Қадір түні - Аллаға жақындайтын түн (2)
(last modified Fri, 22 Apr 2022 07:58:41 GMT )
Сәу 22, 2022 13:58 Asia/Almaty
  • Қадір түні - Аллаға жақындайтын түн (2)

Қадір түні ғаламның сырын жеткізеді.

 

Қадір түні келді. Аллаға иман келтірген адамдар Қадір түнін қасиетті жерде өткізу үшін мешіттер мен зиярат орындарына барады. Дұға оқып жатқан адамдардың дауысы түн ортасында аспанға көтерілді. Бұл түнде Жаратушымен табысып сырласуға барша жиналды. Олар жүректерді күнәнің көз жасымен жуып, мейірімді Раббысына жалбарыну арқылы өміріндегі құлдықтың жаңа кезеңінің бастайды. Қадір түні – қайтадан бастау нүктесі. Бүгін түнде биылдан келесі жылға дейін не болатыны жазылып, анықталады.

Қадір түні ғаламның сырын жеткізеді, бірақ оның ұлылығын адамдар түсінбейміз.  Бұл жалпы түсінікке Құран Кәрімнің аяттары мен Қадір түнінің ұлықтығына қатысты рәк имамдардың (ғ.с.) рауаяттарына мойынсұну және сену арқылы ғана жете аламыз.   

Қадір түні – адамның рухани өмірінің ең маңызды әрі құнды бастау нүктесі. Бұл түн ойлау мен пайымдаумен бірге жүретін болса, адам үшін ішкі өзгерістер мен түрлену түні болуы мүмкін. Қадір түніндегі адам бұл түндердің ерекше ғибадаттарынан бөлек, ойлануға  мұқтаж. Ал бір сағат ойлану мың жылдық ғибадаттан да артық. Бұл түн адам баласының өз қалауы мен таңдауымен өзіне басқа тағдырды белгілейтін түн.  

Өзін-өзі тану Алланы танумен тікелей байланысты. Рауаяттардан келген бұл сөйлем адамды өз жағдайына тереңірек көңіл бөліп, өзінің жақсы-жаман сипаттарын дұрыс көруге, Алланың оны жарату мақсат-мүдделері туралы ойлануға міндеттейді. Осындай маңызды мәселелер туралы ойлануға қолайлы сәттердің бірі – Қадір түні. Ақлақ кемістіктері адамның кемелдікке жетуіне кедергі болып табылады. Біреулер  басқалардың кемшіліктерін әшкерелеуде, басқалар азғындық пен бұзықтықта немесе  ғибадат жасауға немқұрайлық білдіруде ұсталады, енді бірі тәкаппарлық пен өзін-өзі мақтан тұтады. Дегенмен, кейбір күнәлар адам өмірінің әлсіздігі мен қиындығы болып табылады және әдетте шайтан адамға сол арна арқылы әсер етеді. Қадір түні – адамның өзін тану және адамды жәннаттан тозаққа жетелейтін ішкі қиындықтар мен әлсіздіктерден айырылатын ең жақсы мүмкіндігі.

Адам баласының дүние тіршілігінде кездесетін негізгі мәселелерінің бірі - Алла Тағаламен байланыс пен достық арқылы алынатын рухани ләззаттарды ұмыту. Материалдық тәуелділіктерін бұрынғыдан да анық көріп, бұл өтпелі әлемде батып кетпеу үшін Алламен сырласу мүмкіндігін пайдалану керек. Расында, адам баласы  өмірінде Алла Тағаладан артық қандай серік таңдай алады? «Ал мүміндер, Алланы тағы артық сүйеді». («Бақара» сүресі, 165-ші аяттан). Расында, адам баласы өз орнын, қадірін жақсы білсе, оның құны жәннаттан басқа ештеңе емес екенін түсініп, дүниенің тұрақсыз ләззатына өзін сатпайтын және діни-адамгершілік тәрбиесіне шынайы мән беріп, рухани дамуына немқұрайдылық білдірмейтін еді.

Қадір түнінде адам баласының қайта бастауы қандай тамаша. Адамның Алламен келісімін қайта жаңдандырады. Мойынсұнушылық пен құлдықта, намазды уақыты басталсымен оқу, Келер жылдың Қадір түнінде қазіргіден де жақсы адам болу үшін Құранды күнделікті оқу, аяттардың мағынасы мен түсінігіне мән беру, азғындық пен жамандықты түзеп, ғибадаттарды жақсырақ орындауға талпыну керек. Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи Қадір түнінің маңыздылығы туралы: «Бүгін Алла Тағала жылауға, жалбарынуға рұқсат еткенде, Оған  қаай қолыңды жайып, сүйіспеншілік  білдіріп, шынайы жүректен көз жасын төгіңдер. Бұл мүмкіндікті пайдаланыңдар, әйтпесе бір күні Алла Тағала қылмыскерлерге: «Барыңдар, жалбарыныңдар, жалбарынбаңдар, оның пайдасы жоқ»,- дейді.

Қасиетті Рамазан айының жиырма бірінші түнінің қасиеті он тоғызыншы түннен де артық. Қасиетті айдың он тоғызыншы түні сияқты жиырма бірінші түннің амалдарына ғұсыл алу, ояу болып, ғибадат жасау, имам Хұсейннің зияраты, «Джоушан Кабир» және басқа арнайы дұғалар жатады. Имам Саджад (ғ.с.) Қадір түнін таң атқанға дейін қауіпсіз әрі берекелі түн деп сипаттап: «Бұл түн таң атқанша аман және үнемі берекелі болады. Бұл түнде азап есіктері жабық болады»,- деді.

 

 

Тегтер