Рамазан – мүмкіндіктер айы (12)
Рамазан айы Құран көктемі деп аталады.
Қасиетті Рамазан айы! Біз қазір шынайы мейірімділіктің шексіз теңізінің жағасындамыз. Басқа уақытқа қарағанда бұл күндеріміз, тәпсірлеріміз бен ғибадаттарымызды бүкіл әлемнің Раббысымен көбірек қабылдануда. Рамазан – адамның жан дүниесін тазартып, күнәлардан сақтану айы. Рамазан айы нәзік тұстарға толы. Рамазан жамандық пен ластықтан тазартып, адамды биік көкжиектерге самғататын ай.
Алланың бізге берген әртүрлі нығметтерінің ішінде бізге жақындығы сонша, бірақ біз ол туралы ойламайтын бір нығмет бар. Бұл ұлы нығмет – Алланың өзі. Барлығы өз қолында бар құдіретті Алланың алдында болу – көпшілігіміз дұрыс түсінбейтін игілік. Алла Тағала «Қаф» сүресінің 16-шы аятында: «...Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз»,- деді. Ол әрқашан және барлық жерде бар, біздің дауысымызды естиді, жүрегіміздің сырын біледі, ниетімізден хабардар. Бірақ оның бар екенін түсінуге біздің күшіміз жетпейді. Біздің күнәларымыз бен зұлымдықтарымыз, арам ниеттеріміз бен жаман қылықтарымыз Алланың барын және қадағалауын ұмытуымызға себеп болады. Бұл зұлым істер жүрегімізді жауып, дүниенің ақиқатын көруден айыратын жаралы перде іспетті. Әр демімізде, әр басқан қадамымызда Алла әрқашан бар. Әр түнде ұйықтаған, таңертең оянған кезде, Ол бізге көмектесіп, бізге қайта өмір сыйлайды. Біздің Алланың алдында болуымыз Алланы барлық істен хабардар болуын түсінуді білдіреді. Алланы түсінуге күшіміз жеткенде, біз Оның қасында боламыз. Әрине, біздің жоқтығымыз Алла Тағаланың біздің жағдайларымыздан және іс-әрекеттерімізден бейхабар дегенді білдірмейді, тек біздің Алланың алдында бар екенімізден бейхабар екенімізді білдіреді. Алла бұл болмысты Құранда білдірген. Құран – Алланың сөзі, сондықтан да Исламның үлкендері Құранды үнемі оқып, оның аяттары туралы ой жүгіртуге шақырады және бұл кеңестер Рамазан айында шарықтау шегіне жетеді.
Рамазан айында Алла Тағаланың тағы жерге жақын болады дегенді естігенбіз. Бірақ шын мәнінде Алла Тағаланың Өзі жерге жақын, ол бізге күре тамырдан да жақын. Бірақ Рамазан айында құлшылық етіп, Құран оқу арқылы немқұрайлылық шеңберінен шығып, Аллаға жақындау мүмкіндікті пайдаланайық. Егер Алланың мейірімі мен турашылдығы болмаса, біз ешқашан мұндай түсіністікке жете алмас едік. Рамазан айы Құран көктемі деп аталады, бұл көктемде адам жанының Құран бұтағына гүлдей жайқалған. Құран ұғымдарынан әркім өзі түсінгенінше пайда көреді және бұл пайда аз болса да адамның рухани өсу құралына айналады. Болашақта өсу Құранды жақсырақ түсінуге және одан көбірек пайда алуға көпір болады. Бүкіл әлемдердің мақсаты болған Алла Тағала бұл межесіне жету жолын да белгілеген. Бұл мақсатқа Құран оқу арқылы жетуге болады.
Оразаның бірнеше маңызды мәселелері бар. Біріншіден, ораза тұтушы адам мұсылман болуы керек. Мұсылман емес адамның оразасы дұрыс болмайды. Сондай-ақ есінен танған немесе мас болған адамның оразасы дұрыс болмайды. Ислам ережелері бойынша, намаз толық оқылмайтын сапарға шыққан адамның оразасы. Тіпті мұстахаб оразасы дұрыс емес. Бірақ белгілі бір күні ораза ұстауға нәзір еткен болса, сол күні жолға шықсада оразасын ұстай алады.
Басқа нәрселермен қатар, Исламда оразаның дұрыс болуының келесі мәселесі оның ораза ұстаушы үшін қауіпсіз болуына байланысты. Осыған сәйкес, егер ораза адамға зиян болса, бұл тұжырымға өзі жетсе де, сенімді дәрігер айтса да, ораза ұстауға болмайды. Оразаға ниет ету және оразаны бұзатын нәрселерден тартыну да оразаның қажеттілігі болып табылады. Осы арада парыз оразаның шарттарына қатысты кейбір жайттарға назар аударған жөн. Әлсіздік адамның ораза ұстамауының себебі бола алмайды. Бірақ шыдау өте қиын болатындай әлсіреп қалса немесе зиян келтіреді деп алаңдаса, оразасын бұза алады.
Ораза – ынталы пенденің қорқып, амалсыздан емес, сүйіспеншілік пен ықыласпен жасайтын ғибадаттарының бірі. Оразада ғашықтар арасындағы қарым-қатынас жақсы көрінеді. Сүйгенінің разылығы үшін адам қолында барды жемейді, қалағанын істемейді. Жаратушымен сырласудан алған ләззаттардың алдында барлық ләззаттардың құны жоқ. Тіпті ең жақсы тағамдар мен сусындар да оған ұнамайды. Хазірет Әли (ғ.с.): «Уа, Алла, мені алаңдататыны - сенен алыстау. Сенің азабыңа шыдасам да, қашықтығыңа қалай шыдаймын?»- деген.
Рамазан айында хазірет Әли (ғ.с.) басқаларға пайдасын тигізіп, оларды біріктіруге талпынған. Жамағат намазына қатысу үшін үйден шыққанда, «уа, халайық, намаз, намаз» деп көршілерге, жол бойындағы үйлерге жамағат намаз басталатыны туралы хабар беретін. Немесе ол Пайғамбардың (с.ғ.с.) өміріне және өзінің сүйікті жары хазірет Фатиманың (ғ.с.) ынтымақтастығына сүйеніп, Рамазан айында балалар мен отбасы үшін түнді ояу, ғибадат етіп өткізуге жағдай жасады. Пайғамбар (с.ғ.с.) Рамазан айында сәрсесі мен ауызашарда тамақ ішуді қуаттады. Имам Әли (ғ.с.) хадистерінің бірінде осы екі мезгіл тамақ ішуге баса мән бергеннен кейін қажеттілікті түсіндіру үшін ауызашарда құрманың кем дегенде жартысын жеу және таңертең бір жұтым су ішуді қажет деп санайды. Имам Әли (ғ.с.): «Рамазан айында кешірім сұрап, көп дұға етіңдер. Намаз сендерден пәлелерді қайтарады, ал кешірім сұрау күнәларыңды кетіреді».