Дашт-э-Барчи ауданының қырық жұлдызы
(last modified Tue, 18 May 2021 08:39:47 GMT )
Maм 18, 2021 14:39 Asia/Almaty

8 мамыр, сенбі күні кешке, Рамазан айының 25 жұлдызында, Кабулдың батыс бөлігінде, Дешт-е-Барчи шиіттер аймағында бірнеше қорқынышты жарылыстардың дыбысы естілді. Кабул қайғыға батты. 9-14 жас аралығындағы қыздардың қаза тапқаны туралы жаңалық біртіндеп таралды.

Ауғанстанның шиіт және сүннит мұсылман елі мен моджахедтері -   әрқашан тату өмір сүрген және тарих бұл елдің  халқы арасында діни алауыздық ешқашан болмағанын және бұл екі мазхаб өкілдерінің әрқашан ажырамас бауырлар болғанын көрсетті. Соған қарамастан, бірнеше жылдан бері Ауғанстанда «іріткі салу мен бауырларды өлтіру рәсім» пайда болды. Соңғы жылдары ондаған және жүздеген езілген Ауғанстан мұсылмандары, олардың көбі шиіттер шәһид болды. Әр уақытта ДАИШ деп аталатын топ бұл қылмыстардың жауапкершілігін өз мойнына алды. ДАИШ адамдар арасында да, белгілі бір географияда да ықпалы жоқ топ.

Ауғанстан халқының, әсіресе осы жердің езілген шиіттерінің азап шегуі әлі бітпеген сияқты. 8 мамыр, сенбі күні кешке, Рамазан айының 25 жұлдызында, Кабулдың батыс бөлігінде, Дешт-е-Барчи шиіттер аймағында бірнеше қорқынышты жарылыстардың дыбысы естілді. Кабул  қайғыға батты. Көшелер 9 бен 14 жас аралығындағы қыздардың жансыз денелерімен толғаны туралы жаңалық біртіндеп таралды. Дашт-э-Барчидегі Сейед аш-Шухада мектебінде соңғы қоңырау сағат 16:20 соғылған кезде, қыздар сөмкелері мен кітаптарын жинап, топ-тобымен бір-бірімен ойнап-кұліп бомба қойылған көлік жарылысының нысанасына алынған мектептен шықты. Үрейлі жарылыс пен балалардың жылаған дауысы естілді. Бір топ бала мектепке қарай оралды. Сол кезде тағы екі жарылыс естілді. Ауған қыздарының күлкілері тыйылды. Балалардың күлкісі ата-анасының жоқтауларына айналды, бүкіл жер уайым-қайғыға батты.

Адамдардың бірі: «Жарылыстан кейін мен Сейед аш-Шухада мектебінің алдында көптеген оқушы қыздардың қаза тапқанын көрдім. Сол жерде бір қыз баланың жарақат алып, қаны ағып, мектеп сөмкесі жанып жатқан жан түршігерлік оқиғаның куәсі болдым. Ол менен көмек сұрады. Мен оны жылдам ауруханаға жеткізейін деп ойладым, бірақ ол жылаған дауысымен: «Сіңілімді таба алмай тұрмын»,- деді.

«Неге және қандай қылмыс үшін ауған балаларын зорлап өлтіріп жатыр?» деген сұрақ туындайды. Жазықсыз адамды өлтіру - кешірілмейтін күнәлардың бірі. Жазықсыз адам әділетсіз өлтірілген кезде оның өмір сүру құқығы алынып, ол ең үлкен құқығынан айырылады.Ұлы Алла жазықсыз адамдарды өлтірген үшін қиямет күні сұрайды. «Тәквир» сүресінің 9-шы аятында: «Қай күнәмен өлтірілді?»- деген сұрақ қойылды. Қасиетті Құран кінәсіз адамдардың өмірін сақтау мен құрметтеуге үлкен мән береді. Бұл маңыздылық пен құндылық соншалық, жазықсыз адамды өлтіру барлық адамдарды өлтіруге теңеледі. Жазықсыз адамды қасақана өлтіру сынды үлкен күнә жасауға қатаң тыйым салынды. «Кімде-кім жазықсыз адамды өлтірсе, ол барлық адамдарды өлтірген сияқты».

 

Бұл қайғылы оқиға  туралы айтушылардың бірі Джавид былай деді: «Жарылыс кезінде университетте болдым. Кеңсеге енген кезімде, жылап отырған екі әріптесімді көрдім. Тас жүректі тербететін сахналарды көрдік,  кез келген бұрышта мәйіт жатыр және қасында бір адам жылап тұрды. Сақалынан көз жасы ағып тұрған қарт адамды көрдім. Ол: «Мен қызымның жазуын тауып таныдым, бірақ өзін таба алмадым»,- деді.  Дашт-е- Барчи аумағында жарылыстан қаза тапқандардың көбі Кабулдың ең мақрұм осы ауданында өмір сүретін кедей отбасылардан шыққан оқушылар. Олар кілем тоқумен күнделікті тамағын тауып, жақсырақ келешекке үміттеніп, мектепке барып жүрген.

Бұл қанды оқиға әлеуметтік желілердегі кең ауқымды реакцияларға себеп болды және Кабулдағы Сейед аш-Шухадо мектебінің оқушы қаздарының жансыз мәйіттерінің суреттері әлеуметтік желілер қолданушыларының арасында таралды. Қолданушылар, сондай-ақ, «Кабул_көңіл айту», «Барчи_көңіл айту» хэштегтерін қолданып және клиптер түсіріп, бұл террористік оқиғадан аман қалғандарға кибер кеңістіктегі өз жанашырлығын білдірді.  Ирандық қолданушылардың бірі  Хұсейн Иекта Twitter-де былай деп жазды: «Жарылыстың салдарынан   мәңгі ұйықыға кеткен  қыздардан «сендерді қандай күнә үшін өлтірді?» деп сұрайтын күн жақын. Біз оянбаймыз ба?»

Ауғанстандағы көптеген саяси қайраткерлер, жеке тұлғалар мен ұйымдар да Кабулдағы шиіттерге қарсы жасалған лаңкестік әрекетті айыптады. Ауғанстан халқы, әсіресе аз санды хазарлар мен шиіттері   Кабулда қанды шабуылдардың нысанасы болып отырған бірінші жағдай емес, осыған дейін елдегі мешіттерге, мектептер мен университеттерге бірнеше рет шабуыл жасалған. Бірақ кез келген уақытта Ауғанстан билігі мен халықаралық қауымдастық, әсіресе бұл елде әскерилерін орналастырып, террористік  әрекеттерге жағдай жасап отырған батыс елдері бұл қайғылы оқиғаларды тек айыптаумен шектеліп, Ауғанстанның езілген халқының азап-қорлығын бақылауда.  Бұл айыптаулар стереотипке айналды, бірақ бірде-бір халықаралық институттар мен үстемдік жүйесі осы жан түршігерлік және апатты қылмыстарды жасаушылар кім және неге ауған халқы күн сайын адамзатқа қарсы ең ауыр қылмыстардың құрбаны болып отыр деген сұраққа жауап беруге дайын емес.  Негізінде әрекетсіздік пен үстемшілдік бір нәрсенің екі жағы. Екеуі де әрқашан надандықты қолданған және әрқашан ғылыммен күрескен.