Джамаран тұлғасы
(last modified Fri, 03 Jun 2022 13:34:59 GMT )
Маусым 03, 2022 19:34 Asia/Almaty
  • Джамаран тұлғасы

«Тыныш және сенімді жүрегім, жайдары көңіліммен Алланың разылығына үміт артып, бауырларым-қарындастарымның қызметінен босап, мәңгілік мекенге сапар шегемін. Игі дұғаларыңды қажет етемін. Мейірімді Алладан қателіктерім үшін кешірім сұраймын».

 

Бұл Алланың шынайы құлы ұлы Хомейнидің мұсылмандарға айтқан соңғы сөздері. Ол өзінің күш-қуаты, абыройы мен атақ-даңқы шыңында тек Иран халқын ғана емес, бүкіл мұсылмандарды бауырларым деп атап,   өзін олардың игі дұғаларына мұқтаж деп санады. Бүкіл өмірін діннің мақсаттарын орындауға, мұсылмандар мен жәбір көргендерді құтқаруға жұмсаса да, Алла Тағаладан кешірім сұрады. Бұл ұлы ерлердің белгілерінің бірі. Олар дүниенің қуаныштарына мастанбайды және қиынддықтар мен азаптарға мұңаймайды.

1989 жылдың маусым айының алғашқы күндері  Иран халқы мен Хомейнидің барлық ғашықтары үшін өте ауыр күндерді еске түсіреді. Имам Хомейнидің сырқаты туралы хабар жандарды  ерең қайғыға батырған.  Бұл ұлы және бірегей көшбасшының көптеген ғашықтары мен жақтастары мешіттер мен басқа діни орталарда,  тіпті үйде сүйікті имамының денсаулығы үшін: «Уа, Алла, біздің өмірімізді қысқартып, оның өмірін ұзарта гөр»,- деп тіледі. Бірақ,   белгіленген мерзімнен, ажалдан құтылу мүмкін емес. Хордад айының 13-і күні кеште Рухолла Хомейнидің нұрлы жүрегі мәңгілік тыныштық тапты, бұл Алланың тағдыры еді. «Әй орныққан нәпсі! Раббыңа, Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт!» («Фаджр» сүресі, 27-28 аяттары).

 

Имам Хомейнидің дүниедан озуынан отыз үш жыл өтті. Жыл сайын осы күні Хомейнидің ғашықтары оның қабірінің басына жиналып, адалдығын растайды. Иә, имам арамызда жоқ, бірақ бұл кісінің   мұраты ұрпақтарының жүрегінде мәңгі сақталады. Ол біздің көптеген ерлер мен әйелдердің әкесі. Менің «біз» деп отырғаным тек ирандықтар емес. Ол ешқашан шекарасы болмаған мұсылман үмбетінің көптеген ерлер мен әйелдерінің әкесі. 

 

Адамдар өлгенде, олардың бейнесі уақыт өте бұлыңғыр болады. Бірақ олардың арасында уақыт өткен сайын, бейнелері айқын болып, ұмытылмайтын адамдар бар. Мұндай адамдар өмір беретін элемент ретінде әрқашан халықтар мен қоғамдарға нұр мен жылуын сый етеді. Имам Хомейни осы ұлы адамдардың қатарында болды. Бұл ұлы тұлғаның дүниеден озған күнінен талай жылдар өтсе де, оның есімі, жады, ойлары мен сенімдері оңшылдар мен күрескерлерге бағыт-бағдар көрсетіп келеді. Имам Хомейни мектебінің маңызды ерекшеліктерінің бірі – сыртқы күштердің ықпалына қарсы тұру және алпауыт мемлекеттермен ымыраға келмеу. Әрине, тарихта езгіге қарсы көтерілген адамдар көп болды, бірақ олардың өздері де ақырында озбыр мінез-құлықтың құрбаны болды. Имам Хомейнидің  мектебінде зұлымдықпен күресу Аллаға мойынсұнумен және нәпсіге қарсы тұрумен бірге жүреді. Имам Хомейни бұл екі шайқас алаңын ешқашан бөлек қарастырмаған, қоғам мен саясат сахнасында үстемшіл күштерге қарсы тұрып, тазару үшін нәпсі ауасымен күресті. Дәл осы себепті Ислам қоғамының көшбасшысы дәрежесіне жеткен кезде де, ол билікқұмарлық пен дүниеқорлыққа ластанбады. Имам Хомейни мен шәкірттері әрқашан Алланың атымен, Алла үшін және Аллаға қарай жылжиды. Бұл мектептің шәкірттерінің бірі – шәһид ойшыл, профессор Мұртаза Мотахари: «Мен имамның рухынан мені таң қалдырып қана қоймай, сенімімді арттырған нәрселерді түсіндім»,- деді. Мотахаридің пікірінше, имам Хомейниді ерекше еткен бірнеше нәрсе бар: біріншіден, имамның өз мақсатына сенімді болуы. Бүкіл әлем жиналса да, имамды мақсатынан артқа шегіндіре алмайды. Екіншіден, оның мақсатқа жету үшін таңдаған жолы – тұрақты.  Оны бұл жолдан тайдыру ешкімнің қолынан келмейді. Ең бастысы, оның Раббысына деген сенімі өте күшті болды.

