Қар 16, 2021 20:47 Asia/Almaty

Соңғы жылдары, әсіресе Ауғанстанда Талибан үкіметі орнағаннан бері ДАИШ шабуылдары жүздеген жазықсыз адамдардың өмірін қиюымен бірге, елдің егемендігіне үлкен қауіп төндірді.

Соңғы жылдары, әсіресе Ауғанстанда Талибан үкіметі орнағаннан бері ДАИШ шабуылдары жүздеген жазықсыз адамдардың өмірін қиюымен бірге, елдің егемендігіне үлкен қауіп төндірді. Бұл қауіп соңғы 40 жыл бойы Ауғанстандағы жағдайдың әсерінен зардап шеккен  көршілес елдерге де қауіп төндіріп, оларды алаңдауларына себеп болды. Алдағы бірнеше мақаламызда  ДАИШ феномені және жалпы Ауғанстандағы экстремизм, такфиризм және сәләфизм мәселесі мен оның түп-тамырын қарастыруға талпынамыз.

15 тамызда тәліптер ешбір қақтығыз бен кедергісіз Ауғанстан астанасы Кабулға кірді. Сонымен бірге бірнеше күнде АҚШ-тың соңғы әскерилері Ауғанстаннан шықты. АҚШ пен НАТО күштерінің Ауғанстаннан  кетуімен Талибан тобы және тіпті жалпы халық қуанып, Ауғанстандағы соғыстың тамыры қурап, халықтың бақытқа, тұрақтылық пен қауіпсіздікке ие болатынына сенімді болды. Бірақ саясаттан хабары бар бірқатар сарапшылар АҚШ-тың Ауғанстандағы болуын және соңғы 40 жыл бойы бөгделердің  араласқанын ескере отырып, лаңкестік топтардың, соның ішінде ДАИШ-тың қауіптілігі туралы ескертті.  АҚШ мен Батыс күштерінің Ирак пен Сирия сияқты елдердегі әдістері мен ұстанымдарын ескерсек, олар Ауғанстаннан шығып, бұл елге араласпайтыны күдікті. Кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл мәселедегі оптимизм - Батыс елдерін дұрыс түсінбеу. Осы арада Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сияқты   көреген  адамдар Ауғанстан халқы мен жаңа басшыларына шетелдік қастықтардың қауіпі туралы ескертті. Талибандар бақылауды қолға алғаннан кейін бірнеше күн өткеннен кейін Ауғанстанның шығысында, Нангархар облысының Джалалабад қаласында Талибанға қарсы алғашқы шабуылдардың куәсі болдық. Бұл шабуылдарды ДАИШ мойнына алды. Шабуылдар Талибан Ауғанстандағы ДАИШ тобын жойылды деп есептеп,  оның қауіптілігін елемеген кезде болды. ДАИШ шабуылдарын Ауғанстанның шығысында талибан мүшелері мен көліктеріне шағын әрекеттерімен бастады, содан кейін Талибан лаңкестік топтың қалдықтарын тұтқындау және жою операциясын бастады. Бірақ бұл шабуылдар  Ауғанстаның шығысымен шектелмеді, ал ДАИШ өзінің шынайы болмысын таныту арқылы алдымен Құндыз облысындағы Сейед Абад қаласындағы шиіттер мешітіне шабуыл жасап,  жұма намазына қатысқан ондаған адамды өлтірді. Бірнеше күннен кейін олар Қандағардағы Фатемие мешітіне тағы бір айуандық шабуыл жасап,   намаз оқуға жиналған ондаған азаматтар шәһид болды.

ДАИШ шабуылдарының Ауғанстанның шығысынан Кабулға, одан кейін солтүстікке, енді Ауғанстанның оңтүстігіне дейін таралуның себебі туралыы бірнеше пікір бар. ДАИШ сияқты тәкфиршіл топтардың Ауғанстандағы әрекеттерінің түп-тамырына тоқталмас бұрын, топтың соңғы күндердегі шабуылдарының кейбір себептеріне қысқаша тоқталамыз.

