Нұр аясында (7)
(last modified Sun, 09 May 2021 12:05:36 GMT )
Maм 09, 2021 18:05 Asia/Almaty

Ниет – әр ғибадаттың негізі. Шариғат тұрғысынан адам өз парыздарын ниетсіз орындаса, ғибадаты қабыл болмайды. Ораза кезіндегі ниет өте маңызды, өйткені ол оразаның барлық минуттары мен сәттерін байланыстырады.

Рамазан келіп, мені ақырын шақырды

Мен Алланың шақыруына дайын болдым.

Гүлстаннан самал жел соғып,

Мені хош иіс пен тыныштыққа бөледі.

Ниет дегеніміз - адамның ғибадат етуге немесе белгілі бір жұмысты орындауға ықылас-ынтасын білдіру. Рауаяттарда кез-келген жұмыстың құнынің ниетіне байланысты екені туралы айтылды. Ниет – жұмыстың негізі және жұмысты орындау – ниеттің нәтижесі. Мұсылмандар ақ және адал ниетті болуды насихаттайды. Қара және екіжүзді ниет берекеден айырып, жамандық пен қиындыққа әкеледі.  Ахлақ ғылымы бойынша, ниет адамгершілік құндылықтың негізі және адамның  жақсылығы мен жамандығының қайнар көзі ретінде таныстырылды. Ниет – әр ғибадаттың негізі. Шариғат тұрғысынан адам өз парыздарын ниетсіз орындаса, ғибадаты қабыл болмайды. Ораза кезіндегі ниет өте маңызды, өйткені ол оразаның барлық минуттары мен сәттерін байланыстырады. Ораза ұстаған адам әдейлеп, ниетін бір сәтке бұзса, мысалы, оразасын бұзуға ниет етсе, оразасы бұзылады. Имам Хомейни бұл туралы: «Егер адам Рамазан оразасы сияқты   оразаны ұстау ниетінен қайтса, оның оразасы бұзылады»,- деді.

Адам ақ ниетпен барлық жақсы оқиғаларға қатыса алады және олардың сауабына ие бола алады. Рауаяттардың бірінде былай деп айтылды: «Хазірет Әли (ғ.с.) қатысқан соғыстардың бірінде бір адам хазіретке (ғ.с.) жақындап: «Бауырымның бұл соғысқа қатысып, сіздің жеңісіңізді көріп, бұл соғысқа қатысу сыйға ие болса екен деп ойлап едім»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Бауырыңның ниеті мен ойы біжбен болды ма?»- деп сұрады. Адам: «Иә»,- деп жауап берді.  Хазірет Әли (ғ.с.): «Олай болса, бұл соғыста ол бізбен болды. Тіпті келешекте бізбен болғысы келіп, ойы мен ниеті бізбен болса, бұл соғыста бізбен болды»,- деді. Сондықтан, егер адам  өзінің барлық ғибадаттары мен басқа діни емес жұмыстарын Аллаға жақындау ниетімен жасаса, оның бүкіл өмірі басты мақсатқа, Аллаға жақындауға бағытталған болып табылады. Осыған байланысты оразада ғана емес, бүкіл ғибадаттарда ниет оның негізі саналады. Адам пәк ниетімен дұрыс жолда қадам басады. Бірақ егер ниеті жаман болса, берекеден айырылады.

 

Ораза, барлық басқа ғибадаттар сияқты, ниетпен бірге болуы керек. Яғни адамның ішіп-жеуден және оразаны бұзатын басқа нәрселерден аулақ болуы Алланың бұйрығымен жасалуы керек. Ниетті ауызбен айту қажет емес. Адам Рамазан айының  әр кешінде ертең ораза ұстауы туралы ниет ете алады. Алайда ең жақсысы Рамазан айының бірінші күнінде бүкіл ай бойы ораза ұстау туралы ниет еті болып табылады. Егер адам Рамазан айында таңғы азан кезінде ораза ұстау туралы әдейі ниет етпей, күндіз ниет етсе, оның оразасы бұзылады. Бірақ мұндай жағдайда күн батқанша оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болуы керек және Рамазан айынан кейін бұл күннің оразасын қайта ұстайды. Егер адам Рамазан айындағы парыз оразаларынан басқа, қаза оразалары сынды оразасы үшін уақыт зуһр намазына жақындаған кезге дейін ниет етпеген болса және бұл кезге дейін оразаны бұзатын істерді жасамаса, ниет ете алады. Оразасы бұзылмайды.

