Ақп 21, 2021 14:52 Asia/Almaty
  • 21 ақпан - Халықаралық Ана тілі күні

1952 жылы шығыс Пәкістан деп аталған әрі әлі тәуелсіз болмаған қазіргі тәуелсіз Бангладештің астанасы Даккадағы әртүрлі университеттердің студенттері бенгал тілін урду тілімен қатар Пәкістанның екінші тілі ретінде ұлттандыру үшін бейбіт шерулер өткізді. Студенттердің бұл шеруі полицияның олаға қарай оқ атуымен және бірнеше студенттің өлімімен аяқталды.

Бангладеш тәуелсіздік алғаннан кейін,  студенттердің бұл  қозғалысын еске алу және осы елдің өтініші бойынша ЮНЕСКО алғаш рет әлемде ана тілдерінің маңыздылығын қуаттап, 1999 жылдың 17 қарашасында 21 ақпанды «Халықаралық Ана тілі күні» деп жариялады. Ана тілі күні негізінде БҰҰ Бас ассамблеясының 2007 жылдың 16 мамырында қабылдаған «әлем халықтары қолданатын барлық тілдерді тарату, сақтау және қорғау» жобасының бір бөлігі болып табылады. Осындай көзқараспен 2000 жылдан бастап көптеген елдердің тілдік және мәдени әртүрлілігі туралы қоғамның хабардарлығын арттыру үшін жыл сайын «Халықаралық Ана тілі күні» атап өтіледі.

 

Сарапшылардың пікірінше, ана тілі - әртүрлі қауымдастықтардың материалдық және материалдық емес мұраларын сақтау мен дамытудың ең қуатты құралы. Басқаша айтқанда, тіл онымен сөйлейтін адамдардың мәдениетін көрсетеді. Ана тілі - тірі жан сияқты. Ол өз халқымен бірге өмір сүреді, оларға өз әлемін баяндауға көмектеседі. Алайда кез-келген тілдің жойылуы адамзат мәдениетінің бір бұрышының жойылуын білдіреді.  Шағын еуропалық тілдер саласында белсенді жаңалықтар қызметінің редакторы Дэвид Хикс: «Тілдік түрлілік - биоәртүрліліктің бөлігі. Жануарлар мен аңдардың жойылуы біздің планетаға зиян тигізеді.  Сондай-ақ менің ойымша, егер бір күні басқа тілдер жойылып, тек ағылшын, француз немесе қытай тілдері қалса, біздің әлем кедейленеді»,- деді.

Ана тілі қарым-қатынас, әлеуметтік интеграция, білім беру мен дамудағы рөліне байланысты өте маңызды. Ана тілі - сөйлеу тілі ғана емес, ол сонымен бірге сезім тілі, мейірім тілі және адамның өмір сүру тілі. Ана тілі - бұл адамның ішкі тілі.  Адам  алдымен  ішкі тілімен ойлайды, содан кейін оның сөйлеуге қолданатын тіліне аударады. Ана тілі мен адамдар арасындағы қатынастар арасында да байланыс болуы мүмкін. Қарапайым тілмен айтқанда, ана тілі қоғамдағы адамдар арасында эмоционалды байланыс орнатуда маңызды рөл атқарады. Оңтүстік Африканың бұрынғы президенті Нельсон Мандела: «Егер адаммен ол түсінетін тілде сөйлесеңіз, сөздеріңіз оның миына жетеді, ал егер онымен ана тілінде сөйлесеңіз, сөздеріңіз оның жүрегінде орын табады»,- деген болатын.

Ана тілі мен оны үйрену әр адамның жеке басының қалыптасуына үлкен әсер етеді. Тіл мамандары, биологтар мен психологтардың пікірінше,  ана тілінің әуені, түсі мен әсемдігі нәрестеге ана құрсағында жатқан кезден бастап беріледі. Басқаша айтқанда, нәресте өзімен бірге әкелетін мұраның бір бөлігі - ана тілінен алынған қорлар. Тиісінше, нәресте басқадардан гөрі анасы мен әкесінің дауысына тезірек жауап береді. Балалармен жұмыс жасайтындар үшін айтыладын  жалпы және арнайы кеңес - балалармен сөйлесу үшін  ана тілін қолдану. Алайда бүгінде жаһандануға байланысты жергілікті тілдер жойылып барады. Сонымен қатар, тілдер жойылған кезде мәдени әртүрлілік те жоғалады және онымен бірге адамдар жақсы болашақ құрудың құнды ресурстары болып табылатын мүмкіндіктерден, дәстүрлерден, ерекше ойлау тәсілдерінен айрылады.

