Діни жетекшінің Рамазан айының 19 жұлдызындағы баяндамасы
(last modified Sat, 08 May 2021 12:48:20 GMT )
Maм 08, 2021 18:48 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи қасиетті Рамазан айының 19 жұлдызында бейне форматта баяндама жасады.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің басында баршаны Алланың айын пайдалануға шақырды және Қадір түнің Рамазан айының шыңы  деп атап: «Бұл түндердегі оқылған дұғалар  мен төгілген көз жасты бағалап, өзіңіз, барлық діни бауырларыңыз, еліңіз бен қоғамыңыз үшін дұға жасап, Алладан тілеңдер. Кешірім сұрап, өзімізді илаһи мейірімге ие болуға дайындайық»,- деген ақыл-кеңесін айтты.

Аятолла Хаменеи

Қадір түндерінің бірі саналатын Рамазан айының он тоғызыншы түні Исламның ұлық пайғамбарының орынбасары әрі мұсылмандардың имамы хазірет Әлидің (ғ.с.) жарақат алған түнімен тұспа-тұс келді. Осы жарақаттардан хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болды. Аятолла Хаменеи сөзінің бір бөлімінде хазірет Әлидің (ғ.с.) өзі мен имаматына тоқталып, азіреттің имаматын пәк имамдар мен санаулы тұлғалар түсіне алатындарын қуаттады. Хазірет Әли (ғ.с.) Алла елшісінен (с.ғ.с.) кейінгі ерекше қадір-қасиеттерге ие теңдессіз тұлға. Аятолла Хаменеи: «Бұл ерекше қадір-қасиеттердің ең бастысы – әділеттілік. Хазреттің әділеттілігі таңқаларлық әділеттілік, ол туралы естіген адам таң қалады. Имам Әли (ғ.с.) дүниенің мүлкіне немқұрайлылық білдірген. Бұл асыл адам әлемді құрды, адамдарды материалдық және рухани өсуге және дамуға жетеледі. Бірақ өзі үшін еш нәрсені қажет етпеді. Батылдығы, әлсіздерге деген мейірімді жүрегі, залымдарға деген табандылығы, Алланың жолындағы жанкештілігі, сөздері мен амалдарының теңіздей даналығы – тіпті дұшпандары да мойындаған хазірет Әлидің (ғ.с.) қадір-қасиеттері»,- деді.

Аятолла Хаменеи, хазірет Әлидің (ғ.с.) жолы мен мінезін ұстануға кеңес бере отырып, имамның жанкештілігі және Алла жолында шәһид болуға деген құлшынысы мен тілегі туралы айтып, хазіреттің рауаяттарының біріне  назар аудартты. Рауаят бойынша, «хазірет Әли (ғ.с.): «Анкабут» сүресінің «Адамдар: “Сендік” деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма?» деген 2-ші аяты жіберілген кезде, Алла елшісі арамызда болған кезде біз үшін бүліктін болмайтынын білдік. Уа, Алла елшісі, Алла хабарын берген бүлік не?»- деп сұрадым. Алла елшісі: «Уа, Әли, үмбетім мене кейін бүлікпен бетпе-бет келеді»,- деді. «Уа, Алла елшісі, оыйнызда болса, Ухуд күні бірқатар мұсылман шәһид болды, бірақ мен шәһид болмадым. Бұл мен үшін қиын болды. Сол кезде маған «Сен Әлижан шәһид боласын» дегене хабар бердіңіз. Бірнеше жыл өтті, неге мен шәһид болмадым?» деп сұрадым. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Айтқанымдай болады. Сен шәһид боласын. Солк кезде сабырды қалай сақтайсын?»,- деп жауап берді. Мен: «Уа, Алла елшісі, бұл сабыр сақтайтын жәйт емес, бұл қуанышқа бөленіп, ризалық білдіретін жәйт»,- дедім».

Ислам революциясы жетекшісі: «Құдайға шүкір, жанкеш адамдар  біздің заманымызда бар және бұрында болған. Мен бұл мәселеде мүміндер басшысы хазірет Әлиді (ғ.с.) үлгі тұтқан көптеген адамдарды көрдім. Олар шәһид болғысы келіп, шәһид болуды армандады және Алла оларға бұл мүмкіндікті сый етті. Шәһид Солейманиді дұшпандар: «Сені өлтіреміз»,- деп қорқытқан. Ол достарына: «Олар мені қырда, далада, биіктік пен жазықтықта іздеп жүрген нәрсеммен қорқытады»,- деген.

Аятолла Хаменеи және сардар Қасым Солеймани

                      

