Маусым 30, 2022 06:08 Asia/Almaty
  • Имам Джавад (ғ.с.) – жомарттылық көзі

Бүгін түнде Каземаин қаласының аспаны жас кезінде удан шәһид болған Әһле Бәйт (ғ.с.) әулетінен шыққан жұлдыздың бірін жоқтап жатыр. Ұлы Алла Елшісінің (с.ғ.с.) пәк ұрпағының тоғызыншы имамы, имам Резаның (ғ.с.) перзентінің есімі Мұхаммад (ғ.с.) еді. Оның ең танымал лақаб аты «Джавад» болды. Бұл жоғары мәртебелі тұлға имам Джавад (ғ.с.) туралы өте мейірімді және қайырымды болғаны айтылды.

Шиіттердің тоғызыншы имамы жүректерге үміт ұялатып, халыққа: «Алланың құшағында жүргенде қиыншылықтарға алаңдамаңдар. Кімде-кімге көктер мен жер жабық болса, бірақ тақуа болса, Алла Тағала оған бір есік ашады»,- деген.

Каземаин қаласындағы имам Казем (ғ.с.) мен имам Джавадтың (ғ.с.) кесенелері

 

Хазірет Джавад (ғ.с.) шәһид болған күні Ирактың солтүстігіндегі Каземаин қаласында Әһле Бәйт (ғ.с.) ғашықтары аза киімдерін киіп, аза шерулерін өткізеді. Бұл күні атасы имам Каземнің (ғ.с.) кесенесінің қасында орналасқан имам Джавадтың  (ғ.с.)  қасиетті кесенесі қайғысын білдіру үшін жиналған зияратшыларға толады.

 «السَّلامُ عَلَیْکَ یَا أَبَا جَعْفَر مُحَمَّدَ بْنَ عَلِیٍّ الْبَرَّ التَّقِیَّ الْإِمَامَ الْوَفِیَّ السَّلامُ عَلَیْکَ أَیُّهَا الرَّضِیُّ الزَّکِیُّ...»

Исламның ардақты пайғамбары ізбасарларын  құтқарылу үшін Құран мен Әһле Бәйтті (ғ.с.)  ұстануға шақырды. Әһле Бәйттің (ғ.с.)   илаһи Құран кітабымен бірге адам баласына тура жол көрсетудің екі түпнұсқа көзі болып табылады. Діни жетекшілердің (ғ.с.) өмірін зерттеудің маңызы зор, өйткені олардың өмір  сүру тәсілі үлгі болып саналады. Имам Джавад (ғ.с.)-ның өмірі мен амалдары басқа да пәк имамдар (ғ.с.) сияқты адам баласы үшін сындарлы үлгі.

Имам Мұхаммад Тақи (Джавад) (ғ.с.) әкесі қайтыс болғанда 7-8 жаста еді. Хазірет Реза (ғ.с.) хиджраның 203 жылы сафар айының соңында шәһид болғаннан кейін имамдық дәрежесі оның перзенті хазірет Джавадқа (ғ.с.) ауысты. Біреулер қарсы болып, «7-8 жасар баланың соңынан еруге бола ма?» деді. Бірақ имам Джавад (ғ.с.) білімі мен даналығымен, әдептілігімен және қиын да күрделі мәселелерге жауап беруімен илаһи таңдаулылардың кез келген жаста өз заманындағы барлық адамдардан білімді әрі лайықтырақ екенін көрсетті. Бәни-Аббастың басқа халифалары сияқты, пәк имамдардың рухани дамуы мен ішкі ықпалынан және олардың ізгі қасиеттерінің халық арасында таралуынан қауіптенген Аббаси халифасы Мамун имам Резаны (ғ.с.) өзінің ерекше бақылауына алуға тырысты. Өзінен бұрынғылардан екіжүзділікпен допты ұрлап алған ол имам Реза (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін халық алдындағы беделін қалпына келтіру үшін имам Джавад (ғ.с.)-ға назар аударып, құрмет көрсетті. Мамун имам Реза (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін халық алдындағы беделін қалпына келтіру үшін имам Джавадқа (ғ.с.)  назар аударып, құрмет көрсетті. Тіпті имам Джавад (ғ.с.) сұрақтарына жауап беруі үшін кездесулер ұйымдастырып, ақсақалдар мен ғалымдарды шақырды. Имам жас кезінде ақсақалдар мен ойшылдардың көкейінде жүрген күрделі сұрақтарға дана әрі жан-жақты жауап беріп, оларды таң қалдырды. Мұны сүннит ғалымдары да мойындаған.

