Құлшылық түндері (3)
(last modified Wed, 05 May 2021 12:50:03 GMT )
Maм 05, 2021 18:50 Asia/Almaty
  • Құлшылық  түндері (3)

Уа, ең пәк түн! Біздің ластықтарымызды қаранғылығынмен жасыр.

Биікке көтеріліп, жоғары деңгейге жететін ең жақсы уақыт келді.  Тағы бір абыройлы түн. Бүгін кез-келген түнге қарағанда Алланың сәлемі пенделерін ерекше тыныштатады. Уа, ең пәк түн! Біздің ластықтарымызды қаранғылығынмен жасыр. Біздің көз алдымыздан баяу өте гөр. Сенің әр сәттіңді ең жақсы түрде пайдаланайық. Бір жыл өтіп, өзіңді көру мүмкіндікке ие болдық. Тағдырды шешетін түн! Жыл бойы өзінді күтіп, үмітімізді өзіне арттық. Сен мыңдаған күндер мен айлардан артықсын.

 

Рамазан айы оразасымен, Алланы еске алуы,  жалбарынуы және илаһи мадақтарымен, Құран оқу  және иман келтіргендердің  басқа ғибадаттарымен, көптеген нығметтерімен жүректі нұрландырады және ластықтардан тазартады. Бұл нұр Қадір түндерінде илаһи  сәлеммен жоғары деңгейіне жетеді. Құранның әйгілі тәпсіршісі ғұлама Табатабаи бұл түндегі денсаулық пен қауіпсіздікке сілтеме жасап, былай деп жазған: «Құран Кәрім Қадір түнінің ерекшелігі туралы: «Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады»,- деді». Исламдық рауаяттарда Исламның ұлық пайғамбарының қасиетті Рамазан айында төсегін жинап, өте аз ұйықтағаны айтылды. Хазірет (с.ғ.с.) Қадір түнінде ғибадат үшін үйіндегілерді оятып: «Алла Тағала Қадір түнінде ықыласы және иманымен ояу болған пенделердің бүкіл күнәларын кешіреді»,- деген. Бұл түнде дұға  және ғибадатпен бірге   көздерден жас ағып, адам оны ауырлататын күнәсіне өкінішін білдіреді.  Көптеген адамдар үшін: «Қадір түні Алладан не сұраймыз?»- деген сұрақ туындайды.

 

Хазірет Идристің халқы оны қатты қудалады. Алла Тағала хазірет Идриске: «Олар пайғамбарымның құнын және міндетін білмейді,  сондықтан мен сені олардан алу шешім қабылдадым»,- деді. Сөйтіп, хазірет Идристің қырық жылдық ғайып кезеңі басталды және оның елі илаһи азаптың куәсі болды. Олар ашаршылыққа ұшырады.  Қырық жылдан кейін олардың ішінен ғұламалары шығып, халыққа: «Идрис бізді тастап кетті, бірақ Идристің құдайы бар. Идрис бізден не тіледі? Тек Алланың алдына күнә жасамауымызды»,- деді. Халық қабыл етті және дәл сол сәтте тәубе етіп, күнә жасамау шешім қабылдады. Бұл шешім қабылдансымен, Алла хазірет Идриске: «Тұр, менің құлдарым өзгерді, сенің оларға қайтатын уақыт келді»,- деді. Хазірет Идрис қырық жылдан кейін қайтадан халқының арасына оралды. Бұл оралудың негізгі шарты - қоғамдағы халықтың өзгеруі болды. Бүгінгі күні адамдар интеллектуалды және идеологиялық кедейлікке ұшыраған кезде, Алладан  күнә жасамауға ерік-жігер беруді сұрау ең жақсы тілек болып табылады. Имам Садық (ғ.с.): «Бұл түнде рукуһ пен сәжде жасаушылар, бұрынғы қателіктер туралы ойланып, жылайтындар қандай бақытты. Мен мұндай адамдардың Алланың алдында үмітсіз қалмайтындарына үміттімін»,- деді.

