Аятолла Хаменеи - қуатты және мейірімді тұлға
(last modified Mon, 07 Jun 2021 12:16:57 GMT )
Маусым 07, 2021 18:16 Asia/Almaty

Аятолла Хаменеидің айқын ерешелігінің бірі - Аллаға иман келтіруі және илаһи уәделерге сенім артуы.

Харизмалық, революцияшыл және өзгеріс әкелген  өте танымал болған имам Хомейни сияқты ерекше тұлға қайтыс болғаннан кейін Иранның дұшпандары  оның кетуімен Ислам революциясы да жойылады деп ойлады. Бірақ олар Хаменеидің имам Хомейнидің  мектебінде тәрбиеленгенін және елдің ең қиын дағдарыстарында имамның серігі әрі көмекшісі болғанын және білікті басшы екенін білмеді. Қазіргі кезде аятолла Хаменеидің 32 жылдық  басшылығынан кейін революцияның дұшпандары да бұл кісінің имам Хомейнидің жолын жалғастырғанын және революция мақсаттарын ең жақсы жолмен басқарғанын мойындайды. Аятолла Хаменеи өзінің ақылды басшылығымен дұшпандардың әртүрлі қастандықтарын жеңіп, исламдық Иранды  Таяу Шығыстағы ең қауіпсіз және ең қуатты елге айналдыра алды.

АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшы және Джордж Буштың аға кеңесшісі Кондолиза Райс аятолла Хаменеи туралы: «Иранның жетекшісі  көптеген қары жұмсалған, ұзақ уақыт бойы құрылған және білікті орындаушылар жүзеге асырған жоспарларды  бір сағаттық сөзімен бұза алады»,- деген.

Қазіргі даңқты Ислам революциясының жеңісінен 42 жыл және аятолла Хаменеидің басшылығын бастауынан 32 жыл өткен кезде революцияның көшеті   жемісі мол мықты ағашқа айналды.

Имам Хомейни әрдайым аятолла Хаменеидің өзінен кейін діни жетекші жауапкершілігін өз мойнына алуға лайық екенін қуаттаған. Имам Хомейни сөзінің бірінде: «Хаменеи сияқты исламға берілген және қызметші болатын, сонымен бірге  жүрегі халыққа қызмет етуге негізделген адамды таба алмайсындар, мен оны көп жылдан бері білемін»,- деді. Имам Хомейни аятолла Хаменеиге жазған хатының бір бөлігінде: «Мен революцияға дейінгі жылдардан бері сізбен жақын қарым-қатынаста болғанмын және бұл қарым-қатынас әлі күнге дейін сақталып келеді, мен сізді Ислам республикасының қуатты қызметшісінің бірі деп санаймын. Сондай-ақ мен сенің достарым мен исламды және ислам қағидаларын ұстанушылардың арасында сирек адамдардың бірі екеніңді білемін»,- деп жазды. Аятолла Хаменеидің айрықша ерекшелігі, ең алдымен, Аллаға иман келтіруі және Алланың уәделеріне деген сенімі болып табылады. Аятолла Хаменеи Аллаға иман келтірген, терең сенімге ие және Жаратушымен  шынайы қарым-қатынасы бар адам. Аятолла Хаменеи Құран Кәрімді жатқа біледі. Ливандық Хезболланың жетекшісі Сейед Хасан Насролла революция жетекшісінің  ерекшеліктері  туралы: «Имам Хаменеидің айрықша ерекшеліктерінің бірі   Алла Тағалаға деген үлкен сенімі»,- деді.   

Аятолла Хаменеи

Ислам революциясы жетекшісінің ішкі және сыртқы саясат саласындағы дұшпанды тануы мен көрегендігі үлгі болатындай. Әлемдегі, соның ішінде аймақтағы өзекті мәселелерден хабардар болу, АҚШ-тың, әсіресе Батыс Азиядағы (Таяу Шығыстағы) үстемшіл саясатын түсіну, ақсүйектерді достас және дұшпан үкіметтер саясаттарынан хабардар болу, көршілес және АҚШ пен Израильдің саясатын қолдамайтын елдермен достық қарым-қатынас орнату, көрші елдерге және Қарсыласу майданына көмектесу, исламдық үмбеті  қолдау және сунниттер мен шииттер арасындағы алауыздыққа қарсылық білдіру, Палестина мен оның азаттық қозғалыстарына толық қолдау көрсету аятолла Хаменеиді   сыртқы саясатының ерекшеліктері болып табылады. Аятолла Хаменеи имам Хомейни сынды билеп-төстеуші үкіметтердің өтірік уәделері мен сөздеріне сенбейді және АҚШ, Израиль мен олардың одақтастырының аймақ пен әлемдегі үстем саясаттарына қарсы. Аятолла Хаменеидің бұл көзқарасы, имам Хомейни сияқты, дінді саясаттан ажыратпайтын және діннің азат етуші ілімі бойынша әрдайым зорлық-зомбылыққа қарсы тұрып, азап-қорлық көргендерді қолдайтын исламның ілімдерінен алынған.