 

Имам Хомейнидің ең үлкен тілектерінің бірі – тек ирандық халық емес, барлық мұсылман халықтары өздерінің төл болмысына қайта оралып, ислам ықпалындағы прогрессивті мәдениетін тануы және  басқаларды таныстыруы болды. Осылайша олар Батысқа деген интеллектуалдық тәуелділіктен құтылады. Ол революцияшыл әдебиетімен жүректерге өзіне деген сенімнің дәнін егіп, бұл дәнді жақсы күтіп, жақсы өсірген. Өзіне деген сенімділіктің белгісі – адамның өзін кісі, болмыс санап, өз қабілетіне сенуі. Имам Хомейни: «Ең бастысы осы жастардың, тіпті қарттардың да, зиялылардың да санасын біз адамбыз деп дайындау. Біз барлық істе басқаларға қол соза бермеуіміз керек.  Егер адам екенімізге және біздің ойлау қабілетімізге сенсек, табысқа жетеміз»,- деді.

Имам Хомейни Шығыс пен Батыстың азғындаған екі мәдениетімен байыпты қарсыласуды және капиталистік және социалистік экономиканың саясаттарына қарсы күресті әрбір мұсылманның, әсіресе, дін қызметкерлерінің міндеті деп санап, халықтардың оянуы мен қырағылығын қуаттады. Бүгінгі таңда Иран Ислам революциясы зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы тұрудың көрінісі ретінде әлем елдері арасында беделге ие жалғыз тәуелсіз революция болып табылады. Сондықтан үстемдік жүйесімен   күрескісі келетіндердің барлығы осы революциядан үлгі алады. АҚШ пен Ұлыбританияның және олардың одақтастарының ашуының себебі де осы.

Имам Хомейни Алладан басқа ешкімнен қорықпайтынын адамдардың айқын үлгісі болды. Ол өзінің әдептілігімен оқиғаларды қажетті бағытқа бағыттап, барлық жағдайды қарастыратын. Имам   жағдайдың өз-өзімен қамтамасыз етілмейтінін күтпей,  жағдайды өзі жасауға талпынды. Имам Хомейни өзінен естелік ретінде қалдырған жан-жақты өсиетінде адамды негізгі мақсатына жеткізетін жолды көрсетті. Имам Хомейни бұл құжаттың басында барша мұсылмандар мойындаған «Сақалаин» хадисін баяндады. Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша, халықтарға өсу мен өркендеу әкелетін және әлемді әділетке жетелейтін нәрсе – Құран ілімдерін пайдалану және үкіметті лайықты және адал адамдардың қолына тапсыру. Рухани және діни құндылықтарға негізделген үкімет қуғын-сүргінге, жемқорлыққа және агрессияға түбегейлі қарсы және билікке ұмтылғандардың мүдделеріне нұқсан келтіреді, мұндай үкімет қастандық жаулардың көптеген сынақтары мен кедергілеріне тап болатыны сөзсіз. Бірақ Алланың жолын ұстанып, осы жолда табандылық танытқандар Алланың жәрдемінен пайда көріп, жеңіске жетеді. Имам Хомейни өз өсиетінде баршаға: «Алла Тағаланы еске алып, өзіңді тануға, өзін-өзі қамтамасыз етуге және барлық өлшемдері бойынша тәуелсіздікке ұмтыл, бұл сөзсіз Алланың қолы сенімен бірге», - деп өсиет етеді.

Имам Хомейни – жолын жалғастыру  адамзатқа тәуелсіздік, бостандық және құқық іздеу негізіндегі өмірді сыйлайтын  мәңгі ақиқат. Шәкірті әрі мұрагері аятолла Хаменеи имамтуралы былай дейді: «Ол заттарға сәуле түсіретін күн сияқты,  дененің ағзасына тыныс беретін рух сияқты еді.  Ол бізді оятып, бізді қозғады, біз бұл кісінің көмегімен еліміздің тарихи-географиялық құндылығын, ұлтымыздың өткен мәдениетінің шындығын, Құранның ақиқаттығын ұғына алдық».

Исламды әлемдіктерге тағы бір рет танытқан және әлемді ақиқат, руханият пен шынайы бостандыққа жетелеген имам Хомейниге сәлем!