Діни жетекші әуе күштері қолбасшыларымен кездесті
(last modified Sun, 14 Feb 2021 08:27:21 GMT )
Ақп 14, 2021 14:27 Asia/Almaty
  • Діни жетекші әуе күштері қолбасшыларымен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі Иранның әуе күштері және әуе қорғанысы қолбасшыларымен кездесуінде әуе күштерінің имам Хомейниге адалдығын білдіруін маңызды оқиғалардың бірі және революцияның жеңіске жетуінің негізгі факторларының бірі деп атады.

19 баһман күні хиджри-шамси күнтізбесінің 1357 жылының осы күнінде (1979 ж.) әуе күштері  өкілдерінің имам Хомейниге адалдығын білдіру үшін Теһран көшелеріне парадқа шығып және халық оларды қызыл гүл сыйлап қарсы алғанын еске салады. Бұл күн «илаһи күн» аталды. Илаһи күн - адам Алланың құдыретін байқайтын  және тарихтың маңызды күн деп санаған күн. Ағымдағы 1399 жылдың 19 баһман күні (7 ақпан 2021 жыл) Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Иранның  әуе күштері және әуе қорғанысы қолбасшыларымен кездесуінде әуе күштерінің имам Хомейниге адалдығын білдіруін маңызды оқиғалардың бірі және революцияның жеңіске жетуінің негізгі факторларының бірі деп атап: «Әскердің маңызды бөлігінің имамға және адамдарға қосылуы мұғжиза болды, өйткені әскердің Ислам республикасына қосылуына себеп болды.  Диктаторлық режим    армия мен САВАК-қа тәуелді болды және шайтандардың бұл тәуелділікке үміттенуі оларды құлату үшін маңызды факторға айналды»,- деді.

Діни жетекші әуе күштері қолбасшыларымен кездесті

Діни жетекшінің айтуынша, «америкалықтар соғы сәтке дейін шахтың армиясына үмітті болып, армия қарсы тұра алады деп ойлады». Соңғы жаңалыққа сәйкес, олар баһман айында революция жетекшілері мен басшыларын тұтқындау және халыққа қарсы зорлық-зомбылық қолдану арқылы режимнің құлдырауының алдын алу үшін төңкерісті жоспарлаған. Сол кездегі НАТО-дағы АҚШ-тың ең жоғарғы өкілінің бірі болған генерал Хейзер   демократиялық үкіметтегі АҚШ қорғаныс министрі генерал Браунның шах режимінің құлауына жол бермеуге уәкілеттік бергенін еске алады.  

Аятолла Хаменеидің көзқарасынша Ислам революциясының дұшпандары, әсіресе АҚШ басынан бастап есептерінде қателесті. Ислам революциясы жетекшісі дұшпанның Иран халқын дұрыс танымағанын  және өткен жылдардағы  қателерін қайталауына тоқталды. Діни жетекші АҚШ-тың 1388 (2009) жылдың бүліктеріндегі рөлі мен бағындыру мақсатты бұрын-сонды болмаған санкцияларды олардың қателіктерінен деп біліп: «Олар армия бақылауды толық өз қолына алды, сондықтан режимнің құлдырауы мүмкін емес деп ойлады»,- деді. 

АҚШ-тың келесі қателігі санкцияларға байланысты. Саясаткерлер санкцияларды күшейтіп, жан-жақты қысым көрсетіп, Иранды бағындыра алады деп ойлады. Аятолла Хаменеи: «Жоғары лауазымдағы ақымақтарының бірі (Джон Болтон) осыдан екі-үш жыл бұрын «біз 2019 жылдың қаңтарын Теһранда тойлаймыз» деген болатын. Олар 2019 жылдың бірінші қаңтарына дейін Ислам республикасы құлдырап, олар келіп отсы жерде тойлайды деп үміттенді. Осы кезде мұны айтқан адам тарихтың қоқыс жәшігіне кетті, оның басшысы да (Дональд Трамп) жанжалмен Ақ үйден қуылды. Ал Ислам республикасы Құдайға шүкір абыроймен орынында тұр»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі: «Біз аңқау болмауымыз керек, дұшпанның есептеу жүйесі ақаулы болғандықтан, олар сәтсіздікке ұшырайды деп ойламауымыз керек»,- деп ескертті. Ислам революциясының сәттілігінде басқа да факторлар әсер етті, мысалы еңбек пен күш, адамдардың сахнада болуы және олардың осы қажеттілікке сенуі, Алланың уәдесіне сенім артуы, сондай-ақ ештеңе істемей, қарап отыру арқылы ешбір істің алға ілгерлемейтінін түсіну. Басшылар жұмысы және амалы, Аллаға деген иманымен ұлттық күш-қуатты арттыра алады. Қарул күштер аймақтық және халықаралық сұраныстарға сай дамуы керек. Аятолла Хаменеи қарулы күштердің соңғы жаттығуларына ризалығын білдіріп: «Санкциялық жағдайда үлкен жаттығулар өткізу  негізінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді»,- деді.

