Maм 04, 2022 01:04 Asia/Almaty
  • Ораза айт  - тілектер мейрамы (2)

Ораза айт – табиғатқа қайта оралу дегенді білдіреді.

Айт күнінің ұлылығын еселейтін ең әдемі рәсім – айт намазын оқу.

« ...اللَّهُ أَکْبَرُ اللهُ أَکْبَرُ وَلِلَّهِ الْحَمْدُ الْحَمْدُلِلَّهِ عَلَی مَا هَدَانَا وَلَهُ الشُّکْرُ عَلَی مَا أَوْلانَا».

Алла  кез келген сипаттаудан Ұлы, Алладан басқа тәңір жоқ. Мадақ Аллаға лайық, бізді тура жолға салғаны үшін Аллаға  шүкіршілік білдіреміз.

Бұл Ораза айтының таңындағы мешіттердің мұнараларынан көтерілетін  тәкбір үні.   Жер бетіндегі адамдар бір айлық ғибадаты үшін шүкіршілік білдіріп, айт мерекесін тойлайды. Аспандағы періштелерге де адамдарға илаһи сый беру міндеттелді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ораза айт келгенде Алла Тағала ораза ұстаушылардың ырзығын береді»,- деген. 

 

Қасиетті Рамазан айының басында, илаһи шақыруды қабылдап, ораза тұтамын деп ниеттенгендер, отыз күндік ораза біткен соң тілектер мерекесіне қатысып, Аллаға шүкіршілік етеді. Халықтың тіршілігі Алланы мақтау мен алғыс үнімен бірге қаланың кеңістігін өзгертеді. Кіші және үлкен сапқа тұрады. Мұқтаж қолдар аспанға көтеріліп: «اللهم اهل الکبریاء و العظمة و اهل الجود و الجبروت» деген дұға естіледі. Кеңістік, тазалық, мойынсұну және тақуалық. Бұл сезім – тақуалардың шын ықыласпен ұстаған бір ай оразасының сауабы, ол шынайы мүміндерге беріледі. Адамдар жүректерін осы үміт пен тілекпен тыныштатады. Ораза айт құтты болсын!

 

Айт намазы – Ораза айтының ең маңызды рәсімі. Басқаша айтқанда айт күнінің ең көркем рәсімі – айт намазын оқу. Намазға кірген кезде тәкбірлер жүректерді өзгертіп, Айт намазына қатысу деген ықыласты арттырады. Құлшылық етушілер иман нұрымен, хидаят нұрымен құлшылықтың бір-біріне жалғасқан саптарында тұрып, олардың баршасына қадір-қасиеті мен кешіріміне шүкіршілік етеді.  Айт намазы екі рәкат. Бірінші рәкатта мадақ пен сүре оқылғаннан кейін бес кунут оқылады. Екінші рәкатта «Хамд» пен «Аләқ» сүресін оқығаннан кейін төрт құнұт оқылады. Ораза айт намазының құнұты маңызды хабарлар мен өтініштерді жеткізеді. Ораза айтқа қатысушылар Алланы ұлылықпен мадақтап, Оның кешірімі мен мейірімін еске алып, Алланың соңғы елшісі Мұхаммадқа (с.ғ.с.) және оның отбасына сәлем жолдайды. Сондай-ақ жақсылыққа қол жеткізіп, бақытты өмір сүргісі келеді.

Ораза айт наазының құнұтында былай деп оқимыз: «Уа, Алла! Ұлылық пен ірілік Саған лайықты. Кешіру немесе жазалау да Саған лайықты. Кешірім мен рақымшылық жасау да Сенің қолыңда, тақуалық пен кішіпейілдік сыйлау да Сенің құзыретіңде. Бұл күнді Мұсылмандарға айт деп белгілеуің әділетті. Оны Мұхаммед пен оның әулетінің дәрежесі артып, шарапаты таситын күн еттің. Мұхаммед пен оның әулетіне сәлем жолдауыңды сұраймын. Мұхаммед пен оның әулетіне берген құт-берекені маған да нәсіп ете гөр. Мұхаммед пен оның әулетін қорғап қалғандай мені де жамандықтан сақтай гөр. Уа, Алла! Мен Сенен лайықты құлдарың сұраған ең жақсы нәрселерді сұраймын. Ықыласты құлдарың қашқан дүниеден безіп, мен де Сенен пана іздеймін».

