Нұр аясында (1)
(last modified Wed, 14 Apr 2021 13:31:01 GMT )
Сәу 14, 2021 19:31 Asia/Almaty

Рамазан айының қасиетті дастарханың басына жиналған Алла Тағаланың мейірімді серіктері мен қонақтарына, сәлем!

 

Рамазан айы мүміндерді Алланың мейрамына шақыру үшін қайта келді. Ислам рауаяттарында бұл ай Алланың айы және ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) үмбетін қонақ ету ай деп аталды. Алла Тағала бұл айда пенделерін мейірімділікпен қарсы алады. Бұл қонақжайлылық адамдардың асқазанын толтыру дегенді білдірмейді, пенделер бұл қасиетті айда ораза, дұға, Алламен сұрласу және басқа да ғибадаттар арқылы рухани өсе алады дегенді білдіреді. Сондай-ақ жаман қасиеттерді жою арқылы адамгершілік қасиеттерді нығайта алады. Осы құнды мүмкіндікті пайдалану адамды Жаратушыға жақындата түсетіні анық.

Бұл ұлы айдың «Рамазан» атауының себебін түсіндіргенде  Пайғамбарымдың (с.ғ.с.) хадисіне жүгінуге болады. Алла елшісінің хадистерінің бірінде: «Рамазан айы күнәларды жоятын болғандықтан осылай аталады»,- деп айтылды. Имам Бақер (ғ.с.) бұл айдың артықшылығы туралы Джаберге: «Бұл айдың күндерінде ораза тұтып, түнінің бір бөлігін ғибадатта өткізген адам, анасынан туылған күніндей»,- деді. 

Алла елшісіш қасиетті Рамазан айының қарсанында халықты былай деп дайындайтын: «Уа, халайық! Алланың айы береке, мейірімі және кешірімімен келді. Бұл ай Алланың алдында ең жақсы айларының бірі. Оның күндері ең жақсы күндер және түндері ең жақсы түндер, сағаттары ең жақсы сағаттар. Бұл айда барша Алланың қонағы болуға шақырылады және Оның мейіріміне бөленеді. Бұл айда кез келген уақытта Алламен сырласуға болады және Алла дұғаларыңды орындайды. Бұл айда кедейлер мен мұқтаждарға көмектесіп, қарттарды құрметтеп, балаларға мейірімді болып, жақындарыңмен қатынас орнатыңдар. Уа, халайық, бұл айда ақлақың жақсартқан адам Сират көпірінен оңай өтетін болады. сондықтан шын жүректен Алладан ораза тұтып, Құран оқуға көмектесуді сұраңдар, өйткені бұл айда Алланың берексінен мақрұм қалатын адам, бақытсыз».

 

Ислам ахкамы бойынша қасиетті Рамазан айын бес әдіс арқылы көруге болады: адамның өзі көреді; сенімді адамдар жаңа  айды көргендерін айтады немесе кез келген сенімді құрал арқылы айды көру; екі әділ адам түнде айды көрдім дейді, бірақ олардың сөздерінде қайшылық болмауы керек, егер қайшылық болса, айдың туғаны ділелденбейді; шағбан айынан 30 күн өткен жағдайда, шариғатты жетік білуші  айдың бірінші жұлдызы екендігі туралы үкім шығаруы керек. Осыған байланысты тағы бір айта кететін жайт, егер шариғатты жетік білуші бұл айдың бірінші жұлдызы деп үкім шығарса, оның ережесіне бағынуы керек, ал шариғатты жетік білушінің қателескенін білетін адам.   оның бұйрығы бойынша әрекет ете алмайды. Егер бір қалада айдың туғаны анықталса, егер келесі қаланың арасы жақын болмаса, екінші қала үшін пайдасы жоқ. Сондай-ақ, егер адам рамазан айының соңғы күні ме әлде шауал айының бірінші күні басталғанын білмесе, ораза ұстауы керек. Бірақ, егер мағрибке дейін шауалдың бірінші күні екенін түсінсе, ауызын ашуы қажет.

Аллаға құлшылық етуден басқаны қажет етпейтін адам үшін байлық пен мүліктің тек бір мағнасы бар, ол тек Алламен сырласу. Бұл байлыққа жетудің өзіндік жолы бар және біз бұл әдет-ғұрыптарды Пайғамбар өмірінен және дін әулиелерінен үйренеміз. Алла елшісінен (с.ғ.с.) кейін хазіреттің Аһле бейті мұсылмандар үшін көптеген түсініктерді дұға түрінде қалдырды. 

Сәжделері көп әрі ұзақ болғаны үшін осы лақаб атпен аталған хазірет Саджад (ғ.с.) қасиетті Рамазан айы басталған кезде Алланың есімімен бастап, Оны мадақтап, онымен сырласуын бастайтын. Бүгін «Сахифе Саджадиенің» 44-ші дұғасын ұсынамыз:

«Біз шүкірлік етуге қарай бағыттаған және бізді оның жақсылықтарына шүкір етуіміз үшін лайықты еткен, осы игі істеріміз үшін бізге жақсылық жасаушылардың сыйын берген және бізге өз дінін ұсынған, бізді өз жолына нұсқаған,  Аллаға алғысымызды айтамыз. Рамазан айы ораза айы, исламның айы, тазалық пен сынақ, көтеріліс айын қалыптастырған және халықы дұрыс жоолға нұсқау үшін Құранды жіберген ай. Айқын нұсқау белгілері шындықты жалғандықтан ажырататын, сондай-ақ көптеген қадір-қасиеттеріне байланысты басқа айларға қарағанда артықшылыққа ие, басқа айларда халал  саналатынды бұл айда харам еткен, белгілі уақытта ішіп-жеуге тыйым салған. Алла Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетіне сәлем жолдап, бұл айдың артықшылығын білуге ​​және оны құрметтеуге, ондағы тыйым салынған нәрселерден аулақ болуға және буындарды күнәлардан сақтап, оны ұнататын нәрселерінде қолдану үшін оразаны ұсынды.  Уа, Алла, бос сөзді құлағымызбен тыңдамауға және жамандықты көзімізбен көрмеуге және қолымызды харамға созбауға көмектесе гөр. Өзін тыйым салған нәрсеге қадам жасамайық, асқазанымызды хараммен толтырмай, тіліміз тек Өзін айтқан сөздерді қайталап, Өзіңе жақындататын істі ғана істейтін болай-ақ. Екіжүзділер мен таза атақ-даңқ іздеушілердің қатарынан аулақ ет».