Діни жетекшінің Наурыз -1401 жолдауы
(last modified Sat, 26 Mar 2022 10:34:15 GMT )
Нау 26, 2022 16:34 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің  Наурыз -1401 жолдауы

1401 жылғы Наурыздың бірінші күні және көктемнің басында Ислам революциясының жетекшісі Иран халқына жолдау жасады.

 

 

1401 жылғы Наурыздың бірінші күні және көктемнің басында Ислам революциясының жетекшісі Иран халқына жолдау жасады. Аятолла Хаменеи Наурыз мерекесімен және хиджри-шамси күнтізбесі бойынша жаңа ғасырдың басталуымен құттықтап, сөзін жүректердің көктемі және жақсылықтың қайнары хазірет Мәһдиді (ғ.с.) еске алып, имам Резаға (ғ.с.) сәлем мен салауат айтып бастады.

Ислам революциясының жетекшісі Наурыз мерекесіне қатысты екі мәселеге назар аударды: «Біріншіден, бұл ұлттық мерекені еске алу,  дұға және руханиятпен үйлестіру, оны  ерекше етеді. Ислам революциясы жетекшісі Наурыз мерекесіне қатысты екі мәселеге назар аударды: біріншіден, бұл ұлттық мерекенің Алланы мадақтау,  дұға ету және руханиятпен біріктіруіне. Аятолла Хаменеидің айтуынша, халық мейрамын құлшылықпен, зікірмен, руханиятпен  өткізу сирек немесе бірегей. Жаңа жыл келген сәтте  жеке адамдар мен халықтың әртүрлі таптары, қарт адамдар, ғалымдар, әртүрлі ғылыми салалардағы, оның ішінде зымырандар, нанотехнологиялар, биология саласы және т.б. белсенділер «Уа, жүректер мен көзқарастарды өзгертуші! Уа, күн мен түнді ауыстырушы! Уа, жыл мен көңіл-күйді басқарушы!   Көңіл-күйіміз бен жағдайымызды ең жақсы көңіл-күй мен жағдайға өзгерте гөр»,- деген дұғаны оқиды. Аятолла Хаменеи екіншіден, көктемді жаңа жылдың басы ету ерекше ирандық талғамын терең ой деп тауып: «Көктем – үміт символы, үміт жаршысы. Көктем адамға күздің  кететінін, ал балғындық пен жаңарудың қалатынын мәлімдеді.  Бұл көктемнің ерекшелігі»,- деді.

Аятолла Хаменеи Наурыз мерекесіне арналған жолдауында  Жаңа жылды «Өнідіріс: білімге негізделген және жұмыспен қамтушы» жыл деп атап,   бұл ұранды таңдауды экономиканың маңыздылығына және оның елдің өсуі мен дамуындағы шешуші рөліне байланысты деп білді.  Ислам революциясы жетекшісі «білімге негізделген экономика нені білдіреді?»  деген сұрақты көтеріп, өзінің негізігі тақырыбы талқылауына кірісіп: «Бұл өндірістің барлық саласында озық білім мен технологияның үлкен және толық рөлі болуы керек деген сөз. Өндірісті таңдау да білімге, ғылымға негізделуі керек. Бұл экономиканың барлық салаларын қамтитын білімге негізделген экономиканы білдіреді. Осы саясатты ұстанып, білімді ел экономикасының негізіне айналдырсақ және білімге негізделген экономика кәсіпорындарын көбейтсек (оны кейінірек түсіндіремін)  оның ел үшін де, ел экономикасы үшін де пайдасы көп болады: шығындарды азайтады; яғни, білімге негізделген экономика өндіріс шығындарын азайтады, қазіргі кездегі проблемаларымыздың бірі болып табылатын өнімділікті арттырады.  

Ислам революциясының жетекшісі ауыл шаруашылығы мәселесін мысал ретінде келтіріп, ғылымға негізделген компаниялардың көбеюінің күрт өзгерістер мен оның дамуына себеп болатынын айтты. Сонымен қатар, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізіледі және елде азық-түлік мәселесінде ешқашан проблема болмайды, шаруалардың кірісі артады, сондай-ақ су тапшылығы мәселесін шешуге болады. Аятолла Хаменеи: «Дәл осындай игілік барлық басқа салаларда – өндірісте де, қызмет көрсетуде де бар. Яғни өнім көлемі ұлғаяды, сапасы артады, өзіндік құны төмендейді. Шын мәнінде, білімге негізделген өндіріс экономикалық қызметтің өнімділігіне ықпал етеді. «Бұл маңызды, сезімтал және іргелі мәселе»,- деп қуаттады.

Экономикада әділетті ілгерілеуге қол жеткізу және кедейлік мәселесін шешу Ислам революциясының басты мұраты болып табылады. Діни жетекші бұл мәселені шешу тек білімге негізделген компаниялардың өндірісін күшейту арқылы мүмкін деп тауып, білімге негізделген компаниялардың санын арттыруға баса назар аударды. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында елдегі 6700-ге жуық ғылымға негізделген компанияның қызметін маңызды, бірақ жеткіліксіз деп бағалап: «Биліктен күтетінім – ел сұранысын қанағаттандыру үшін жаңа жылда білімге негізделген компаниялардың санын екі есе көбейту. Бұл жағдайда 300 000  жұмыс орны 1401 жылы 600 000 тікелей жұмыс орнына айналады»,- деп мәлімдеді.

