Нұр аясында (3)
(last modified Sat, 17 Apr 2021 14:09:51 GMT )
Сәу 17, 2021 20:09 Asia/Almaty

Алла елшісі: «Егер Алланың пенделері Рамазанның берекесі мен ақиқатынан хабардар болса, олар бұл айдың бір жылға созылуын тілейтін еді».

 

Өмірде пайда болатын кез-келген ерекше мүмкіндікті толық пайдалану қажет. Қасиетті Рамазан айы ерекше мұрсат, илаһи мейірім дастарханына шақыратын мүмкіндік. Жақсылық пен мейірім Пайғамбары (с.ғ.с.) ол туралы: «Егер Алланың пенделері Рамазанның берекесі мен ақиқатынан хабардар болса, олар бұл айдың бір жылға созылуын тілейтін еді» және тағы бір сөзінде: «Расында аспанны есіктері Рамазанның бірінші түнінде ашылып, соңғы түніне дейін жабылмайды»,- деді.

Қасиетті Рамазан айы Құранға сүйспенділік білдіретін, Құранды танып, түсінуге талпынатын және оны пайдаланатын ай. Құран – жүректер көктемі, Рамазан айы – Құранның көктемі. Имам Бақер (ғ.с.): «Кез келген нәрсенің көктемі бар және Құранның көктемі – Рамазан айы»,- деген.

Құран Кәрім мен пәк тұлғалардың (ғ.с.) хадистерінде Құран ақиқаты нұр, шипа, шындық пен ақиқат, дұрыс жолға жол нұсқау сияқты қасиеттермен таныстырылған және бір сөйлемде барлық ізгіліктерді қамтиды. Сондықтан Құранға деген сүйіспеншілік, шын мәнінде, нұрға, ақиқатқа, шындыққа және басшылыққа деген сүйіспеншілік. Сүйспеншілікке көбінде тұрақты байланыс арқылы қол жеткізіледі. Бір нәрсемен үнемі байланыста болу нәтижесінде адам оған үйреніп, байланысы сүйспенділікке айналады және оның арқасында тыныштық пен сенімділікке қол жеткізеді. Сүйіспенділіктің қажеттілігі – тану және танығаннан кейін үнемі қатынас орнату.  Құранмен байланыс орнату Құранды білуге себеп болады. Құранды білу адам баласында тыныштандыратын және сендіретін қарым-қатынасты тудырады және бұл тыныштық пен сенімділік Құранмен достасуға әкеледі. Құранмен танысу оны оқудан кеңірек. Құранмен танысу дегеніміз - Құранды үйрену, Құран оқу, Құранды түсіну және соңында Құранға сай амал ету. Қасиетті Рамазан айы, Құран жіберілген айда, әрқашан Құран мен оған ғашық болу туралы көп айтылады.

 

Ислам шариғатында ораза төртке бөлінеді: қасиетті Рамазан айының оразасы сынды парыз ораза; реджеп пен шағбан айларындағы мұстахаб оразалар; Ашура күніндегі ораза сынды макруһ ораза; Ораза және Құрбан айт күндеріндегі харам ораза.                                                                                        

 

Қасиетті Рамазан айының басталуына және бұл айдағы оразаның уәжіп саналауына байланысты белгілі уақытта ұсталатын парыз оразаларға тоқталамыз. Оларға қасиетті Рамазан айының оразасы, қаза оразасы,  кәфәра оразасы, ата-ананың қаза оразалары, назырға байланысты парызға айналған мұстахаб ораза, этикаф күндерінің үшінші күніндегі ораза, қажылықта құрбандық шалудың орнына ораза ұстау жатады.

Ораза ұстау немесе бұл парызды адамдардың иығынан алып тастау туралы әңгіме барысында негізгі мәселелерге көңіл бөлген жөн. Мысалы, ораза ұстаудың өзіне зиян екенін білетін адам оразасын ұстамағаны дұрыс, ал егер ораза ұстаса, бұл дұрыс емес және харам. Ораза ұстаудың зиян әкелетіні туралы адамның  жеке тәжірибеден туындаған білімі немесе дәрігер мен басқа білімді адамның сөзі негіз бола алады. Оразаның ауруды қоздыруға немесе күшейтуге себеп болуы, адамның әлсіреп, ораза ұстай алмауы сынды жағдайларды   ораза ұстаушының өз анықтайды. Сондықтан, егер дәрігер ораза зиян келтірмейді десе, бірақ адамның өзі зиян келтіретінін білсе, ораза тұтпауы керек. Науқастарға тигізетін зиянына байланысты «ораза ұстамаңдар» дейтін дәрігерлердің сөзі дәлелді болуы қажет, өзге жағдайда сенімді емес.

 

 «Ғафир» («Мумин») сүресінің 60-шы аятында Алла Тағала оны шақырған кез келген адамға жауап беруді уәде етеді. «Раббыларың: “Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында Маған құлшылық қылудан паңсынғандар, олар қор болып, тозаққа кіреді” дейді». Егер жүрек Алланы еске алумен әтірдің хош иісіне бөленсе,  оның дұғалары орындалады.  Алладан қалай тілеуіміз керек?  Біз Оның пендесі жағдайындамыз және ол Иеміз, барлық әлемдіктердің Жаратушысы. Оған ғибадат жасамаған кез келген адам тозаққа енеді. Тозақтан қорыққаннан құлшылық ету - бұл құлдардың құлшылығы. Ал егер жұмаққа ену және ақыреттің сауабына ие болу мақсатты құлшылық  саудагерлер құлшылығы. Бірақ Аллаға ризашылық үшін жасалған құлшылық  еркіндердің құлшылығы.

Илаһи тұлғалардан құлшылық пен жалбарыну Рамазан айында күнделікті парыз намаздарынан кейін оқылатын дұғалар қалды.

Имам Мұса Казем (ғ.с.) Алла Тағаладан жақсылық тілеп: «Уа, Алла!   Осы жылы және әр жылы,  өмірімнің соңына дейін қасиетті үйіңе қажылық жасауды нәсіп ете гөр. Сондай-ақ  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қабірін зиярат етуден мақрұм қалдырма. Уа, Алла, дүние мен ақыреттің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көмектесе гөр. Уа, Алла! Тағдыр шешілетін Қадр түнінде мені қасиетті үйіңнің қажыларының қатарына қосуды сұраймын. Бұл талпыныстары қабыл болған және күнәләрі кешірілген қажылар. Өзіңе құлдық ету жолында ұзақ ғұмыр бер, ырзығымды арттыра гөр»,- деді.