Рамазан - мүмкіндіктер айы (9)
(last modified Tue, 12 Apr 2022 13:16:48 GMT )
Сәу 12, 2022 19:16 Asia/Almaty
  • Рамазан - мүмкіндіктер айы (9)

Ораза – Алла Тағала орындауға бұйырған ғибадаттардың бірі және ол туралы барлық илаһи кітаптарда айтылған.

Алла елшісі  Рамазан айының қасиеті мен ұлықтығы туралы былай деген: «Қасиетті Рамазан айы – Алланың қасында ең қайырлы айлардан, оның күндері – ең жақсы күндер, түндері – ең жақсы түндер және сағаттары – ең жақсы сағаттар. Бұл айда дем алуларын – тәспих, ұйқыларын – ғибадат, амалдарын қабыл болып, дұғаларың орындалады. Бұл айда дұрыс ниетпен және таза жүрекпен Алладан   ораза ұстау мен Құран оқуға көмек тіле»,- деген.

 

Ораза – Алла Тағала орындауға бұйырған ғибадаттардың бірі және ол туралы барлық илаһи кітаптарда айтылған. «Бақара» сүресінің 183-ші аятында: «Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды»,- деп айтылды. Ораза, жалпы алғанда, ішіп-жеуден тартыну және рухани кемелдікке жетуге талпыну. Ежелгі Грекиядан бүгінгі күнге дейін әртүрлі мәдениеттерде ораза  болды, христиан мәдениеті мен әдет-ғұрыптарында да ежелгі дәуірден бері ораза ұстау бар. Әрине, христиан дінінде әртүрлі ағымдардың болуы христиандар арасында ораза ұстау тәсілдерінде түрлілік туғызды. Христиан дінінің әрбір тармағының ораза ұстаудың өз ережелері мен шарттары бар. Христиандардың көпшілігі Пасха алдындағы қырық күндік оразаға сенеді және оны қырық күн ораза немесе қарыз немесе өкіну күндері деп атайды.  Бұл кезеңде діндар адамдар белгілі бір тыйымдарды сақтап, күнәларына өкінуі керек. Олар жеміс-жидек, жұмыртқа, ет және сүт өнімдерін жеуден тартынып, көңілсіз және қайғылы түрде ғибадат етеді. Католиктік конфессияда бұл қырық күн хпзірет Исаның (ғ.с.) Рим үкіметінің қастандығынан қашып, шөл далаға шығуына сәйкес келетін күннен басталады. Католиктердің оразасы жұма күні Иса пайғамбар айқышқа шегеленгеннен кейін сенбіге дейін жалғасады. Католицизмде әр жұма ғасырлар бойы тәубе ету және еттен бас тарту күні болып табылады, бұл ораза ұстаудың бір түрі. Бірақ 1960 жылдардың ортасынан бастап тәубеге келу немесе ораза күндерінен басқа жұма күндері еттен бас тарту міндетті емес деп жарияланды.

Православие шіркеуінің ізбасарларының баршаға танымал ораза кезеңінен басқа, ораза ұстаудың әртүрлі кезеңдері бар. Олардың ішінде Апостолдардың оразасы, хазірет Мәриәмнің миғрадж оразасы және хазірет Исаның туған күні ерекше оразасын атап кетуге болады. Православие ізбасарлары  ораза ұстаған кезде  әдетте ет, сүт өнімдері мен жұмыртқаны жемейді. Оразаның кейбір күндерінде балықты жеуге рұқсат етіледі, ал басқаларында рұқсат етілмейді. Протестанттық конфессияда ораза ұстау уақыты жеке адамдарға, шіркеулерге, ұйымдарға немесе христиан қауымдарына байланысты. Кейбіреулер  судан және тамақтан толығымен бас тартады. Бірақ басқалары тек сұйықтық ішеді және белгілі бір тағамдарды жейді.