12 үрдибехешт – ұстаз Мұтахаридің шәһид болған күні. Иранда бұл күн «Мұғалім күні» атанды. Ислам революциясы жетекшісі шәһид Мұтахаридің кейбір ерекшеліктеріне тоқталып: «Шәһид Мұтахари ғалым, философ, ойшыл, заңгер және зияткерлік мәселелерден хабардар адам болды. Брақ оның ең маңызды қадір-қасиетті – идея ұсынуы және оны таратуы. Идеяны тарату – өте маңызды. Ол тыныштық таппайтын. Біз көрдік, ол үнемі ойланып жүретін. Ол әрдайым дұрыс ойды, терең ойды халыққа жеткізу туралы ойланатын. Ол жылдар бойы ой-пікір жиһадын жүргізді. Ол бұл салада көптеген шабуылдармен бетпе-бет келіп, оларды жеңді»,- деді. Аятолла Хаменеи шәһид Мұтахариді ой мен ғылым саласындағы  жауапты және міндетті мойнға алатын тұлға деп атап: «Мұғалімнің жұмысы - адамзаттың ғылыми қорлары мен ғылыми мұраларын кейінгі буынға жеткізу. Олар бұл мұраларды барлық қабілеті мен шеберлігін қолданып, келесі ұрпаққа жеткізіп, шәкірттерін ойланатын адам қылып тәрбиелеуге міндетті. Бұл мұғалімдердің маңызды жұмысының бір бөлігі. Бұл өте ауыр міндет, үлкен жауапкершілік»,- деді.   Аятолла Хаменеи мұғалімдердің басқа міндетін студенттер мен оқушылардың санасын қорғау деп біліп, мұғалімдерді елді  дамытатын армияның офицерлері деп атады және мұғалімдердің  өз рөліне сеніп, өздерінің тарихи міндетін жауапкершілік сезімімен орындаулары керек екенін еске салды. Ислам революциясы жетекішісі әсіресе қазіргі заманда шетелдіктердің  жастардың санасына әсер ету әрекеттеріне назар аудартып: «Мұғалімдер   білім беру мен тәрбиенің орасан зор мүмкіндіктерін үлкен шабуылға тосқауыл қою үшін пайдалануы керек»,- деді. Аятолла Хаменеи мұғалімдердің тұрмысын жақсартуды маңызды мәселе деп тауып, бұл саладағы үкімет пен парламенттің жауапкершілігіне сілтеме жасап, коронавирус кезіндегі мұғалімдердің мақтауға лайықты рөліне тоқталып, олардың еш уақытта білім беру міндеттерін ұмытпағандарын қуаттады.  Сонымен қатар ол отбасыларға, әсіресе аналарға, оқушыларға көмектескендері шын жүректен алғыс айтты.

Шәһид Мұтахари

 

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің Халықаралық жұмысшылар күніне арналған бөлімінде: «Жұмысшыны мадақтауға келер болсақ, жұмысшының қолы Алла Тағала мен оның Пайғамбары  (с.ғ.с.) жақсы көретін қол екенін еске алу жеткілікті. Алла елшісі жұмысшының қолын сүйетін. Бұл жұмысшының маңыздылығын көрсетеді»,- деді. Діни жееткшінің көзқаарсынша, жұмысшы – қоғамның негізгі тірегі. Тәуелсіз экономика отандық өндіріске тәуелді болғандықтан, отандық өндіріс жұмысшыға да тәуелді, сондықтан жұмысшы негізгі тірек саналады. сондықтан бұл еңбекқор адамдарға қолдау көрсету қажеттілік болып табылады. Аятолла Хаменеи: «Әрине, жұмысшыны қорғау іс жүзінде ұлттық байлықты қорғау екенін де ескеруіміз керек. Яғни, егер елдің жұмысшысы белсенді, көңілді, жақсы жұмыс жасайтын болса, онда бұл ел ұлттық байлыққа жетеді және бұл ұлттық байлық оның беделін тудырады»,- деді. Аятолла Хаменеи жұмысшылардың біліктілігі мен тәжірибесін көтеру, сақтандыру мен олардың денсаулығына назар аудару, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмысшылардың тұрғын үйін жоспарлау және жұмысшылар, кәсіпкерлер мен үкімет арасында әділ қарым-қатынас орнатуды жұмысшыларды қорғаудың басқа өлшемдері ретінде қарастырды.

 

Ислам революциясының жетекшісі алдағы президенттік сайлауға сілтеме жасап, сайлауды елдің беделі мен қауіпсіздігін нығайтатын маңызды мүмкіндігі деп атап, сайлау алаңына шығатын адамдарға: «Бұл адамдар алдамшы сөздер мен уәделерден, мүмкіндіктерді ескермейтін немесе олар туралы білмейтін сөздеріден   бас тартуы керек. Олардың мамандар  естіген кезде растайтын нақты бағдарламаны ұсынғаны жөн»,- деді.

Аятолла Хаменеи сөзінің соңғы бөлігінде Ислам республикасына қарсы ақпарат құралдармен таратылған Иранның кейбір шенеуніктерінің мәлімдемелеріне өкінішін білдіріп: «Американдықтар жылдар бойы Иранның аймақтағы рухани ықпалына және оның атап айтқанда Құдс күштері мен сардар  Солейманиге қатты ызаланды, расында сол себепті сардар Солейманиді өлтірді. Біз олардың сөздерін қайталамауымыз керек, Құдс күштері туралы болсын, шәһид Солеймани туралы болсын. Ел саясаты әртүрлі экономикалық, әскери, әлеуметтік, ғылыми және мәдени бағдарламалардан, оның ішінде дипломатиялық қатынастар мен сыртқы қатынастардан құрылады. Бұлар бірігіп елдің саясатын құрайды. Сондықтан барлығымыз бірге жұмыс жасап,  бірге алға жылжуымыз керек. Бір бөлімнің басқа бөлімді жоққа шығаруы мүлдем дұрыс емес»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі  "Құдс күштерін – Батыс Азиядағы  тиімсіз дипломатияның алдын алуға әсер еткен ең ірі фактор" деп тауып: «Батыс Азия аймағындағы Құдс күштері Ислам республикасының тәуелсіз саясаты мен Ислам республикасының абыройлы саясатын жүзеге асырды»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи Батыс елдерінің  Ирандағы үстемдігін қайтарғысы келетініне тоқталып: «Ешбір елде сыртқы саясат СІМ-де айқындалмайды. Бүкіл әлемде жоғары басшылық сыртқы саясатты белгілейді. СІМ саясатты айқындауға атсалысады, бірақ ол тек орындаушы ғана»,- деп еске салды.