Нұр аясында (6)
Қасиетті Рамазан айы – даму, тазару, сонымен бірге исламның өмірлік ілімдері аясында ең жоғарғы адамгершілік және адами құндылықтарға бет бұруға мүмкіндік береді.
Алланың мейрамына, Алланың айына сәлем!
Ораза ұстаушыларға, Рамазан айын шын жүректен ұнататындарға сәлем!
Алла Тағаланың сүйікті және адал достары мен қонақтарына сәлем!
Қасиетті Рамазан айы иман мен адал істердің көлеңкесінде адамгершілік қасиеттермен безендірілген ай. Адам - табиғат пен табиғаттан жоғары нәрсенің үйлесімділігі. Материалдық дене - адамның табиғатының бөлігі, ал оның илаһи жаны мен рухы - оның табиғаттан жоғары ғаламның бөлігі. Адамның болмысына құндылық пен өзіндік ерекшелік беретін және оның басқа тіршілік иелерінен ерекшелігін ашатын нәрсе - оның илаһи рухы. Шындығында, кез-келген рухына байланысты Аллаға жақындау дәрежесіне жете алады. Әрине, адамның тіршілік етуінің бұл жағы да өсу мен дамуды қажет етеді және оны өсіру үшін материалдық емес істермен айналысу керек.
Рамазан айындағы рухани рәсімдер мен бағдарламалар адамның тәнінен бұрын, жанын тәрбиелейді. Басқаша айтқанда, ораза ұстаудың жеке адамға және қоғамға тигізетін пайдасы мен материалдық берекесі көп болғанымен, қасиетті Рамазан айының басты мақсаттары - адамның рухы мен психикалық әлемі. Ашақарақтық кемелдікке жету жолындағы ең үлкен тосқауыл болса, азырақ тамақтану мен тепе-теңдікті сақтау кемелдікке жетудің ең жақсы жолы болып табылады. Имам Хомейни бұл туралы: «Алла Рамазан айында дастархан жайып, қонақтарын оның басына жинап, олар үшін дайындаған тағамдарынан дәм татқызғысы келеді. Алла Тағаланың дастарханының тағамы – Құран Кәрімнің өзі»,- деген. Содан соң имам Хомейни сөзін жалғастырып: «Ойға «неге Қадір түні қасиетті Рамазан айының алғашқы түндерінің бірі?» емес деген сұрақ келеді. Қадір түнінде Алла Тағала көптеген нығметтерін сый еткісі келгендіктен, айдың басында ол үшін қажет дайындықтар жасалмаған. Ішіп-жеуден тартынып, аштық пен шөлді арқылы сіз физикалық, табиғи және материалдық болудан біршама алшақтап, илаһи нығметтерді қабылдауға дайын болу үшін руханият пен періштеге жақындауыңыз керек»,- деді.
Ораза – адам үшін өзін тәрбиелейтін құрал, адамның табиғатына сәйкес жоғары деңгейге жету саласындағы өзгерістері мен әрекеттерінің негізі. Қасиетті Рамазан айы – даму, тазару, сонымен бірге исламның өмірлік ілімдері аясында ең жоғарғы адамгершілік және адами құндылықтарға бет бұруға мүмкіндік береді. Алла Тағаланың қасиетті айдағы рухани әсерлерінің арқасында таза жүректерің илаһи құндылықтарға деген ұмтылысының өсіп келе жатқандығына куә болудамыз. Рухани тұрғыдан қоғам жылдамырақ дамып, Алланың материалдық нығметтерінің берекесі кеңеюде.
