Шәһид Солейманидің мектебі – қарсыласу, көрегендік және діни билікке адалдық мектебі
(last modified Fri, 31 Dec 2021 12:05:30 GMT )
Жел 31, 2021 18:05 Asia/Almaty
  • Шәһид Солейманидің мектебі – қарсыласу, көрегендік және діни билікке адалдық мектебі

Шәһид Солеймани мектебі қарсыласу, көрегендік және діни билікке адалдық мектебі болып табылады.

9 дей - ерлігі шын мәнінде көрегендік, дұшпанды тану және діни билікке адалдық күні. Бұл күн – халықтың ғиззаты, тәуелсіздігі мен көрегендігінің белгісі. Негізінде бұл ерлік қасиеттіліктерді, Ашура қозғалысын және шәһидтердің қанының қасиеттілігін қорғау ерлік болды.   Иран халқы бұл күнгі ерлігімен  жоғары басшысына адалдығын және исламдық жүйені қорғайтынын көрсетті. Діни билік мектебінің түлектерінің бірі болған шәһид қажы Қасем Солеймани барлық мәселеге терең көзқараспен қараған көреген, батыл әрі тапқыр қолбасшы болды.

 

9 дей - "Көрегендік күні"

Құран Кәрім Ислам дінінің қасиетті кітабы, мүміндер мен мұсылмандардың шамшырағы ретінде баршаны парасат пен санаға шақырды және адамға біліммен және сенімділікпен әрекет етуге қажет күш береді. Алла Тағала «Юсуф» сүресінің 108-аятында Юсуф пайғамбардың қиссасын айтып, ақиқат іздеушілерге сабақ болсын деп,   ардақты Пайғамбарға (с.ғ.с.) былай дейді: «Менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ мүшіріктерден емеспін де»,- деді. Шәһид Солеймани мектебі  қарсыласу, көрегендік және діни билікке адалдық мектебі болып табылады. Ислам революциясының жетекішсі аятолла Хаменеи шәһид Солейманидің шәһид болуынан екі аптадан кейін 27 дей күнгі жұма намазының уағызында бұл шәһидтің өзінің құнды мектеб болуы туралы: «Құрметті шәһидіміз, сардарымызға бір мектеп және бір жол сынды қарауымыз керек»,- деді.

 

 

Көрегендік пен парасаттылық шәһид Солейманидің жеке, қоғамдық және саяси өмірінде айқын көрінген ең маңызды тұлғалық қасиеттерінен болды. Шәһид Солейманидің баршаны шақырып, майдан даласындағы жауынгерлерді толқытқан көрегендігі оның ішкі тақуалығынан тараған жүректің түсінігі еді. Қасем Солейманидің жолы мен оның мектебі нұрланған және оның көмегімен ол шешімдер қабылдап, әр уақытта өзінің міндеті туралы хабардар ететін түсінікке ие болды. Алла Тағала  көрегендік нұрын Аллаға және Оның Елшісіне иман келтіріп, тақуа болғандарға сый етеді. «Хадид» сүресінің 28-ші аятында: «Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар, Елшісіне иман келтіріңдер. Сендерге мәрхаметінен екі есе береді. Әрі сендерге сонымен жүретін нұр жаратады. Сендерді жарылқайды. Алла Тағала тым жарылқаушы, ерекше мейірім»,- деп айтылды.   

 

 

Солеймани мектебіндегі көрегендік пен дұшпанды тану оның нақты әрі терең көзқарасынан және оның үлкен көрегендігі мен түсінігінен туындаған.  Қауіп-қатерді тойтару мен ұлт мүддесін қорғауда сынды ең басты мәселелерде дұшпанды тану сөзсіз. Дұшпанға немқұрайдылық білдіруі және хабардарлық пен саяси және қоғамдық көрегендігі жоқ халық бөгделердің қастықтарын тану саласында қиындықтарға тап болады. Имам Әли (ғ.с.) көзқарасы бойынша, кім дұшпанының алдында ұйықтап, одан бейхабар болса, дұшпанының айлалары оны оятады. АҚШ пен үстемшілердің сардар Солейманимен араздығының себебі - оның дұшпанды тануы және АҚШ-тың алдындағы табандылығы. Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейед Хасан Насролла: «Америкалықтар аймақта қайда барса да, олардың алдында қажы Қасем Солейманиді көреді. Олар Сирияға барады, Қасемды көреді. Иракта, Ливанда, Йеменде және Ауғанстанда және қарсыласу майданына қатысты барлық жерде қажы Қасем Солейманиді өздерінің алдында көреді. Израиль де Қасем Солейманиді ең қауіпті адам ретінде көреді»,- деді.

Көргендікке жетудің жолы – діни биліктің нұры. Қасем қажының болмысы діни билікпен астасқан және ол өмір бойы діни билікке бағынып, өз міндеттерін орындады. Қасем Солеймани өз шешімдерін діни билік негіздерінше қабылдаған. Бұл шәһид өзінің өсиетнамасында көшбасшылыққа мойынсұну туралы: «Негіздердің қорғаңдар. Негіздер дегеніміз – діни билік, әсіресе  дана, мазлұм, тақуа адам  Хаменеиді өз жандарыңдай санаңдар, бұл кісіні құрметтеңдер. Бауырларым мен қарындастарым! Ислам әлемі үнемі діни жетекшіні қажет етеді. Әлемді дүр сілкіндірген, Исламды қайта жаңғыртқан ең даңқты дін ғұламасы, яғни ұлы да пәк Хомейниіміз діни билікті   ұлттың жалғыз құтқарушы нұсқасы еткенін жақсы білесіндер. Исламды құтқару үшін діни биліктен алыстамаңдар»,- деді.

 

Шәһид Солеймани өмірінің барлық кезеңдерінде діни биліктің төңірегінде әрекет етті және көрегендік пен діни билікке адалдық оның мектебінің көрнекті көрсеткіші болды. Өзінің көрегендігі мен діни билікке табандылығы арқасында ол өзін өз заманының имамының сарбазы санап, мұсылмандардың қауіпсіздігі мен мүддесін көп ойлады. Қажы Қасем Солеймани жаһандық үстемшілікке қарсы күрестің туын ұстаушысы ғана емес, сонымен бірге үстемшілдікке қарсы идеологияның жақтаушысы болды. Ол имам Хомейни және имам Хаменеи  мектептерінің үздік шәкірті болды және үстемшілдікпен күресуде шекараны білмейтін. Оның жаһандық үстемшілдікпен және ДАИШ-пен күресуі  Ислам әлеміне қарсы барлық инвестиция мен қастандықтарды залалсыздандырды және мұсылман күрескерлерінің өздеріне деген сенімділік рухын оятты.

Шәһид Солеймани қарсыласу саясатының негізін салып, оны бар күшімен күшейткен бірегей қолбасшы болды. Шәһид Қасем Солейманидің қарсыласуды қолдаудағы рөлі мен қатысуы және оның қарсыласу күштерін жаттықтырудағы күш-жігері  қарсылық жазбасында мақұлдау мөрі ретінде қалады және жаңа Солейманилнерді тәрбиелейді. Қажы Қасем Солейманидің шәһид болғанына екі жыл толды. Бірақ содан бері мыңдаған қажы Қасем дүниеге келді және тағы мыңдаған қажы Қасем дүниеге келеді. Жаудың қарсыласу майданының оңайлықпен құламайтынын және шәһидтерінің қаны үшін кек алатынын білгені жөн.