың түні мен күнінде кез келген адам көбірек көңіл бөліп, илаһи береке мен мейірімділікке ие болу арқылы жүрегі мен жанын рухани өмір суынан қанағаттандыра алады. Реджеп - жәннәттағы сүттен ақ, балдан тәтті өзеннің атауы. Сондықтан кімде-кім реджеп айында өзін ластықтар мен күнәлардан тазарып, осы айдың игілігін көретін болса, ол өзінің рухын осы өзеннің суына тазартқандай болады. Реджеп айының басталуы іс жүзінде қызметшілер үшін қайта туылу мен өмірдің уәдесі. Дүниеқоңыздар бұл айда ғибадатпен айналысып, Аллаға деген адалдығын  растай алады. Періштелер бұл айда ереке көңіл-күйге ие болып, реджеп айының шындығын түсінген мүміндерге қуанышты болуды тілейді.

Хазірет Мұхамад Бақер (ғ.с.) хиджри күнтізбесі бойынша 57 жылы Медине қаласында дүниеге келді. Бесінші имамның есімі – Мұхаммад және күния есімі – Абу Джафар, сондай-ақ хазіреттің ғылыми және рухани мақамын көрсететін көптеген лақаб аттары бар. Ханафи мазхабының ғұламаларының бірі Мұхаммад бен Абдәлфатах имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.) туралы: «Мұхаммад бен Әли (ғ.с.) «Бақер» деген лақаб атпен аталды.  «Бақер», яғни қазыналар мен құпияларды әшкерелеуші. Хазірет илаһи аһкам мен хикмет қазыналарын ашушы. Әрине бұл мәселе тек тасжүректер үшін жасырын қалады»,- деді.

Имам Бақерді (ғ.с.) ислам ғылымдарының негізін қалаушылардың бірі деп атауға болады. Хазірет илаһи аяттар мен Құран Кәрімнің рухани ақиқаттарын түсіндіруде тиімді рөл атқарып, өз сөздерінде Құран аяттарына жиі сілтеме жасап, Алланың сөзін келтірді. Имам Бақер (ғ.с.) уаһи мектебіне ие әулетінен шығуымен бірге илаһи ғылымға иеленіп, Құранмен терең қатынаста болды. Хазірет Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) имаматы кезінде экстремизм, озбырлық және лайықсыз билеушілердің дүниеқұмарлығы кең таралғанымен, хазірет ислам қоғамы үшін құнды жетістіктер әкелген   өте ақылды әдістерді қолданды. Имамның Құран аяттарын сондай-жақсы білгені туралы сол кездің ақыны Малек Ибн Айан Джаһани былай деп жазған: «Егер халық Құран ғылымын үйренгісі келсе, құрайш елінде бұл ғылымның данасы бар».

Имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) имаматы кезінде адамдардың қоғамның саяси және идеологиялық мәселелерімен таныс болмауы, сондай-ақ білімді тәпсіршілерге қол жетімсіздігі наным-сенімнің немесе пәтуаның салыстыру, ұқсастыру және   жеке пікірлерге сүйену арқылы ұсынылуына себеп болды. Сондықтан бұл мәселеге қарсы күрестің ең жақсы тәсілі адамдарды Құранға қайтару   және  олардың назарын дәлелсіз хадистерге аударту болды. Имам Бақер (ғ.с.) Құран Кәрімнің ең жақсы тәпсіршісі ретінде қарсыластары мен пайдакүнемдерді Құран аяттарының дұрыс түсіндіру арқылы жеңді. Хазірет өзінің сөздерін дәлелдеу үшін әрдайым Құран аяттарын қолданып, қасиетті кітаптың илаһи мұғжиза  және дұрыс өмір сүруге арналған, сондай-ақ адамзатты құтқарылуға және бақытқа жетелейтін ең жақсы кітап екенін дәлелдеді. 

Имам Құранды дұрыс жолға нұсқайтын кітап деп атап, адамдарды Құранды пана тұтуға шақырды. Хазірет Алланың сөзін өз сөзінің дәлелі ретінде қолданып: «Мен кез келген сөзімніңн Құранның қай жерінде жазылғаны туралы сұра, мен қатысты аятты оқып беремін»,- деген. Содан кейін мысал ретінде: «Пайғамбар (с.ғ.с.) көп сөйлеуге және мүлікті жоюға және көптеген сауалдарға тыйым салған»,- деді. Хазіретке: «Бұл тақырып Құранның қай жерінде айтылды»,- деген сұрақ қойылды. Хазірет: «Олардың өзара күңкілдерінің көбінде қайыр жоқ. Бірақ, кім бір садақаны не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, ол қайырлы». («Ниса» сүресі, 114-шіаят).  Бұл аятта ұзақ сөздердің құнсыз және тек садақа беруді немесе адамдардың арасын жақындатуды бұйратын сөздер ғана құнды екені айтылды»,- деп жауап берді.  Имам Бақер (ғ.с.) «Ниса» сүресінің 4-5-ші аяттарын пайдаланып, баршаны мүлікті босқа жұмсамауға шақырады.  Хазірет орынсыз сұрақтар туралы «Мәида» сүресінің «Егер айқындалса сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар»,- деп айтылған 101-ші аятына тоқталып: «Кез келген сұрақ лайықты және пайдалы емес, өйткені кейбір сұрақтар адамның реніші мен алаңдауына әкеледі»,- деді.  Имам Бақердің (ғ.с.) мақсаты халықты Құран түсініктерімен таныстыру болды.

Алла Тағала «Фурқан» сүресінің 25-ші аятында: «Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік” деп, дұрыс жауап береді»,- деп айтылды. Имам Мұхамад Бақердің (ғ.с.) өзі осы аятқа сәйкес болды. Хазірет имаматтан басқа илаһи рақым мен қайырымның бұлағы болды. Имамның әрекеті қарапайым, сөзі шындық, халықпен кездескенде ашық болды.  Хазіреттің ахлақи және діни құндылықтары Аллаға ғибадат етуге негізделіп, маңдайында сәжденің ізі қалған болатын. Хазірет еш уақытта Алланы ұмытпады және Одан қорқып, жылайтын.

Қасиетті Құран көптеген аяттарда ізгілікке шақырды және ізгілікті жақсы көретінін мәлімдеді. Имам Бақер (ғ.с.) үнемі, әсіресе халықтың тұрмысы мен қаржылай жағдайы қиындықпен кезіккен кезде мақрұмдарға көмектесетін. Хазіреттің қаржы жағдайы қарапайым болғанымен, ол өз сыйларымен мұқтаждарды қуандыратын. Имам Бақердің (ғ.с.) ейбір серіктері: «Біз имам Бақермен (ғ.с.) кездесуге бармаған сайын, имам бізді сыймен күтіп алатын»,- деп есіне алатын.

 

Тегтер