Ораза - Исламның тіректерінің бірі, ақылды және ересек әрбір мұсылман еркек пен әйелге бір айға парыз. Бірақ шариғатта ескерілген шараларға сай ораза ұстай алмайтын адамдар үшін Жаратушы мен Оның елшісінің (с.ғ.с.) тарапынан ораза ұстамауға рұқсат етілді. Мәселен, қарт адамдар немесе ораза тұту қиындық тудыратын адамдар үшін ораза парыз емес. Алайда ораза тұту қиындық әкелетін адамдар күн сайын 750 грамм бидай немесе басқа дақылды кедейге беруі керек. Сондай-ақ ораза ұстай алмаған қарт адам Рамазан айынан кейін оны ұстай алатындай жағдайға келсе, ықтият етіп, қазасын ұсатуы қажет. Босанатын уақыты жақындаған әйел үшін ораза ұстау зиян келтіретін болса, ораза – парыз емес. Ол күн сайын кедей адамға бидай немесе басқа дақылды береді және екі жағдайда да ұстамаған оразаларын қаза түрінде ұстайды. Сонымен бірге баласын емізетін және сүті аз ананың оразасы сәбиге зиян келтіретін болса, бұл әйелге ораза тұту парыз емес. Ол әр күннің ораза үшін кедей адамға бидай, арпа және басқа дақылдарды кедейге береді. Сондай-ақ егер ораза бұл әйелдің өзіне зиян келтірсе, уәжіп ықтият бойынша, күн сайын кедейге 750 г. бидай беруге міндетті. Ескерілген екі жағдайда ұсталмаған ораза қарыз түрінде ұсталуы керек. Ораза ол үшін қиындық тудыратын адамға ораза парыз емес. Шөлге төзе алмайтын және шөл ауруға әкелетін адам ораза ұстамайды. Сондай-ақ қарт, науқас, аяғы ауыр және бала емізетін әйел, бір жерде он күнге тұрақтау неті жоқ жолаушы үшін ораза парыз емес.
Дұға ету - мұқтаж кедей адамның Аллаға бет бұруы. Дұға жасайтын адам Жаратушысын сырласатыны білуі керек. Алла Тағала немқұрайлық білдіретін жүректің дұғасына жауап бермейді, сондықтан дұға жасаған кезде бүкіл болмыспен Аллаға және дұғаның орындалатынына сенімді болу қажет.
Қасиетті Рамазан айында Алла Тағалаға жақындататын дұғалардың бірі – «Эфтетах» дұғасы.
«Мейірімді және Рақымды Алланың атымен, уа, Алла, құлшылығымды Өзіңді мадақтаумен бастаймын. Сен құлдарыңды жарылқап, жақсылыққа жетелейсін. Уа, Алла, сен кешірім мен мейірімділік кезінде мейірімділердің ең мейірімдісі екеніңе сенімдімін, бірақ жазалау кезінде жазалаушының ең қаталысың. Уа, Алла, Сен маған Өзіңді шақырып, тілеумді айтуға рұқсат бердің. Уа, барлық нәрсені Естуші, Мейірімді Алла, мақтауымды тыңдап, жауап бере гөр. Уа, Кешіруші, күнәларымды кешіре гөр. Уа, Алла, қанша қиыншылықты шештін, қаншаны қайғыдан алыстаттын, қанша қателерді едемедің. Көптеген қылмыстарды кешіруін Өзіңнен тілеуге құқым жоқ нәрселерді сұрауға себеп болды. Сен рақым мен мейіріміңмен ырзығымды бересін. Дәл осы рақымын мен мейірімін менің Өзіңді шынайы сеніммен шақыруыма, Өзіңді жақсы көруіне, Өзіңнен тілеуіме әкелді. Қажеттілігімді сұрау үшін еркелеп, Өзіңнің алдына келдім. Мен соншалықты наданмын, өйткені менің сұрағаным кешіктірілсе, наразылық білдіремін, оның кешіктірілгені мен үшін жақсырақ болар деп ойламаймын. Уа, Алла, Сен Данасын. Раббым, сен мені шақырасың, бірақ мен сенен бас тарттым. Сен менімен достасасың, ал мен саған дұшпандылық білдіремін. Сен мені жақсы көресің, ал мен қабылдамаймын. Сондықтан надан пендеңе рақым ет. Расында, сенді кешірімді және жомартсын. Біздің надандығымыздан хабардар, бірақ оны біле тұрып, сабыр сақтайтын, сондай-ақ азаптау құдыретке ие, бірақ біздің қателіктерімізді кешіретін Аллаға алғыс айтамын. Шыдамды, төзімді, жаратылыстың Жаратушысы, ырзық беруші, жомарт Алланы мадақтаймын. Ол сондай жақын, құпия нәрселерді естуші, еш нәрсені мұқтаж етпейді. Шақырғаныма жауаб беріп, жамандықтарымды жасыратын Аллаға алғысымды айтамын. Мен бағынбаймын, Ол маған нығметтерін жібереді, менен қандай қорқынышты оқиғаларды алыстатып, таңырқататын жақсыылқтарды сый етеді. Қорқушы адамдарды құтқаратын, лайықты адамдарды құтқаратын және қорлық көргендер мен әлсіздерді жоғарылататын Аллаға рақымет. Бізді бұл дінге нұсқаған Аллаға ризалығымды білдіремін. Егер Ол бізді дұрыс жолға нұсқамағанда, біз адасатын едік».