АҚШ-тың сөз бостандығын өшіру әрекеттері
(last modified Tue, 29 Jun 2021 14:09:15 GMT )
Маусым 29, 2021 20:09 Asia/Almaty

22 маусым күні аймақтағы қарсыласу қозғалысы мен шиіттер бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ-тың тұтқиылдан шабуылына куә болып, олардың 33 жаңалықтар веб-сайты жабылды. АҚШ әділет органдары негізсіз себептермен бұл веб-сайттардың және Ислам Радио және Телевизия Одағының (IRTVU) веб-сайттарына тыйым салды. Иран бұл арналарға тыйым салуды заңды жолдармен қудалайтынын мәлімдеді.

 

  

Адам құқығы құжаттарының бастаушысы деп санауға болатын 1789 жылғы Франциядағы Адам және азамат құқықтары декларациясының 11-бабында: «Идеялар мен пікірлерді еркін жеткізу адам құқығы болып табылады»,- деп айтылған. Сондықтан, кез-келген азамат заң бойынша осы еркіндікті кез-келген теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жағдайда еркін сөйлей, жаза немесе жариялай алады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтары туралы айтуға болатын тағы бір маңызды құжат - 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. Оның 19-шы бабында: «Әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтиды»,- деп айтылды. Жылдар бойына біржақты санкциялар жариялап келе жатқан бойкот империясы бұл жолы қалам мен ақпарат құралдарына бойкот жариялады.

АҚШ-тың біржақты санкциялары - Ақ үйдің біржақты саясатын ұстанбайтын үкіметтер мен елдерге қысым жасау үшін  қолданылатын АҚШ-тың сыртқы саясатының құралдарының бірі. АҚШ ИИР-на барлық уақытта өз президентінің бұйрықтарына сәйкес әртүрлі тауарлардың, химиялық заттардың экспорты мен импорты, Иранның шетелге сауда-саттығы, тіпті мұнай және коммерциялық көптеген хат алмасулар салалары, банктер мен сақтандыру компанияларына санкциялар енгізді.

АҚШ Әділет министрлігінің қарсыласу қозғалысының желілері мен ақпарат құралдарын қол жетімсіз ету әрекетібұл елдің басшыларының адам құқығы мен сөз бостандығын ашық түрде бұзуындағы ең соңғы әрекеті болып табылады. Бірнеше күн бұрын АҚШ Әділет министрлігі Иранның кейбір веб-сайттарын бұғаттау туралы мәлімдеме жасап, бұқаралық ақпарат құралдары қолданатын Иранның 30-дан астам веб-сайтын бұғаттағанын мәлімдеді. АҚШ-тың Әділет министрлігі өз мәлімдемесінде: «Бұл шешім АҚШ-тың санкцияларын бұзғаны үшін Иранның Телерадио бірлестігі (IRTVU) пайдаланған 33 веб-сайт пен Хизболла қолданатын үш сайтқа байланысты»,- деді. Бұғатталған кейбір, атап айтқанда «Евфрат жаңалықтары», «Азия спутниктік арнасы», «әл-Ма'луме желісі», «Каф медиа», «Офоқ желісі» және «Ишрак спутниктік желісі»  веб-сайттары Иракқа тиесілі. АҚШ Әділет министрлігі бұған дейін Aletejah  TV және Hezbollah.com веб-сайттарының жабылатындығы туралы хабарлаған. Сонымен қатар, кейбір басқа сайттарға, соның ішінде Al-Alam, Press TV және Al-Masira сайттарына тыйым салынды. Аль-Лулу, Палестина Аль-Юум, Наба және Аль-Кавтар сайттары да АҚШ тізіміне енді.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің өкілі АҚШ-тың ирандық сайттарға тыйым салуына реакция білдіріп, оны сөз бостандығына шектеу қою әрекеті деп сипаттады. Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің өкілі Шахрох Наземи: «Сөз бостандығын шектеу әрекеті болып табылатын бұл заңсыз әрекетті заңды жолдармен қудалаймыз»,- деді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз өкілі де ИИР Телерадио бірлестігінің ақпарат веб-сайттарының жабылуына реакция білдіріп, бұл әрекеттің  АҚШ-тың сөз бостандығына әлемдік деңгейде шектеу қоюын және ақпарат кеңістігіндегі тәуелсіз дауысты өшіру болды»,- деп мәлімдеді. Саид Хатибзаде Вашингтонның екіжақты стандарттарды жалғастыруын ұят деп атап: «ИИР бұл заңсыз және қорқыту әрекетті қабылдамай мәселені заңды арналар арқылы қудалайтынын мәлімдеді»,- деді.

Press TV өз мәлімдемесінде, АҚШ үкіметінің Press TV жаңалықтар веб-сайтының бүкіл доменін бұғаттауға қатысты әрекетін заңсыз деп атады.  Бұл мәлімдемеде былай деп айтылды: «Press TV АҚШ үкіметінің бұл әрекетін өзінің тәуелсіз кәсіби ұстанымына реакция деп санайды. Press TV және қарсыласуды қолдайтын тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ пен одақтас режимдердің майдандағы сәтсіздіктері үшін құрбан болуда.  АҚШ үкіметінің  реакциясы бұл бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы  мен кең ықпалын  растау болып бағаланады».

