Рамазан - мүмкіндіктер айы (5)
(last modified Thu, 07 Apr 2022 09:09:33 GMT )
Сәу 07, 2022 15:09 Asia/Almaty
  •  Рамазан - мүмкіндіктер айы (5)

Аллаға құлшылық етудің ең маңызды жолдарының бірі – шайтандардың азғыруларына қарсы тұру және күнәдан тыйылу.

Қасиетті Рамазан айында тағы да құлшылық жасауды мүмкіндік берген Аллаға сансыз шүкір. Күнәдан аулақ болып, Алладан кешірім тілейік. Рамазан айын күнә мен залымдықпен өткізгендердің, Алланың кешірімінен мақрұм қалғандардың,  оразаны тек шөлдеу мен аштық деп түсініп, оразаның ақиқатын түсінбегендердің жағдайы қандай жаман. Аллаға шүкір ету үшін әрқашан Алланы еске алып, Оған ғана құлшылық етуіміз керек. 

Аллаға құлшылық етудің ең маңызды жолдарының бірі – шайтандардың азғыруларына қарсы тұру және күнәдан тыйылу. Исламның ардақты пайғамбары (с.ғ.с.) имам Әлиге (ғ.с.) өсиет етіп былай деді: «Адамдардың оңайлықпен қолынан келмейтін істердің бірі – Алланы үнемі еске алу. Әрқашан Алланы еске алу тіл үнемі зікір айтумен айналысады деген емес. Керісінше, Алла Тағаладан қорқып, күнә мен харамнан алыстау дегенді білдіреді. Алла Тағала Құранда Алланы еске алып күнәдан аулақ болған адамдардың мысалдарын келтірген. Осы мысалдардың бірі – хазірет Юсуф   пайғамбар.

Мысырдағы ең сұлу әрі беделді әйелдердің бірі Зулайха сол кезде құлдан басқа ештеңе болмаған Юсуфты өзінің киелі орнына шақырып, оған ниет еткенде, әрқашан аузында Алланың есімі, жүрегінде зікір болған Юсуф (ғ.с.) бұл үлкен күнәға бармады. Ол  иесінің әміріне бағынбаудың өзіне   қиыншылық әкелетінін білсе де, бұл қиындықты  Алланың қаһары мен ақырет азабынан артық көрді.

Құран Кәрімде шайтаннан және оның азғыруларынан сақтандыратын аяттар көп. «Фатыр» сүресінің 6-шы аятында: «Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан тұтыңдар. Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады» және «Ағраф» сүресінің 27-ші аятында: «Әй адам баласы! Шайтан, ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жаннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық»,- деп айтылды.

Алланың пенделері қасиетті Рамазан айында ерекше амалдар жасау арқылы жан дүниесін тазарып, өзін-өзі жетілдіру арқылы күнә жасауды азайтып, бұл айдың сауабы мен әсерін өз өмірлерінен байқай алады. Алланың қонағы болатын ай адам баласының көңіл-күйін жақсартып, көрікті етіп, жаңа рух береді. Бұл тамаша әрі рухани күй осы мүбәрәк айдың ұлылығын көрсетеді. Мүміндердің Құранмен терең танысуы, түнгі ғибадаттар және бір Жаратушымен сырласуға мән беруі бұл илаһи мейрамның ұлылығының азғана бір бөлігі. Рамазан айында ораза ұстау адамның жаны мен жүрегін сау етеді. Физикалық ауруларды емдеу үшін кейбір нәрселерді жеуден аулақ болғанымыз сияқты, психикалық ауруларды емдеу үшін кейбір әрекеттерден аулақ болуымыз керек. Алланы жақсы көретін пенденің жаны мен жүрегіне қайшы күнә мен амалдар жан дүниесін бұзады. Жан дерті тән дертінен де ауыр екені бәрімізге мәлім. Өйткені жанға немқұрайлы қараса, тән сияқты жан да ауырады және оның жойқын әсерлері жеке адамға ғана емес, қоғамға да әсер етеді. Адамның іс-әрекеті, шын мәнінде, жан азығы. Күнә адамның жанын ауыртады, ал оның орнына жақсылық жанды күшейтеді. Кімде-кім намаз оқымаса, ораза ұстамаса, жалғыз Аллаға жалбарынбаса, оның жаны ауырып, ешқашан тыныштық таппайды, бұл адасу ол үшін ең ауыр азап. Алланы еске алу – адам жүрегіне шипа. Раад» сүресінің 28-ші аятында: «Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады»,- деп айтылды.