ЮНЕСКО мәліметтері бойынша әлемде белгілі 6000-ға жуық тілдің 3000-нан астамы жойылып кеткен. Осы кезде бұл тілдерді   өте кішкентай топтар қолданады, бірақ олардың ешқайсысының қалатын мүмкіндігі жоқ.  Тілдердің 96 пайызы әлем халқының тек 4 пайызының арасында таралды.  Мысалы, Тынық мұхитындағы Папуа-Жаңа Гвинея аралдарында 800-ден астам тіл бар, олардың кейбіреулерін 200-ден аз халық қолданады. Бұл аралдардағы халықтың жалпы саны жеті миллионға жетпейді. 6000 тілдің тек бірнеше жүзі ғана білім беру мен қоғамдық салада, ал жүзден азы цифрлық әлемде қолданылады. Әлем халқының тек 40 пайзы ғана өздері сөйлейтін және түсінетін тілде білім алады. ЮНЕСКО-ның пікірінше, кең таралмаған тілдердің кең таралған тілдермен қатар өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз етуге күш салу керек. Тілдің жеке тұлға мен ұлттар мен ұлыстардың мәдени ерекшелігін қалыптастырудағы рөлін ескере отырып, мұндай күш әлемдік мәдениетті одан әрі өркендете алады. Ана тілдері адамдардың ойлары мен ерекшеліктерін қалыптастырады. Ана тілі - эмоциямен ұштастыра оқытылатын жалғыз тіл, ол үшін балама жоқ.    Өмірдегі ең  маңызды және сезімтал сәттерде  кез келген адамның бейсаналық ойлары мен толғаныстары ана тілде қалыптасады.

Атақты француз жазушысы Альфонс Даудет ана тілінің маңыздылығы туралы: «Ана тілін ұмытқан кез-келген ұлт түрменің кілті жоғалған кездегі тұтқынға ұқсайды»,- деді. Сондықтан «барлық мәдениеттерді дұрыс түсінуге жол ашатын тілдік әртүрлілікті құрметтемесек, сенімді диалог немесе тиімді халықаралық ынтымақтастық қалыптаспайды» деп айтуға болады.  Бұл мәселенің маңыздылығына байланысты ЮНЕСКО ана тілін барлық үкіметтер қарастыруы керек және алғашқы тілге немесе ана тіліне негізделген білім алғашқы жылдардан бастап қарастырылуы керек деп санайды.

Ана тілінде білім берудің маңыздылығын ескере отырып, биылғы Халықаралық Ана тілі күнінің тақырыбы «Білім беру мен қоғамға тарту үшін көп тілді білім беру» болып белгіленді.  Сөйтіп  барлық қоғамдарға ана тілдерінің барлық адамдар үшін ортақ болуы арқасында олардың тұрақты дамуына себеп болатының  көрсету көзделді.  ЮНЕСКО көптілді білім мен тілдік әртүрлілікті қуаттап, оларды мәдениетке сәйкес келетін және мәдени әртүрлілікке қызмет ететін тұрақты дамудың алғышарты ретінде атап көрсетеді. Бірінші тілге немесе ана тіліне негізделген білім беру алғашқы жылдардан басталуы керек, өйткені ерте жастағы балаларды үйрету оқытудың негізі болып табылады. Сондықтан соңғы жылдары елдермен, әсіресе бастауыш білім беру жүйесінде  көптілді білім беруге көп көңіл бөлінуде.   

Халықаралық Ана тілі күнін мерекелеу бұл тілдер ұмытылмауы үшін, сондай-ақ елдердің мәдениеті, мұрасы мен тарихы өзгеріссіз қалуы үшін барлық адамдар мен қауымдастықтарға бұл тілдердің маңыздылығы мен рөлін еске түсіруге мүмкіндік береді. Халықаралық Ана тілі күні адамдарға өздерінің ана тілімен мақтануы керек екені қуатталады.

 

Тегтер