Адам шағбан айының соңғы күні әлде Рамазан айының бірінші күн екеніне күмәнденсе, бұл күні оразасы парыз емес. Егер бұл күні ораза ұстағысы келсе, Рамазанның оразасы деп ниет ете алмайды, сондықтан  шағбан айының соңғы күнінің немесе қаза оразасы деп ниеттенуі керек. Егер кейін бұл күннің Рамазан ай болғаны анықталса, қазасын ұстау қажет емес. Ал егер зуһр намазына дейін Рамазан айының басталған белгілі болса, сол сәтте Рамазан оразасы деп ниеттену қажет.  Егер науқас адам Рамазан айының күнінде жазылса, бұл күннің оразасын ұстау уәжір емес. Алайда зуһр намазының азанына дейін жазылса және оразаны бұзатын нәрселерді жасамаса, оразаны ниет етіп, оны ұстау – ықтият мұстахаб және Рамазан айынан кейін бұл күннің оразасының қазасын ұстайды.

 

Алла Тағала «Мәиде» сүресінің 35-ші аятында: «Әй иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар, оған жақындасуды іздеңдер (бой ұсыну арқылы тырысыңдар.) Және екі дүниеде құтылып мұратқа жетулерің үшін, Оның жолында күресіңдер»,- деді. Бұл аятта Аллаға жақындауға себеп болатын кез келген жұмысты құрал ретінде пайдалануға болатыны туралы айытлды. Хазірет Әли (ғ.с.) Алла мен Оның елшісіне (с.ғ.с.) иман келтіруден кейін Рамазан айындағы оразаны Аллаға жақындайтын құралдардың бірі деп таныстырды.

Құран бойынша, пайғамбарлар мен имамдардың және Алланың адал пенделерінің  шапағаты да Жаратушыға жақындатады. «Юсуф» сүресінің 97-ші аятынан Юсуфтың бауырларының Алланың алдында олар үшін кешірім сұрасын деп хазірет Яқубке жүгінгені туралы оқимыз. Алла Тағала бұл қасиетті аятта: «Ұлдары: “Әй әкеміз! Біздің күнәларымыздың жарылқануын тіле! Расында біз қателескен едік” деді»,- деп айтылды. Сондай-ақ, Құран кәрімде Алла елшісінің қасына келіп, Алланың алдында ол  үшін кешіруді тілеуді сұраған күнәһар мүміндердің кейбір амалдары мәлімдеді. «Ниса» сүресінің 64-ші аятынан: «Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне бір кесір істеген заман, саған келіп, Алладан жарылқану тілесе, әрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, әрине олар Алланы; тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді»,- деп оқимыз.

«Эфтетах» сүресінің екінші бөлімі: «Әлемді жаратқан, бірақ Өзі жаратылмаған Аллаға рақмет. Ол тірілерді о дүниеге жіберіп, өлілерді тірілтеді, Өзі еш уақытта өлмейтін тіршілік. Оның қолынан кез келген нәрсе келеді. Уа, Алла, пендең әрі елшің, сүйікті досың мен өзін сайлаған пайғамбарың, жолдауларыңның сырын сақтаушы Мұхаммадқа (с.ғ.с.) сәлем-мен салауат жолда. Уа, Алла, мүміндер басшысы және елшіңнің (с.ғ.с.) орынбасары мен бауыры Әлиге (ғ.с.) сәлем мен салауат жолда. Уа, Алла, екі әлемдегі әйелдердің басшысы Фатима-Заһраға (ғ.с.) және Пайғамбардың (с.ғ.с.) екі немересі әрі жәннәттағы жастардың екі басшысы Хасан (ғ.с.) мен Хұсейнге (ғ.с.)  сәлем мен салауат жолда.  Уа, Алла, мұсылмандардың басшылары Әли бен әл-Хұсейнге (ғ.с.), Мұхаммад бен Әлиге (ғ.с.), Джафар бен Мұхаммад (ғ.с.), Мұса бен Джафар (ғ.с.), Әли бен Мұсаға (ғ.с.), Мұхаммад бен Әлиге (ғ.с.), Әли бен Мұхаммадқа (ғ.с.), Хасан бен Әли (ғ.с.) мен хазірет Мәһдиге (ғ.с.) сәлем мен салауат жолда».

 

Тегтер