 

Адамның ішкі дүниесі болып табылатын жүрегі мен сыртқы келбеті арасында байланыс бар. Яғни, адамның көзі бір нәрсені көрсе, жүрек соған ереді және адамның жүрегі бір нәрсені көрсе, көз оны қалайды. Адам жүрегіне не кіретінін бақылауы керек. Хазірет Әли (ғ.с.)   жоғары дәрежелерге жетудің жолы жүректі басқару деп тауып: «Кез келген нәрсе жүрекке екі жолмен, атап айтқанда   адамның көзі және құлағы арқылы кіреді»,- деген. Сондықтан ақылды адам сөзді айтпас бұрын ақылымен таразылайды.   Ислам қасиетті Рамазан айында осы ұлы сынақта адамның жеңісі мен мақтанышы үшін жүректі таза ұстауға, жанды тазартуға және ізгілік пен мейірімділікке шақыратын әсерлі барлық нәрсені қамтамасыз етеді. Сондай-ақ адамның осы қасиетті айдың әсері мен берекесін көру арқылы биік межелерге жетуі үшін оның алдына рухани өрлеу жолдарын ашық қояды.

Қасиетті Рамазан айында Құранмен танысу ораза ұстағандарға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Құранның әдемі де көңілге қонымды оқылуы, оның өмірлік аяттары туралы ойлану,  ойлайтын адамға білім мен нұр әлемін ашады. Бұл үлкен және құнды кітап бақытты өмір сүруге қажет нұсқаларға ие. Осы себепті Құран – қалаулы және адами өмірдің кемел үлгісі. Исламдық Иран жыл сайын қасиетті Рамазан айында Құран мәдениетін және оған жақындығын насихаттау мақсатындағы әдемі қозғалыстың куәсі болады. Биыл да мешіттер мен киелі орындарда Құран оқу рәсім өтіп, халық бірге болады. Олар күнде Құранның бір жүзін оқиды. Өйткені бұл айда Құран оқу өте ұсынылды. Құранның әрбір сөзі нұр болып, пендені илаһи болуға жетелейді

 

Бұл илаһи кітапты оқудың ережелері бар, оның бірі тазалық.Алла Тағала тазалықты қасиетті кітапты пайдаланудың бірінші шарты етті және «Уақиа» сүресінің  79-шы аятында: «Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды»,- деп айтылған. Илаһи әулиелердің сөздерінде ауыз Алла сөзінің тәпсіршісі. Ендеше, бұл жол таза болуы керек, сонда жүрек пен рухтын Құраннан тазаруы жақсырақ болады. Исламның ұлық пайғамбары: «Құранның жолын тазартыңдар»,- деген. Хазіреттен: «Уа, Алла елшісі, Құранның жолы не?»- деп сұрағанда: «Ауыз»,- деп жауап берді. «Оны не нәрсемен тазартамыз?»- деген сұраққа: «Мисуақпен»,- деді. («Бихар әл-Анвар», 73-ші том).

Құранның бетіне қарау – ғибадат. Алла Елшісінің айтуынша, үш нәрсеге қарау – ғибадат, оның бірі – Құранға қарау. Олай болса, халыққа тараған хат болып табылатын бұл кітапты ашып, оның нұрлы беттеріне қарау – оны оқудың сыртқы әдептерінің бірі. Тағы бір әдеп – илаһи бұйрық – Құран аяттарын тыңдап отырып, зейін қойып, ойға шомып, ой жүгіртумен бірге үнсіздік. Құран оқылған кезде тыңда және үндеме. Құранның өмірлік  ілімдерімен танысу мұнымен бітпейтіні сөзсіз. Аяттарды оқу, ұғымдармен танысу және Құран оқуын тыңдау Құранды неғұрлым қарапайым және тереңірек білудің алғашқы және бастапқы қадамдары болып табылады. Аятолла Хаменеи Құран оқудың маңыздылығы туралы: ««... Құран оқу және илаһи аяттарды әдемі оқу – Құрандағы ойланудың бастамасы. Құранды жағымды дауыспен оқу адам жүрегін жұмсартады, кішіпейіл және Құран ілімдері мен Құран аяттарын түсінуге дайын  етеді. Бұл бізге керек»»,- деді.