Пейман Джебели

Иран Телерадио бірлестігінің Шетелдік торабының басшысы Пейман Джебели АҚШ-тың Press TV жаңалықтар желісінің веб-сайтының жан-жақты доменін бұғаттау жөніндегі әрекетін түсіндіріп: «Өкінішке орай, бұл бірінші рет болып тұрған жоқ. Доменді бұғаттау - ең қауіпті және қатыгез бұғаттау. Сондықтан тәуелсіз жер серігі - бұл өте маңызды қажеттілік. Кем дегенде бір жер серік қажет. Біздің білуімізше, бірлестікте өте жақсы бақылау жұмыстары жүргізілген.  Сондықтан Алла қаласа, олар жақын болашақта жақсы нәтижелерге қол жеткізеді»,- деді. Al-Masira-ның қоғамдық қатынас арнасы АҚШ-тың қарсыласу қозғалысының веб-сайттарын бұғаттау  әрекеті қарақшылықтың айқын және ақталмайтын мысалы мәлімдеді.

Америка үкіметінің соңғы бірнеше жылдағы жұмысы, АҚШ-тағы баспасөз бостандығының жай,  американдық қоғам жете алмаған ұран екенін көрсетеді. АҚШ-тың Таяу Шығыстағы, оның ішінде Ирак соғысындағы қирату әрекеттері туралы ақпаратқа қатаң цензура қоюы - бұл елдің бұқаралық ақпарат құралдарына қысым жасауының мысалы. 2003 жылы АҚШ-тың Иракқа басып кіруі кезінде Вашингтон  уақтылы және нақты ақпараттың таралуының алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Сол кезде  NBC-дің ардагер репортері Питер Арнеттің Ирак соғысына қатысты кейбір жеке көзқарастарын білдіргені үшін оңай жұмыстан шығарылғанын көрдік.

Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарға Ирак соғысы кезіндегі оқиғаларды дәл көрсетуге тыйым салынды және АҚШ кез-келген уақытта олардың бағдарламаларын оңай тоқтата алатын еді. Шекарасыз репортерлер ұйымы бұл салада: «АҚШ әскери күштері соғыстарға қатысумен қатар, үнемі журналистерді нысанаға алып, оларға қауіп төндіріп отырды»,- деп жариялады. Бұл АҚШ-тың ішіндегі ақпарат құралдарға қысым көрсету саясаттарының тек бірі болды. Бірақ АҚШ шекарасынан тыс және бүкіл әлемдегі баспасөз белсенділері оның қуғын-сүргін саясатынан қауіпсіз емес.

Press TV -  2007 жылдың 8 шілдесінде іске қосылған ИИР Телерадио бірлестігінің телеарнасы және Иранның алғашқы ағылшын тілді телевизиялық жаңалықтар желісі. Желінің штаб-пәтері Теһранда орналасқан, бірақ әлемнің стратегиялық және маңызды аймақтарында желінің көптеген журналистері жұмыс жасайды. Иран мен аймақ туралы басқа көзқарастың қажеттілігіне байланысты желінің негізгі аудиториясы ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар мен еуропалық және американдық тыңдармандар болып табылады. Желінің ұраны - «Жаңалықтар: жаңа көзқарастан» және мақсаты - батыстық бұқаралық ақпарат құралдарының үстемдігін бұзу. Сондай-ақ, әртүрлі мәдениеттер арасында көпір құру, саяси және мәдени айырмашылықтар мен жалпы жағдайларды адамның жағдайына сәйкес көрсетуге баса назар аудару - бұл оқиғалардың егжей-тегжейлі талдауын қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілетін тағы бір мақсат.

Желі тәулік бойы жаңалықтар мен деректі фильмдер шығарады және таратады. Еуропалық жер серігі осыған дейін де Press TV-ді алып тастаған. UTelSat жерсеріктік компаниясы 2012 жылы Press TV-дің жұмысын тоқтатты. Сол жылы Intelsat жерсеріктік компания да бұдан былай ирандық желілерге, соның ішінде ағылшын тіліндегі Press TV желісіне қызмет көрсетпейтіндігін мәлімдеді. Осылайша, АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарын бұғаттауы бұл бірінші рет болып жатқан жоқ және АҚШ бірнеше рет Press TV-ді медиа терроризммен нысанаға алды. Жерсерігі байланысты тоқтауымен бірге, бұл желінің аккаунттары әртүрлі әлеуметтік платформаларда бірнеше рет бұғатталған және бұл желі сан рет әлеуметтік желілерде өз жұмысын қайта бастап, оқырмандарымен өзара әрекеттеседі.  Press TV-ге қарсы соңғы әрекетте Google желінің YouTube есептік жазбасын біржолата бұғаттады.

Егер Press TV және қарсылық қозғалысының басқа ақпарат құралдары әсерлі болмағанда, АҚШ үкіметі бұл бұқаралық ақпарат құралдарын жою үшін уақытын, күші мен беделін жұмсамас еді.  Брлық батыстық және араб БАҚ-тарына қарамастан, Вашингтонның әлі күнге дейін Press TV сияқты желіге наразылық білдіруі бұл бұл ақпарат құралдың ИИР-ның медиа дипломатиясын жүзеге асыруда өз жұмысын жақсы атқарғанын  көрсетеді.

Press TV, отандық және халықаралық органдар арқылы өз құқығын қудалауды өз құқығы деп біліп, өзінің веб-сайтының жұмысын ирандық ir доменінің және әлемнің басқа да жергілікті домендерінің негізінде жалғастырып, әлеуметтік желілерде   presstv. ir  арқылы пайдаланушыларға қол жетімді болады.