Аятолла Хаменеи ғылымға негізделген компаниялардың көбеюін елдің мүмкіндіктері, әсіресе білімді жұмыс күшінің болуына байланысты мүмкін деп атап: «Халық, жастар бұл компанияларды құрайды, бірақ құрылғылар оларға қолдау көрсетуі керек. Қолдау, яғни  олардың өнімдерін сатып алу, пайдалану немесе қажет болған жағдайда оларға мүмкіндіктер беру болып табылады. Есептерге сәйкес, білімді адамдардың жоғары пайызы олардың біліміне қатысы жоқ салаларда жұмыс істейді. Негізінде еліміздің ең үлкен байлығы саналатын мамандандырылған және жас күштердің күш-жігерін елді байытуға жұмсауға болады»,- деді. Сондай-ақ аятолла Хаменеи жұмыс орындарын құру білімге негізделген компаниялардың көбеюіне байланысты екеніне тоқталып: «Жұмыс орындарын құру сол білімге негізделген компаниялармен қамтамасыз етіледі.  Яғни, егер біз осы компанияларды құра алсақ және бұрын кейде жіберілген қателіктерді жібермесек,   жұмыс орындары да көбейеді»,- деп мәлімдеді.

Аятолла Хаменеи сөзінің тағы бір бөлігінде санкциялар мәселесіне және өзінің өткен жылғы ел экономикасын АҚШ санкцияларына байламау туралы сөздеріне тоқталып: «Бақытымызға орай, елдегі жаңа саясат мұның рас екенін көрсетті. АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, сыртқы сауданы арттыруға болады және сыртқы сауда өсті; аймақтық келісімдерге кіруне болады және Аллаға шүкір, үкімет   аймақтық келісімдерге де қол жеткізе алды. Мұнай және басқа да кейбір экономикалық мәселелерде де алға ілгерілеп, жағдайды жақсартуға болады. Құдайға шүкір, АҚШ санкциялары күшінде болса да, бұл жұмыс іске асырылды. Әрине, мен ешқандай жағдайда санкцияларды алып тастауға ұмтылмауымыз керек деп айтпаймын. Жоқ. Осы салада талпыныс жасап, жұмыс істеп жатқандарға, еш қиындық жоқ, талпыныстарыңдң жалғастырыңдар деп талай рет айттым. Бірақ негізгі мәселе -  біз елді санкциялар ауыр тимейтіндей етіп басқаруымыз керек»,- деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі басқа бір ұсынысында мұнай бағасының өсуі мен валюталық түсімдерге тоқталып: «Бұл кірістерді екі жолмен қарастыруға болады. Біріншіден, импортты ұлғайту үшін пайдаланылуы мүмкін және бұл халықтың әл-ауқаты мен жайлылығын арттырады деп ойлауға болады. Бұл жұмыстың сыртқы түрі жақсы болғанымен, оның ішкі көрінісі өте нашар және шын мәнінде бұл елдің негізгі байлығын босқа кетіру.  Дұрыс әрі іргелі жол – мұнайдан түскен қаржыны елдің инфрақұрылымын жасап, іргесін нығайтып, экономиканың тамырына кеңейту.  

Аятолла Хаменеи өзінің  сөзінде қазіргі уақытта орын алып жатқан жаһандық мәселелерге және олардың барлығы жоспарлауды, қозғалысты, шешімді және әрекетті талап ететініне тоқталып: «Әлемнің өзекті мәселелеріне көз жүгіртсек, Иран халқының үстемшілдікке қарсы күресінің  заңдылығы мен ақиқаттығы айқындала түседі»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи Иран халқының үстемшілдік майданына қарсы таңдауын «қарсыласу, берілмеу және тәуелді болу, тәуелсіздікті сақтау және жүйе мен елдің ішкі нығаюы» деп қуаттап, бұл шешімдердің ұлттық және дұрыс екенін қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі жаһандық оқиғаларға, әсіресе   Ауғанстанның жағдайына және 20 жылдық қысым мен қылмыстан кейінгі америкалықтардың  бұл елден шығу әдісіне назар аудартып: «Украина оқиғасы тағы бір мысал. Билік басына Батыс әкелген бұл елдің президенті оларға өткір үнді пайдалануда»,- деп сөзін жалғады. Аятолла Хаменеи Йемен жағдайы мен бұл елдің төзімді халқының күнделікті бомбалардың астында қалуына, басқа жағынан Сауд Арабиясының 80 жас пен жасөспірімді өлім жазасына кесуіне тоқталып: «Бұл жағдайлардың барлығы дүниенің қараңғылығын және әлемді билейтін қанішер қасқырларды көрсетеді»,- деп баса айтты.

Ислам революциясы  жетекшісі Батыс нәсілшілдігінің әшкереленуін Украина істерінің бір қыры деп біліп: «Қараларды ақтардан ажыратып, оларды пойыздан түсіру немесе Батыстың өз БАҚ-тарында соғыстың Таяу Шығыста емес Еуропада орын алуына  өкініштерін ашық білдіру Батыстың ашық нәсілшілдігінің мысалдары болып табылады. Яғни, егер соғыс, қантөгіс және бауырластарды өлтіру Таяу Шығыста болса, олардың айтуынша, ештеңе етпейді, ал Еуропада болса – дұрыс емес. Бұл ашық нәсілшілдік. Батыс әлеміндегі екіжүзділіктің  тағы бір мысалы - олардың елдерге зорлық-зомбылық көрсету әдістері.  Егер зұлымдық оларға тәуелді елдерде орын алса, олар мүлде реакция көрсетпейді, сондай-ақ барлық қысымға қарамастан, олар да адам құқығы туралы уәжденіп,  осы жалған талаппен тәуелсіз елдерден төлем талап етеді»,- деді. 

Соңында аятолла Хаменеи халық арасындағы  арасындағы еңбек, талпыныс, жанашырлық пен ынтымақтастықты, басшылардың арасындағы жанашырлық пен ынтымақтастықты, сондай-ақ халық пен үкіметтің байланысы мен жанашырлығына тоқталып,   халықты жұмылдыру мен табысты тіледі.