Маусым 08, 2022 15:05 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің көзқарасы: Имам Хомейни қайтыс болған күн

«Ұлы имам – Ислам Республикасының рухы. Бұл рух Ислам Республикасынан алынып, еленбесе, қабырғадағы сурет сынды болып қалады».

 

Жыл сайын имам Хомейнидің дүниеден озған күні оның адал шәкірті әрі әділ мұрагері аятолла Хаменеи имам туралы баршаның көңілінен шығатындай сөз сөйлейді. «Ұлы имам – Ислам Республикасының рухы. Бұл рух Ислам Республикасынан алынып, еленбесе, қабырғадағы сурет сынды болып қалады».

Ислам революциясының негізін қалаушының дүниеден өткенінің 33 жылдығында аятолла Хаменеи сөзін сағынышын білдіріп бастады: «Имамды және имамның қасиетті зияратының төңірегінде жыл сайын өтетін осынау  жиынды сағындық. Биыл қайта жиналғанымыз үшін Аллаға шүкір дейміз. Бүгінгі әңгімем  ардақты имамымыздың болмысының қырлары туралы болмақ.

Аятолла Хаменеи пікірінше, «Имам тек кешегі имам емес, бүгінгі және ертеңгі имам. Революцияның екінші қадамының ұлттық және революциялық жауапкершілігін мойнына алуы және осы елдің болашағын басқаруы тиіс біздің жас және саналы ұрпақ революцияның жолын дұрыс өту үшін  нақты бағдарламаны қажет етеді. Революцияның жолы Иранды және Иран халқын шыңға шығарады. Жастар оларға көмектесетін сенімді және жан-жақты бағдарламаны қажет етеді. Үдеткіш, көмекші, тіпті түрлендіруші бола алатын бұл бағдарламалық құрал - имамның сабақтары. Бұл сабақтарды имамның сөзінен де, имамның ісінен де ізденіп, табуға болады».

Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейнидің жеке басының қадір-қасиеттерін сондай кішіпейілділікпен білдіріп, имамның өзін өзі тәрбиелеген және өркениетті рухын көрсетеді. Аятолла Хаменеи: «Негізінде революцияның қазіргі ұрпағы, әсіресе, біздің жас ұрпақ ардақты имамды дұрыс танымайды, түсінбейді, имамның ұлылығын білмейді. Имам Иранды шыңға шығарды»,- деді. Аятолла Хаменеи имамды революциялар тарихындағы ең үлкен революцияның жетекшісі деп атады және Ислам революциясын екі әйгілі революция, атап айтқанда Француз революциясының және Кеңес Одағы революциясымен  салыстырып: «Бұл екі революция, Француз революциясы мен Кеңес Одағы революциясы да халық арқасында жеіске жетті. Бірақ революция жеңгеннен кейін  халық ығыстырылды. Нәтижесінде бұл екі революция өзінің алғашқы халықтық жолынан тез ауытқып кетті»,- деді.

Аятолла Хаменеидің пікірінше, Ислам революциясының басқа революциялардан басты айырмашылығы – руханияттың болуы және адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктеріне көңіл бөлу. Ол: «Ислам революциясы халықтың қатысуымен және халықтың тәнімен және рухымен жеңіске жетті, бірақ жеңісінен кейін халықты шеттетпеді. Революцияның жеңісіне елу күннен кейін, яғни екі ай өтпей  бүкілхалықтық референдум өтіп, халық Ислам Республикасын сайлады. Сол күннен  бүгінге дейін қырық үш-төрт жыл өтіп,  елде елуге жуық сайлау өтті. Халық сайлауға жаппай қатысып, дауыс берді. Бұл революцияның ұлылығы. Имам осындай революцияның жетекшісі болды»,- деп мәлімдеді.

Иранның мұсылман халқының қатысуы Ислам революциясының жеңісінің шешуші факторы болды. Бірақ діни жетекшінің көзқарасынша, миллиондаған халықты көтере алған, олардан  үмітсіздікті жойған және жол нұсқаған  болат мінез, сенімді жүрек, өткір тілі болған адам ұлы имам болды, ол ұлы Хомейни болды. Аятолла Хаменеи имам Хомейниді соғыс алаңын анықтауда толыққанды және мағыналы көшбасшы деп санады, осылайша  референдум өткізу және исламдық үкімет түріне дауыс беру, контрреволюцияға қарсы тұру, қасиетті қорғаныс, тіпті өсиет жазу өзі кеткеннен кейінгі жолды анықтады.

Ислам революциясының жетекшісі имамның барлық жетістіктерін оның жеке ерекшеліктерімен және Алламен таза қарым-қатынасымен байланыстырады. Аятолла Хаменеи біріншіден, ол таза және тақуа, екіншіден, ол рухани және мистик болды деп санады. Имам сөздің шын мағынасында батыл, дана, парасатты болды. Есепсіз жұмыс істемеді, әрекет етпеді, ол ешқашан үмітсіз болмады. Ол шыншыл болды, Аллаға да, адамдарға да адал болды. Ол уәдесінде тұрды,  өте тәртіпті, ұқыпты және сөздің шын мағынасында сенімді болды, Алланың уәдесін қабылдап, сенді. Мұның барлығы имам Хомейнидің ерекшеліктері.

