Maм 06, 2021 19:10 Asia/Almaty
  • Қарсыласуға сәлем, зәйтүн еліне сәлем!

Қасиетті Құдсқа сәлем, Бейт әл-Мұқадас пен илаһи пайғамбарлардың жері, Әл-Ақса мешітіне сәлем!

 

Палестинаға сәлем, мазлұмдар жеріне сәлем, қасиетті Құдсқа сәлем,  Бейт әл-Мұқадас пен  илаһи пайғамбарлардың жері, Әл-Ақса мешітіне сәлем! Қарсыласу, табандылық пен ерлікке сәлем. Қайғыдан көздері жасқа толған аналар мен қаза болған жастарға сәлем. Бақайшағына дейін қаруланған сионистік сарбаздарға қарсы қолдарына тас ұстап қарсы тұратын намысқор жастарға сәлем. Олар өз табандылығымен Палестинаның сауырағаш сынды тік тұрып, өзінің табиғи құқығын қорғайтынын көрсетуде. Жетпіс жылдан астам уақыт бойы Палестина ең зұлым адамдардың торына түсіп, өте ауыр жағдайда өмір сүруде. Палестинаның сансыз жаралары жан-жақты, әсіресе мұсылман елдердің палестиналық қарсыласуды қолдауының арқасында жазылады. Қазіргі кезде сионистік режим құлдырауына қарай бет алды. Алланың қарсыласудың жеңіске жетуден басқа нәтижесі болмайтыны туралы уәдесіне сай зорлық-зомбылық көргендер үстемшілерді жеңеді. «Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз». («Қасас», 5-ші аят).

Бүгін қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы. Имам Хомейни қамари жыл санағы бойынша 1399 жылдың Рамазан айының 13 жұлдызында (1979 ж.) Иран мен әлем мұсылмандарына жолдау жасап, қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын «Құдс күні» деп атап, әлем мұсылмандары мен исламдық үкіметтерін Израиль үкіметі мен оның демеушілерінің қолын қысқартуға қосылуға шақырды. Мысыр президенті Анвар Садат, палестиналықтарға қолдау көрсетудің орнына Кэмп-Дэвид келісімі бойынша Израильмен қатынасын қалыпқа келтірген және араб үкіметері Израильмен достасып, Палестинаны жалғыз қалдырған кезде, имам Хомейни бұл күнді «Құдске халықаралық қолдау көрсету күні» деп атады. Имам Құдс күнін атау арқылы барлық үкіметтер мен еркін халықтар Палестинаның езілген халқына әшкере қолдау көрсетіп, Израиль қылмыстарына қарсы тұрады деп ойлады. Осы себепті «Құдс күні» - азат елдердің жаһандық сионизмге қарсы ынтымақтастығының көрінісі. Имам Хомейни өзінің тарихи жолдауында: «Мен әлемнің мұсылмандарын Қадір түндері кезіндегі қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасын Палестина халқының тағдырын шешетін Құдс күні ретінде қабылдап,  Палестинаның мұсылман халқының заңды құқыларын қолдау саласында халықаралық ынтымақтастығын жариялауға шақырамын»,- деді. Иранның Ислам революциясы жеңіске жеткен күнінен бастап, әлемдегі зорлық-зомбылық көргендерді қолдап, мұны өзінің діни міндеті деп біледі. Ислам революциясы жеңіске жеткен алғашқы жылдарда имам Хомейни Палестина мәселесін Ислам әлемінің басты мәселесі деп таныстырды және сан рет сионистік режимді қауіп-қатер тудыратын «обыр ісігі» деп атап, оны тамырынан жою қажеттілігін қуаттады.

Имам Хомейни өзін Израильдің араб және ислам жерлеріне қатысты экспансиялық саясатының маңыздылығын  сан рет еске салуға, сондай-ақ әсіресе араб елдерінің басшыларына сионистік режимнің түпкі мақсатының жерлерін Нілден Евфратқа дейін кеңейтіп, Ислам мен исламдық жерлерді жою екеніне назар аудартуға міндеттегендей болды. Аятолла Хаменеи де Палестинаның армандарын  қолдауды Ислам революциясының басты басымдықтарының бірі деп біліп, өз сөздерінде Израильді бірнеше рет «обыр ісігі» деп атады. Ислам республикасы басшыларының «обыр ісігі» деген сөзтіркесті қолдануы әлемдік сионизмнің табиғатымен байланысты. Қатерлі ісік бүкіл денеге біртіндеп таралып, оның құрбаны қайтыс болғанша, өз ісін жалғастыратындай, бұл режимде ұқсас бағдарламасымен алға қадам басуда. Бұл режим алдымен Палестина жерінің 5 пайызына иеленді және бірте-бірте қулықпен алға ілгерілеп,  Ұлыбритания мен АҚШ-тың қолдауымен көбірек жерді басып алды. Қазіргі кезде де Палестина толық қолына түсірмей тынышталатын түрі жоқ сынды. Үйлерді қирату, палестиналықты ана жерінен қудалау, палестиналық қарсыласуға қарсы шығу, палестиналық табанды жастарды өлтіру немесе тұтқындау  сионистердің қолайсыз әрекеттерінің бірі. Зәйтүн жерінде  палестиналықтардың қарсыласуы жалғауда.