1240 жылы қайтыс болған, сүнниттердің ұлы ойшылы және мистикі шейх Акбар лақап аты бар Мохиаддин Араби имам Джавадтың (ғ.с.) қайталанбас тұлғасы туралы былай деп жазды: «Алла түсіндірген кітап, ақиқаттардың ақиқаты, болмыстың барлық құпияларының сыры, Алланың теңіз сүңгуіршісі, Алла елшісінің сырларын жеткізуші, сыналған жан мен ақыл – Мұхаммад бен Джавадтың (ғ.с.) лақаб аттарынан». Имам Джавад (ғ.с.) туралы сондай-ақ: «Джавад (ғ.с.) кәмелетке толмаған болса да, ол ұлы және жоғары атаққа ие болды және осы негізде оған Мұртаза, Тақия, Ғалым, Сайланған,  және Джавад атақтары берілді, бұл имамның ұлылығын көрсетеді»,- деп айтылды. Имам Джавадтың (ғ.с.) әрбір атағы оның ахлақ-рухани ерекшеліктерін, мінез-құлық көрнектілігін, ізгілігі мен нәпсі кемелдігін білдіреді. Имам Джавад (ғ.с.) өз заманының ең тақуа адамы болды және әділдік пен кешірімділікте ол имамның дәрежесінде ешкім болмаған.

 Имаматтың қарсыластарының бірі Мұхаммад ибн Әли Хашеми былай деген: «Бір күні имам Джавадтың (ғ.с.) қасына келдім. Алдыңғы түні мен дәрі ішкен болатынмын, бұл дәрі мені қатты шөлдетті. Мен имамнан су сұрағым келмеді. Бірақ Имам (ғ.с.) бетіме қарап: «Сен шөлдедің деп ойлаймын!»- деді. Мен: «Иә»,- деді. Имам қызметшісіне су әкелуді сұрады. Мен ішімнен уланған су әкеледі дедім. Осыған байланысты мен мұңайып, өзіме ренжідім. Хазірет маған күлімдеп қарап, қызметшісіне суды алып, өзі ішті. Сөйтңп маған судың уланбағанын білдірді. Содан кейін суды маған берді. Мен су іштім. Кейін тағы шөлдеп, су сұрадым. Хазірет: «Тағы шөлдедің бе?»- деп сұрады. Қызметшісі тағы су әкелді. Қайтадан су уланған деген ой келіп, судц ішуден қорықтым. Имам (ғ.с.) су әуелі өзі ішіп, күлімсіріп, қалғанын маған ұсынды. Осы игі істерді көріп, мен оның  сүйіспеншілігі мен жомарттығын көріп,  «имам Джавад (ғ.с.) адамдардың жүректері мен сырларынан хабардар» деген шиіттердің ол туралы пікірінің дұрыстығына сендім». 

 

Имам Джавад (ғ.с.) адами және рухани биік қасиеттерде кемел болды. Имам Джавад (ғ.с.)-ның ахлақтық қасиеттері мен ізгі қасиеттері соншалық, оларды барлығы, тіпті қарсыластары мен дұшпандары да мойындады. Имам Джавадтың (ғ.с.) үздіксіз ғибадат етуі және түнгі намаздары әйгілі болды. Алла Тағалаға деген мұқтаждықтың көрінісі бұл тұлғадан қалған түрлі дұғалардан айқын көрінеді. Имам Джавадтың (ғ.с.)шиіттер мен мұсылмандарды әртүрлі ахлақ және тәрбиелік салаларда тәрбиелеу үшін сындарлы және жоғарылататын мәлімдемелері бар. Имам Джавад (ғ.с.) ізбасарларына тәубені кешіктіруден, жұмысты кешіктіруден, күнәға табандылық танытудан және Алланы мойындамаудан  сақтандырады. Имам Джавад (ғ.с.) көзқарасы бойынша үш нәрсе мүміннің шынайы қажеттілігі болып табылады. Имам Джавад (ғ.с.): «Мүмін адамға кез келген жағдайда үш қасиет керек:   Алла Тағаладан сәттілік, іштен шыққан уағызшы,  кеңес берген адамның кеңесін қабылдау».  

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имам Джавад (ғ.с.) туралы: «Ол қасиетті де ұлы жаратылыс басқа да пәк имамдар (ғ.с.) сияқты Исламның жан-жақты жиһадының маңызды аспектісін өз тәжірибесінде жүзеге асырды және ол бізге үлкен сабақ берді. Бұл сабақ екіжүзді күштермен бетпе-бет келгенде, оларға қарсы тұру үшін халықтың санасын арттыруға тырысуымыз керек деп үйретеді. Жау ашықтан-ашық жауласып,  екіжүзділігі болмаса, оған қарсы тұру жеңіл болады. Бірақ егер дұшпан Мамун Аббаси сияқты Исламға сырт көзге өзін Исламға тараптас деп көрсетсе, адамдардың оны тану қиынға соғады. Имам Әли ибн Мұса әр-Реза (ғ.с.) мен имам Джавад (ғ.с.) Мамунның жүзінен екіжүзділік маскасын алып тастауға тырысып, нәтижеге қол жеткізді»,- деген.

Шиіттердің тоғызыншы имамы, имам Джавад (ғ.с.) деген атпен танымал хазірет Мұхаммад ибн Әли Тақи (ғ.с.) 25 жасында 17 жыл имаматтан кейін хижраның 220 жылы зилқаида айының 30-шы жұлдызынды шәһид болды.

Имам Джавад (ғ.с.): «Қарапайымдылық – ғылым-білімнің, әдеп пен көркем мінез – парасаттың, ал адамдарға мейірімділік – сабырлық пен төзімділіктің сәні»,- деген.

Имам Джавадтың (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.

 

 

Тегтер