Ораза ұстаудың барлық атылған айырмашылықтармен христиан дініндегі оразаның философиясы - жаман азғыруларға қарсы тұру, кез келген зұлымдықтан аулақ болу және жүректерді Құдай үшін тазарту. Христиан дінінің тұлғалары әрқашан адамдарды оразаның сыртқы көрісініне тоқтап қалмай, ішкі жағына назар аударуға шақырады. Христиан дініндегі әртүрлі ағымдардың ораза ұстау тәсілі мен ораза күндерін анықтаудағы айырмашылықтарының бір себебі, христиан тұлғаларының оразаның ішкі негізіне көңіл бөлуіне баса назар аударуы болса керек. Матай 6 (16-18): Иса (ғ.с.) шәкірттеріне ораза кезінде адамдар үшін тек сыртқы көрінісін қайғылы ететін екіжүзділер сияқты болмауға кеңес береді.  Керісінше, сендердің оразаларыңды Алладан басқа ешкім білмеуі үшін беттеріңді жуып, шашты тараңдар, сондай-ақ Жаратушының жасырын істегендеріңді білуші әрі сауап беретінін біліңдер.  Христиан діні тұлғалары мен орталық шіркеулердің бұл ғибадаттың белгілі бір жүйесін құруға назар аудармауы, кейде  ораза ұстауды шіркеу немесе билеушінің ​​тағайындауына себеп болды.  Христиан тарихшысы Дионисий Александриялық «Қасиетті аптаның оразасы» туралы айтады, бұл оразада біреулер ештеңе жемейді, біреулер тек екі күн, біреулер үш күн, кейбіреулер төрт күн ораза ұстайды, ал кейбіреулер бұл оразаға немқұрайлы қарайды.

 «Монахтық» сөзбе-сөз қорқыныш пен алаңдаушылықты білдіреді және дәстүрлі түрде Құдайға ғибадат ету үшін қоғамнан және адамдардан алшақтау үшін қолданылады. Монахтықты бастапқыда христиан қауымдастығындағы кейбіреулер Құдайға жетуді тездету үшін ойлап тапты.  Бірақ жалғасында бұл қатал ғибадат пен қатаңдыққа төзімділіктің шектен шығуына айналды.  Тарих бізге кейбір монахтардың өмірінен оғаш оқиғаларды айтып береді. Мысалы, Макариус деген монах жеті жыл ет жемей, жиырма түн ұйықтамай, алты ай бойы денесін зиянкестердің улы шағуына ұшыратқан. Басқа монахтар қайда барса да ауыр жүктерді көтерді немесе қолдары мен аяқтарын шыңжырмен байлады. Әрине,  асыра сілтеу, қоғамнан оқшаулану  басқа дінді ұстанушылар арасында да байқалады. Бірақ Аса мейірімді Алла мұндай шектен шығуды ұнатпайды және бұл амалдардың Оның қасында біз үшін ешқандай рөлі жоқ. Негізінде адамның бақыты – қоғамда өмір сүре отырып, Аллаға жақындау. Қоғамнан алшақ болу және оқшаулану – адам баласы үшін моральдық немесе адами кемелдік емес, адамның кемелдігі –  Құдайға жақындау, қоғам мен халық істерін шешу, әлеуметтік мәселелермен айналысу және қоғам істерін түзету – Аллаға жетудің бір жолы, оны елеусіз қалдыруға болмайды.

Рамазан айы ішкі тазару мен сыртқы түзелуге және баршаға Алланың мейірімінен ләззат алуға негіз береді және Құранға жақын болып, онымен таныс болу ойды дамытып, тура жолға салады. Құранның мақсаты – иманды дамытып, адамның қимыл-қозғалыстарын тура жолға салып, оны ең көркем ахлақ сипаттарымен, қасиеттермен безендіру. Құран - адамзатты бақыт пен құтқаруға жетелейтін илаһи кітап және мәңгілік мұғжиза. Илаһи хабар, рухани тартымдылық және Құран аяттарының балғындығы мен сергектігі оны дүние жүзіндегі миллиондаған адамдардың өмірінің негізіне айналдырды. Рамазан айындағы берекелердің көпшілігі Құранның ұлықтығына байланысты. Бұл айда ораза ұстаушылар Құран аяттарының нұрында жан дүниесі өркендеу үшін жүректеріне Құранның нұрлы ілімінің дәнін себеді. Мешіттерде, үйлерде және әрбір жатақхана мен казармада Құран оқылып,  Рамазан айының рухани кеңістігі еселей түседі.