 

Хадистерде Рамазан айының 19, 21 және 23-ші түндері Қадір түндері деп аталғанымен, көбі 23-ші түнді көбірек қуаттайды. Суфиян бен Самат имам Садықтан (ғ.с.): «Қасиетті Рамазан айының қай түндері Қадір түндері болуы мүмкін?»- деп сұрады. Имам: «19, 21 және 23-ші»,- деді. Ол қайтадан: «Олардың қайсы сенімділеу?»- деп сұрағанда, имам: «23-ші түн»,- деп жауап берді. Имам Садықтан (ғ.с.) Қадір түнінің амалдары туралы: «Рамазан айының 19, 21 және 23-ші түндерінде ғұсл алып, бұл түндерді ояу өткізуді талпыныңдар. 23-ші түнде келесі жылдың тағдыры жазылады. Бұл түнде 100 рекет намаз оқы және әп рекетінде «Тауһид» сүресін оқу мұстахаб»,- деді. («Бихар әл-Анвар», 97-ші том, 9-шы бет). Сондай-ақ имам Садық (ғ.с.): «Алламен ант етемін Рамазан айының 23-ші түнінде «Анкабут» пен «Рум» сүресін оқыған кез келген адам жәннәтқа барады. Расында бұл екі сүре Алланың алдында ерекше орынға ие»,- деп сөзін жалғастырды.

Шындығында, Қадір түні - Құранды оқып, оның аяттары туралы ойланып,  оған жүгінетін түн. Бір адам имам Садықтан (ғ.с.): «Еш уақытта ескірмейтін Құран туралы не деуге болады?»- деп сұрады. Хазірет: «Алла Тағала бұл кітапты арнайы  уақыт немесе белгілі бір халық үшін жібермеген. Құран кез-келген уақыт және кез-келген жамағат үшін -жаңа. Қиямет күні Құранның - мәңгілік және жақсы өмірдің жарғысы. Құран – бүкіл дерттердің емі. Сондықтан Қадір түнінде түсірілген мәңгілік өмірдің жарғысы болып табылатын Құраннан алыстауға болмайды»,- деді. Қадір түні Құранды көтеріп, басымызға қойуымыз, яғни Алладан Құранның бүкіл болмысымызға әсерін тигізуін сұраймыз және Құранға сай өмір сүруге талпынатынымызды білдіреміз.

 

Қадір түнінде адамның тағдырын анықтау адамнің ерік-жігеріне қайшы келмейді. Себебі илаһи тағдыр жеке адамдардың  ізгіліктеріне және иманы мен амалдарына байланысты. Яғни, әр адамның тағдыры олардың лайықтылығына қарай белгіленеді. Бір жыл бойы ізгі амалдар жасап, арамдықтан аулақ болған адам, егер осы түннің қадір-қасиетін түсініп, Құдайға жақындай алса, көбірек сауапқа ие болады. Сондықтан бұл құнды мұрсатты хабардар және қырағы түрде пайдалануымыз керек. Қырағы адам бұл түнде Алладан жақсылықты жіберуді және керісінше жамандықтан алыстатуды сұрайды. Қадір түнінде ояу болу тек ұйқтамау  емес, жүректі немқұрайлықтан алыс ұстауды білдіреді. Немқұрайлық – әлемнің сырт көріністеріне алаңдап, Алланың пайғамбарлары мен әулиелері арқылы адамзатты дұрыс жолға нұсқап, бақытқа жетелейтін бағдарламадан аулақ болу. Сондықтан Құран немқұрайлықтан абай болу туралы ақыл-кеңес беріп, «Ағраф» сүресінде Алланың еске алуға немқұрайлық білдірушілер мен Одан хабарсыздардан болмауға шақырады. Бұл түнде парасатты және ақылды адамға бақыт пен құтқарылу жолында қадам басуға жағдай жасалады. Бұл түндерде жүрегімізге жарық пен білімнің ұшқыны түсіп, өміріміздің бағытын өзгертеді деп үміттенеміз.