Американдық бұқаралық ақпарат құралдардың хабар тарату әдісіне байланысты кейбір елдер АҚШ қуатының әлсірегенін әлі байқамады және аймақтың кейбір елдерінің қателігі өзінің ұлттық қауіпсіздігін бөгделерден талап етуі. Олар миллиардтаған доллар жұмсап, тіл тигізуді естуге дайы, бірақ соңында қауіпсізігі қамтамасыз етілмейді. Мұндай жағдайды бірнеше жыл бұрын Мысыр мен Тунисте немесе Мұхаммадреза Пехлевидің тағдырынан көрдік. Аятолла Хаменеи аймақтағы АҚШ-қа тәуелді режимдердің, әсіресе сионистік режимнің алаңдауларының себебін Американың халықаралық сахна мен елдің ішіндегі жағдайы деп атады.

Діни жетекші: «Біз өз қателіктермізді қайталамауымыз керек. Біз дұшпанға қарыздар болмауымыз керек. Сондай-ақ саяси және экономикалық істерде дұшпанға үміттенуге болмайды. Біз ішкі мүмкіндіктерді көріп, оларды дамытуға міндеттіміз. Шабуыл жасау, талан-таражға салу мен араласуды көздеген бөгдеге үміттену – үлкен қателік.  Өзімізге сүйеніп, Алладан ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуді сұрадық»,- деп мәлімдеді.                                                                                                                                                                           

                       

Аятолла Хаменеи АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтердің мүмкіндіктеріне шынайы баға бермейтін адамдардың назарын АҚШ-тағы соңғы оқиғаларға аудартып: «Трамптың билік басынан жанжалды кетуі АҚШ беделінің төмендеуі,  күшінің құлдырауы, американдық қоғамдық және саяси тәртіптің бұзылуы болды. Олардың өздері «АҚШ жүйесі ішінен шіріген» деп айтады»,- деді.  

 

Аятолла Хаменеи Еуропа мен АҚШ басшыларының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен санкциялар туралы сөздеріне тоқталып: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы бүкіл міндеттемелерін бұзған АҚШ пен үш еуропалық мемлекеттің енді бұл келісім туралы шарттар белгілейтін ешбір құқығы жоқ. Олар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы ешбір міндеттемелерін орындамады, сондықтан бұл салада шарт қоя алмайды. Аталмыш келісімді жалғастыру үшін шартты белгілеуге   тек Иранның құқығы бар.  Өйткені Иран басынан бастап «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы барлық міндеттемелерін орындады, олар болса, оларды бұзды. Біздің шарт қоятын құқығымыз бар және бұл шартты айттық. Бұдан ешкім аттап өтпейді. Егер олар Иран қысқартқан бірнеше міндеттемесіне қайтып оралсын десе, АҚШ  барлық санкциялардың күшін сөз не қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жойған кезде және олардың жойылғаны Тегеран үкіметі тарапынан расталған кезде ғана Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қайтып оралады. Бұл – ИИР-ның жауапты басшылары түгел қолдайтын кесімді саясат. Бұл саясаттан ешкім кейін шегінбейді»,- деп қуаттады.  

Ислам революциясы жетекшісі кездесудің соңында елдің басшылары мен жауапты тұлғаларын бірлікке шақырып: «Халық пен басшылардың бірлігі өткен 42 жылдағы көптеген қиындықтардан өтуге себеп болды, сондықтан бұл ауызбірлік жалғасуы керек»,- деп қуаттады. Иранның бүкіл қарулы күштерінің Бас қолбасшысы қарулы күштердікүш-қуатты арттыруға шақырып: «Алланың мейірімі және хазірет Мәһдидің (ғ.с.) дұғасымен Иран халқы мен елінің келешегі бүгіннен жақсырақ болады»,- деп баса айтты.  

 .