Иранда соңғы жылдары аятолла Хаменеидің жетекшілігімен оқылған екі рәкат намаздан кейін екі уағыз оқылды. Аятолла Хаменеи бұл уағыздарында халықты тақуалық пен адамгершілік негіздерін сақтауға шақырды. Сонымен қатар, Айт намазының айтылған уағызында намазға қатысушылар басқа елдердегі, әсіресе Палестинадағы дін бауырларының мәселелерімен танысып, оларға жанашырлық пен жауапкершілікті сезінуі үшін Ислам әлемінің маңызды мәселелері мен қатерлеріне көңіл бөлінеді.

Ораза айт намазы

Діни мерекелер нөсер жаңбыр сияқты өзінің балғындығымен адамзат қоғамына сергектік пен өмір сыйлайды. Ислам мәдениетінде айт мейрамы Алланың есімімен және зікірімен байланыстырылады және бағаланады. Айт деген сөз  Құранда бір рет және Иса (ғ.с.) мен оның арнайы елшілері мен шәкірттеріне байланысты айтылды.

Хазіреттің шәкірттері Исаға (ғ.с.) деген имандарын толықтыру: “Әй Мәриям ұлы Иса! Раббың бізге көктен бір дастархан түсіре ала ма?” деген еді. “Егер сенсеңдер Алладан қорқыңдар” деді. Бірақ хазірет көп ұзамай олардың мақсаты Исаның (ғ.с.) мұғжизасын көру екенін түсінді. Сапар аясында олардың жүректері пәк, сенім мен сенімділікке толы болды. Сондықтан хазірет Иса: “Әй Алла! Раббымыз! Бізге аспаннан дастархан түсір! Бұрынғы, соңғымызға мереке әрі Сенен бір белгі болсын. Бізді ризықтандыр! Сен ризықтандырушылардың ең жақсысың”,- деді. («Мәида» сүресі, 114-ші аят). Мәида түскен күн жеңіс пен тазалыққа және Аллаға иманға оралатын күн болғандықтан, Иса (ғ.с.) оны айт деп атап, демалыс етті. Демек, Құрандағы айт – сенім,   тазару және өзін-өзі жетілдіруге жету.  

Құран Кәрім Ислам дінін адам болмысымен үндес, нұсқаулары адам болмысына негізделген дін ретінде таныстырады. Табиғат надандық ұрлықтан, ырым-жырымнан, жалған үгіт-насихат пен зиянды тәлім-тәрбиеден сақтанса, сөзсіз таухид жолын және дұрыс илаһи әмірлерді ұнатып, таңдайды. Ғалымдар түсіндірмелеріндегі табиғат екі түрлі: ақыл табиғаты және жүрек жаратылысы. Ақыл-ойдың табиғаты дегеніміз - нақты пайымдау және жүйені бақылайтын адам.

Ораза айт – табиғатқа қайта оралу дегенді білдіреді. Яғни, Рамазан айында өзін-өзі жетілдіру адамды надандық, фанатизм мен ырымшылдық перделері мен жетелеу жолындағы кез келген кедергілерді жаратылыс жолынан тайдыратын жағдайға жеткізеді. Мұсылман адамы адамның кемелдікке жетелейтін толық және нақты нұсқаушысы болып табылатын жаратылысына қайта оралады. Адам Рамазан айының берекеті мен ораза ғибадатының аясында осы дәрежеге жетсе, Ораза айт ұғымының ақиқатына жеткен болып табылады. Имам Әли (ғ.с.): «Ораза айт – Алла Тағала оның оразасын қабыл етіп, құлшылықтары мен ғибадаттарына шүкіршілік ететін адам үшін айт»,- деген.

    

 

Тегтер