Құдс күні - үстемшілерге ыза білдіретін күн

Палестинаның оқиғаға толы тарихы естуге тұрарлық, тарихи тұрғыдан Құдс ислам  әлемінің ең көне қалаларының бірі. Оның тарихы 45 ғасырдан асады және ол Ислам, Христиан және Иудаизм діндері үшін қасиетті. Өйткені Құдс аталмыш діндердің көптеген пайғамбарларының жері және мұсылмандардың алғашқы құбыласы болды. Әл-Ақса мешіті - Палестина жеріндегі мұсылмандардың алғашқы құбыласы  және Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) аспандарға көтерілген орны.

Тағы бір Рамазан айы өтіп жатыр, бірақ алғашқы мұсылман құбыласы болған Құдс қылмыскер Израильдің басқыншылығында қалуда.  Биылғы Аль-Кудс шеруі де коронавирус пандемиясының   шектеулеріне байланысты былтырғыдай өткізілмегенімен, Палестинаға қатысты мәселелер осы күні басты жаңалық болып табылады. Араб басшыларының шектен тыс мейірімсіздігі және бала өлтіруші сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыпқа келтірулері - ислам әлемінің соңғы кездегі азаптарының бірі. Қазіргі кезде араб елдері басшылары Ислам мен Құран Кәрімнің діни тағылымдарына қайшы зорлық-зомбылық көрген халықты қолдаудын орнына зұлымдықты қолдауда. Олар енді сионистерге ашық түрде бағынышты болып,  Палестинаның армандарын елемей, бұл жерді адамзат тарихынан, географиясы мен жадынан шығаруға мойын ұсынды.

Апатты мәселелердің бірі  араб елдерінің өткен жылы Трамптың өтінішін орындап, палестиналықтарға қаржы көмек көлемін күрт төмендеткендігі болды.  Олар бұл арам ниетті әрекетімен  палестиналықтарды аштық азабымен құртқылары келді. Өткен жылы Палестинаның Қаржы министрі Шукри Башара арабтардың Палестинаға көрсететін көмегінің 81,6 пайызға төмендегенін мәлімдеді. Al-Alam ақпарат желісі: «Араб елдері 2020 жылдың қаңтарынан тамызына дейін Палестинаға тек 38 100 000 доллар көмек көрсетті, 2019 жылы қаңтар айынан тамызға дейін 198 330 000 доллар көмек көрсеткен болатын. Сауд Арабиясы  да 2019 жылдың сегіз айында Палестинаға 130 000 000 доллар көмекетскен болса, 2020 жылдың алғашқы сегіз айында тек 30 800 000 доллар жіберді»,- деді. Бүгінгі таңда Палестина халқының аштықта өмір сүруіне   Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі  және Бахрейннің корольдері  мен ханзадалары өз үлесін қосып отыр. Басқа жақтан БҰҰ, Қауіпсіздік кеңес пен балаларды қолдайтын басқа халықаралық ұйымдар палестиналықтардың қиындықтарын азайту үшін ешбір талпыныс жасаймайтындарын көрсетті. Палестиналық ерлер мен әйелдерді өз жерлерінен ығыстырылуына, палестиналық, йемендік мұсылман балалардың  өлтірілуіне ешбір халықаралық ұйым көңіл бөлмей, үнсіз қалуда.  Палестинаның басып алынуына 70 жылдан астам уақыт өткенімен Қауіпсіздік кеңес немесе БҰҰ Бас ассамблеясының тарапынан кейбір кездерде ғана басқыншы Израиль режиміне қарсы қарарлар бекітілді, бірақ оларда іске асырылмады. Сионистер АҚШ-тың және басқа да әлемдік державалардың қолдауын пайдаланып, әрқашан бұл шешімдерді қабылдаудан аулақ болды. Сондай-ақ АҚШ   сионистердің Палестина халқына қарсы әрекеттерін айыптайтын қарарларға  сан рет вето қойды.

Қасиетті Құран  шынайы уәделерінде шындық жолындағы табандылықтың жеңіске жететінін қуаттағандай, аятолла Хаменеи Палестина мәселесі тек қарсыласу жолы арқылы шешіледі деп санайды. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, Ислам революциясының жеңісінен кейін құрылған қарсыласу майданы мен күш-қуат теңгерімінің күресшілердің мүддесіне өзгеруі Палестина үшін күрестің жаңа кезеңінің  ашылуына әкелді. Аятолла Хаменеи Палестинаның күрскер халқына: «Басты кеңес - күресті жалғастыру және барлық палестиналық жерлерде жиһад өрісін кеңейту. Әрине, сионизм вирусы ұзаққа созылмайды және жастардың күш-жігерімен, сенімі мен құлшынысымен бұл аймақтан жойылады»,- деді.

 

Тегтер