Ресей Президенті Владимир Путин Ислам революциясы жетекішсімен кездесуінен кейін: «Мен Иранның діни жетекшісімен кездесуімде хазірет Иса туралы жазылған бүкіл қадір-қасиеттерді аятолла Хаменеиден көрдім.  Иранда ұлы данышпан отыр, мен ол соншалықты жан-жақты екенін  ойламағанмын. Ол Иран саясатын өзі шешетін және реттейтін данышпан. Онымен кездесуде мен Ислам республикасы Конституциясы және естіген дін діни билік туралы тұжырымдаманың шын мәнін түсіндім»,- деп жазды.

Путин мен аятолла Хаменеи

Аятолла Хаменеи  Аллаға иман келтіруі аясында халыққа үлкен   сенім артып, сүйенеді. Ол өзін халықтың қызметшісі деп санайды және елдің шенеуніктеріне халықтың тұрмысы мен әл-ауқаты үшін қамқорлық жасауды қуаттайды. Аятолла Хаменеи  қанағатшылығы, тазалығы және қарапайымдылығымен өте қарапайым өмір сүреді. Олар тіпті перзенттеріне саясатқа, экономикаға кіруге және өз лауазымын пайдалануға тыйым салды. Сондықтан балалары ғылыми және діни орталықтарда ғылыми жұмыстармен айналысады немесе сабақ береді және олар да қарапайым өмір сүреді. Аятолла Хаменеи - әртүрлі салаларда  халықты  әкедей және жанашыр қамқоршы ретінде қолдайды. Сондай-ақ оның ұсыныстары мен саясаты халықтың экономикалық дамуына, жастар үшін еңбек нарығының өркендеуіне, елдегі денсаулық пен тұрмыстың жоғарылауына   негізделген.  Оның адамдарға деген мейірімділігінің айқын мысалын коронавирустың таралуы кезіндегі іс-әрекетінен көруге болады.   Вирустың таралуының басталуымен аятолла Хаменеи адамдарды үміттендіріп, лны шыдамдылықты талап ететін илаһи сынақтардың бірі деп атады. Бұш кісі халық денсаулығын сақтау үшін адамдалды Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық хаттамаларын толық орындауға шақырды. Ол адамдарды қажетсіз саяхаттардан аулақ болуға және барлық кеңістікте маскалар қолдануға шақырды. Сондай-ақ, ол елдің медициналық қызметкерлерінің жан-жақты қолдауымен елдің барлық мекемелеріне Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық етуді тапсырды.

Коронавирус пандемиясы кезінде аятолла Хаменеидің ақыл-кеңесімен жүздеген мың адамдарға көмек көрсетілді

Жастарға деген үлкен қызығушылық - аятолла Хаменеидің тағы бір қадір-қасиеті. Жастарға қызығушылығын білдіре отырып, бұл кісі осы серпінді және ынталы топқа толық сенімділігі туралы айтты. Ислам революциясының жетекшісі: «Жас ұрпаққа сенім артқан жерде алға ілгерледік»,- деді. Аятолла Хаменеи кәсіби, адал және революцияшыл жастарды жұмыспен қамту арқылы елдегі өндірістің өркендеуіндегі кедергілер жойылады және жұмыспен қамту, инфляцияны төмендету, адамдардың әл-ауқаты мен экспорт сияқты мәселелер жеделдетіледі деп санайды. Революцияның жетекшісі таңқаларлық әскери өндірістерді, оның ішінде 2000 шақырымға ұшатын баллистикалық зымырандарды адал, ынталы және қажымас жастарға деген сенімнің нәтижесі деп санайды.  Сондай-ақ, атом энергиясын сатып алу және уранды байыту және ядролық медициналық қажеттіліктерді қамтамасыз ету, әлемдік сенімсіздік жағдайында, діни жетекшінің жастарға деген толық сенімнің нәтижесі болды. Аятолла Хаменеи жыл сайын жас ақындармен, студенттермен, жас ғалымдар және мәдени белсенділермен кездеседі және бұл кездесулерде жастардың сөздерін ерекше ықыласпен тыңдайды. Аятолла Хаменеи: «Менің қымбаттыларым, жастық шақ - бұл қабілеттілік кезеңі. Бұл қабілетті не үшін пайдалану керек? Менің ойымша, оны ғылымды зерттеу, өз бойындағы тазалық пен тақуалық рухты қалыптастыру үшін қолдану керек. Бұл  маңызды. Яғни, егер менен   «сіз жас адамнан не тілейсіз?» деп сұраса, мен «білім, өркениет және спорт» деп айтар едім. Менің ойымша, жастар осы үш сипаттаманы ұстануы керек»,- деді.