Аятолла Хаменеи имамның барлық әрекеттерінің негізін «илаһи көтеріліс» деп атап: «Илаһи көтеріліс әрқашан бірдей бола бермейді, бірақ олардың барлығының мақсаты - шындық  пен әділеттілік орнату және  руханиятты тарату»,- деп баса айтты. Ислам революциясы жетекшісі: «Имам Хомейнидің күрес кезіндегі қозғалысы мен жолы бірнеше маңызды тұстарға ие болды.  Имам халықпен ашық сөйлесіп, адамдарға сенім артқан, халықтың жігерін бағалап, жүректерге үміт ұялатқан. Ол өзінің саяси парадигмасында да бір-біріне қарама-қайшы көрінетін мәселелерді үйлестірді. Көпшілік «имам жобалап, негізін салған мектеп пен үлгі жүзеге асты ма?» сұрақтың жауабын алғысы келеді. Менің беретін жауабым елдегі деректердегі ақпарат пен нақтылыққа негізделген. Менің жауабым, біз осы салалардың барлығында үлкен жетістіктерге жеттік. Әрине, бізде көптеген сәтсіздіктер де болды. Біз алға ілгерледік, осал тұстарымыз бен сәтсіздіктеріміз болды. Бұл жерде де имам бізге дана нұсқау берді, бұл жағдайда да имамның нұсқауы – бізге көмек болды. Өмірінің соңғы жылында имам шәһидтердің балаларына: «Сендердің істерің талпыныстарыңа байланысты, қанша талпынсаң, қанша тырыссаң, сонша жемісін көресің. Бүгінгі дүниедегі өмір – ерік мектебіндегі өмір. Халық пен билік қай салаға жігермен шықса да, сол жерде табысқа жетеді. Қай жерде ерік әлсіресе, күш азайса, артта қалады»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның үлкен майданының Ислам революциясының басынан қылмыстарына кіріскенін еске салды. Оған себеп – исламдық жүйенің зұлымдық пен әділетсіздікке қарсылығы. Зұлымдық пен үстемшілдікке қарсы Ислам республикасының болмысы табиғи түрде залым мен үстемшілдің өзіне қарсы тұрады. Аятолла Хаменеи исламдық жүйе мен батыстық жүйелердің ойлау және өмір салты арасындағы арақашықтық  пен  шекара құруды имамның негізгі мәселелерінің бірі деп санап: «Имамның үлкен артықшылықтарының бірі – ұлтты қарсыласу ұғымымен таныстыруында болды. Көптеген жағдайларда халықтар ізденуде, бірақ қарсы тұруға күші жетпейді, қысым көргенде, олар артқа шегінеді.  Имам Иран халқына осылай ауыртпалық түсірді, оны осылай күшейтті,  халыққа қарсылық пен табандылықты үйретті.

Аятолла Хаменеи дұшпандардың елге психологиялық қысым жасау арқылы соққы беру үмітін және халық наразылықтарын қате және бұрыс деп атады.  Иран халқының діннен, дінбасылардан және исламдық жүйеден бас тартуын насихаттау американдық кеңесшілердің қателерінің мысалы болып табылады. Аятолла Хаменеи бұған назар аудартып: «Халықтың революцияға бейімділігін  және күрестерін түсінгіерің келсе, миллиондаған халықтың шәһид Қасем Сүлейманидің жерлеу рәсіміне қатысуына қараңдар. Шәһид Сүлейманидің бөлшектелген денесін жерлеуге миллиондаған адам қатысты. Ислам Республикасы үшін өмірін құрбан еткен революционер  және моджахед. Халық оны осылай құрметтеді. Бұл бір мысал, басқа да көптеген мысалдар бар. Мәселен, марқұм аятолла Сафи Голпайегани еліктеудің қайнар көзі, заңгер. Бұл кісіні жерлеуде халықтың қандай үлкен қозғалыс көрсеткенін көрдіңдер. Бұл имамның тағылымының халыққа тигізген өте зор әрі асыл әсері»,- деді.

Аятолла Хаменеи соңында кейбір жастарға «контрреволюция мен дұшпанның Ислам революциясын және революцияның ақиқатын төңкеріп, бұрыс етіп көрсетуіне жол бермеңдер, өтірікті, алдауды және жаудың психологиялық соғысын әшкерелеңдер» деген кеңес берді. Ислам революциясының жетекшісі психологиялық соғыстың жаңа үлгісіне тоқталып: «Жақында Грекия үкіметі АҚШ-тың бұйрығымен Иран мұнайын ұрлады. Бірақ Иранның жанкешті жауынгерлері дұшпанның мұнай танкерін тәркілегенде Батыс елдері өз ақпарат құраларында Иранды ұрлықшы деп айыптады. Ал негізі олардың өздері біздің мұнайды ұрлады. Демек, ұрланғанды қайтару ұрлық болып саналмайды»,- деді.

Халықтың иманы қорын пайдаланып, ізгі амалдар жасау және революциялық қайраткерлерді бағалау Ислам революциясы жетекшісінің жастарға берген соңғы кеңесі болды.

 

Тегтер