Қаң 09, 2022 18:58 Asia/Almaty
  • Әлемдегі АҚШ-тың биологиялық қауіптері (4)

Биологиялық дағдарыстар ежелден адам денсаулығына елеулі қатер болып табылады және әрқашан үкіметтерді, халықаралық ұйымдарды және қоғамды алаңдататын басты мәселе болды. Кейбір елдер өздерінің билеп-төстеу көзқарастарының арқасында қарсыластары мен дұшпандарды тежеу, бақылау және жою үшін барлық құралдарды қолданды.

АҚШ-тың дүниежүзіндегі әртүрлі биологиялық және әскери зертханаларына шолу бұл мемлекеттің тарихтағы ең ірі биологиялық деструктивті бағдарламалардың бірін жүзеге асырғанын көрсетті. Мэриленд штатындағы ең маңызды американдық биологиялық орталық жаһандық назар аударылғаннан кейін АҚШ-тың ішіндегі қызметін қысқартты және жойқын жұмыстарының көпшілігін басқа елдерге ауыстырды. АҚШ биологиялық зертханалары орналасқан маңызды елдердің бірі - Кеңес Одағынан тәуелсіздік алған елдер. АҚШ Кеңес Одағы дәуірдегі жойқын биологиялық әрекеттермен және қауіпті вирустармен күресу сылтауымен Кеңес Одағынан қалған бірқатар биологиялық зертханаларда орналасты. Сондай-ақ АҚШ Кеңес Одағының биологиялық саладағы ғалымдардың  экстремистік топтардың қатарына қосылуына жол бермеу сылтауымен, оларды өзіне қарай тартып, кейбіреулерін Мэриленд зертханаларына, ал басқаларын Азиядағы өз бақылауындағы зертханаларға жіберді.  Бұл географиялық аймақта АҚШ-тың ең үлкен биологиялық белсенділігі Грузияда, Қазақстанда, Өзбекстанда, Әзірбайжанда, Арменияда және Украинада байқалады.

АҚШ-тың әскери биологиялық әрекеттерінің дамуы

 

 

АҚШ биологиялық зертханаларының Еуразияда шашырауы Пентагонның аймақтан микроорганизмдерді жинау мақсатын көрсетеді. АҚШ-тың Ресей және Қытаймен бәсекелестігі күшейіп жатқанда, аймақтағы адам геномы туралы ақпарат жинау АҚШ биологиялық зертханалары үшін арнайы биологиялық қару жасауға мүмкіндік береді. АҚШ-тың құпия биологиялық жоспары сонымен қатар фермаларға, мал мен құсқа зиянын тигізуі мүмкін, бұл биологиялық ластану арқылы елдерде маңызды азық-түлік қауіпсіздігі дағдарысына әкеле алады. Жалпы, АҚШ-тың Еуразия саласындағы биологиялық зертханаларды дамытудағы басты мақсаты – Ресей, Қытай және Иранға соққы беру деп айтуға болады.

1943 жылы сол кездегі президент Франклин Рузвельттің бұйрығымен ашық түрде басталған АҚШ-тың әскери биологиялық бағдарламасы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңейді 27 жыл ішінде жеті  улы зат жасап, АҚШ әскерін олармен жабдықтады. Бұл токсиндерге күйдіргі (Bacillus anthracis), Francisella tularensis, бруцеллез, Coxiella burneti, венесуэла жылқы энцефалиті, ботулинум, энтерулин (энтеротоксин) жатады. Бұл токсиндер көбінесе бірнеше сағат ішінде иелерінде елеулі және деструктивті өзгерістерді тудырады және олардың жанама әсерлері зардап шеккендерге қатты әсер етеді. АҚШ өзінің кейбір құпия биологиялық орталықтарында ауыз қуысы аурулары, бұғы обасы, шошқаның африкалық обасы және 11 фебрильді ауру сияқты вирустарды зерттеді. Сондай-ақ үй жануарларын жұқтыру үшін арнайы бағдарлама жүргізді. Бұл ауруларға Ньюкасл ауруы, қой шешегі, құс обасы және ешкі пневмониті жатады. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растаған Корей соғысында АҚШ-тың биологиялық қаруын қолданғанының күшті дәлелдері бар. Азық-түлікті ластауда биологиялық токсиндерді, әсіресе кубалық қантты қолдану 1962 жылы орын алды.