Талибан Ауғанстанның әртүрлі қалаларына, соның ішінде Кабул мен Джалалабадқа кіріп, басқа шаралармен бірге бұрынғы үкіметтерде   әртүрлі айыптармен тұтқындалған және олардың кейбірі қауіпті қылмыскерлер немесе ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері болған  тұтқындарды босатты. Мәліметтер бойынша,   Кабулдағы Пол Чархи түрмесі мен Кабул маңындағы Баграм түрмесінде мыңдаған тұтқын болған, оларды Талибан Ауғанстанды бақылауға алғаннан кейін босатқан. Бостандыққа шыққан тұтқындардың ішінде айтарлықтай бөлігі бұрынғы режим кезінде түрлі түрмеге жабылған ДАИШ лаңкестік тобының мүшелері. Кейбір сарапшылар мұны Талибанның стратегиялық қателіктерінің бірі деп санайды, бірақ соған қарамастан Талибан ДАИШ лаңкестік тобының көптеген мүшелері олар Баграмға жеткенше қашып кеткенін айтады.  Баграм түрмесінің Талибан тобы билікке келгенше және кейін де АҚШ күштерінің бақылауында ескерсек, бұл топтың АҚШ ДАИШ мүшелерінің қашуын жеңілдетеді деген мәлімдемесін қарастыруға болады.

Талибан Кабулға келген кезде болған куәгер: «Бізге Баграм түрмесіндегі арнайы бөлімшеде отырған 200 ДАИШ мүшесін босатпау және оларды көрші елдің бірінің барлау қызметіне тапсыру туралы бұйрық берілді, бірақ түрмеге жеткенде олардың барлығы қашып кеткенін көрдік»,- деді. Кейбір сарапшылардың пікірінше, бостандыққа шыққан ДАИШ тұтқындары лаңкестік топтың қалдықтарымен ынтымақтаса отырып, Кабул, Құндұз және Қандағарда қанды шабуылдар жасады. Қауіпсіздік тұрғысынан Ауғанстандағы ДАИШ қауіпке айналды және лаңкестік топтың, әсіресе елдегі шиіттерге қарсы шабуылдары Талибанға жаңа қиындықтар туғызды. Бұл мәселе Ауғанстанда қауіпсіздік орнатуды маңызды жетістік деп атайтын жаңа Талибан режимін дағдарысқа тіреуімен бірге аймақ елдері мен көршілес елдерді алаңдатты. Өйткені Ауғанстандағы кез келген шабуылдар мен тұрақсыздықтың жалғасуы бір жағынан көршілес елдерге көші-қон тасқынын туғызады және басқа  жағынан, Ауғанстанды қауіпсіз және кедей ел ретінде тәкфиршіл экстремистік топтардың өсуіне қолайлы алаңға айналдыра алады. Бұл құбылыстың пайда болу және таралу себептерін талдауда басқа факторлармен қатар Ауғанстандағы экстремистік ойлар мен оқуларды сараптау қажет. Кейбір сарапшылар Ауғанстандағы экстремизмнің күшеюін арабтардың үгіт-насихаты мен Ауғанстандағы салафиттік жиһадшылардың ықпалының нәтижесіндегі соңғы бірнеше онжылдықтағы өзгерістермен байланыстырады. Бұл өзгерістердің қатарында ханафи дінін неоханбализмге өзгерткен ой, мәдениет және діннің өзгеруін байқауға болады. Бұл Үндістан мен Пәкістаннан тараған экстремистік деобандизмнің таралуына да қатысты. Өткен қырық жылдағы бұл өзгерістер тек мәдени ойлауды ғана емес, сонымен қатар діни ойлауды, тіпті үкіметке деген көзқарасты да өзгертті.

 

Тегтер