 АҚШ-тың әскери биологиялық зертханалық қызметінің әлемде таралу картасы 

1950 жылы 20 қыркүйекте АҚШ Әскери-теңіз күштерінің кемесі үлкен шланг арқылы Сан-Франциско жағалауында микробтарды шашты. Бұл биологиялық қарудың сынағы болды. АҚШ Әскери-теңіз күштері бұл құпия экспериментті Сан-Франциско тұрғындарына хабарламастан жалғастырды. Бұл АҚШ-тың жалғыз жасырын биологиялық бағдарламасы емес еді. Ақыл-ойды өзгертетін дәрілердің әсері американдық қара нәсілді еркектерге  сыналды. Қара нәсілділерге олардың қанының қоюлығы  жоғары екендігі айтылды, ал шын мәнінде бұл жоба  токсиндерді тексеру үшін қолданылған. Бұл биологиялық эксперименттердің қару жасауға арналуы  жағдайды қауіпті етеді. Шындығында, мұндай биологиялық қарулар әскерилер мен бейбіт тұрғындарды ажыратпай, көптеген адамдарды өлтіреді. Халықаралық құқық тұрғысынан ол бейбіт тұрғындарды азаптау, сондықтан халықаралық адам құқықтары бойынша тыйым салынады.

Соңғы бірнеше онжылдықта АҚШ әскері қауіпті бактерияларды Канадамен солтүстік шекарада тарату арқылы сынау үшін жүйелі бағдарламаны жүзеге асырды. 1997 жылы АҚШ-тың Ұлттық зерттеу кеңесі американдық әскерилердің жасырын эксперименттері Канада шекарасының тұрғындарына қауіп төндірмейтінін және бұл зерттеулердің көпшілігі жануарлармен шектелгенін уәжденді. 2012 жылы Сент-Луис колледжінің әлеуметтану профессоры Мартино Тейлор армияның биологиялық сынақтары жергілікті тұрғындарды қатерлі ісікке шалдығу қаупін тудыруы мүмкін кадмий сульфиді деп аталатын қауіпті химиялық затпен байланысты екендігі туралы есеп жариялады. Ол сондай-ақ эксперименттерде кейбір радиоактивті заттардың бар екенін атап өтті. АҚШ-тың тағы бір таңғаларлық биологиялық эксперименттері - «Нью-Йорк метросының жолаушыларының осалдығы» зерттеуі. Әскери шенеуніктер Нью-Йорк метросының көмегімен биологиялық қарудың шығарылуын өлшеуге тырысты.

Биологиялық қаруды қолдану орны толмас зиян әкеледі

Жұқпалы аурулардың таралуы АҚШ-тың әскери биологиялық зертханалары орналасқан елдерде өсті. Бұл әскери биологиялық орталықтар «Вирустармен күресудің биоқауіпсіздік жоспары» деген атпен жұмыс істейді, бірақ оларды аралау мүмкін емес. Биотерроризммен күресу сылтауымен АҚШ-тың Африкадағы әскери зертханалық қызметін кеңейтуі 2014 жылы қолдан жасалған Эбола вирусының кең таралуына әкелді.  АҚШ оған  жылдам вакцинаны ұсынды және оған қарсы тұру сылтауымен Африканың бірқатар елдеріне мыңдаған әскерін орналастырды.

АҚШ ежелден бәсекелестеріне соққы беру үшін биологиялық агенттер мен қаруларды қолданудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асырды. Қырғи қабақ соғыс жағдайын пайдалана отырып, АҚШ өзінің көптеген жойқын биологиялық әрекеттерін кеңейтті және бұл әскери бағдарламаны қырғи-қабақ соғыстан кейін де жауларға қарсы биологиялық қорғанысты сақтау деген сылтаумен жалғастырды. Ішкі сынға байланысты АҚШ-тың қазіргі стратегиясы басқа елдерде, әсіресе Еуразияда, Батыс Азияда және Африкада деструктивті биологиялық әрекеттерді дамыту және жүргізу болуда. Бұл әрекеттерімен ол географиялық тұрғыдан  Қытай, Ресей және Иран сынды елдерге жақынырақ болады. Сонымен қатар, өз халқын мұндай зертханалар қызметінің қауіптілігінен алшақтатып, өзінің жойқын әрекеттерін халықаралық аренадан жасырады.

 

 

 

Тегтер