Сафар айының соңғы күні – имам Реза (ғ.с.) шәһид болған күн
Бүгін сафар айының соңғы күні - Әһле Бәйт (ғ.с.) ғашықтарының Алланың ең ұлы, ең сүйікті жаратылыстарын жоқтауына екі ай болды.
Бүгін сафар айының соңғы күні - Әһле Бәйт (ғ.с.) ғашықтарының Алланың ең ұлы, ең сүйікті жаратылыстарын жоқтауына екі ай болды. Мұхарам басталғанда жүректер ешқашан ешқашан ұмытылмайтын үлкен қайғыға батады. Жыл сайын мұхарамды Хұсейн (ғ.с.) үшін қайғымен бастап, Ашураға дейін Хұсейн (ғ.с.) мен оның серіктеріні үшн аза тұтамыз, көзжасымызды төгеміз, бірақ бұл қайғы басылмай, Арбағин күні Кербалаға жеткенше дейін жүректерінде сақталады.
Мұхарам және сафар айлары Әһле Бәйт достары үшін ауыр айлар. Бұл айлар Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуымен басталып, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) қайтыс болуымен және имам Хасанның (ғ.с.) шәһид болуымен жалғасатын және ең соңында шиіттердің сегізінші имамы хазірет Резаның (ғ.с.) шәһид болуымен аяқталды.
Шиіттердің сегізінші имамы Әли бен Мұса бен Джафар (ғ.с.) хиджраның 148 жылы зилқаида айының 11-інде Мәдинада дүниеге келген. Ол Абул Хасан, Сабер, Мұхаммад әулетінің ғалымы деген лақаб аттарға ие болды, бірақ оның ең танымал лақап аттарының бірі - «Реза». Алланың өзі оны «Реза» деп атаған, өйткені ол Аллаға өте ұнайтын және тіпті оны дұшпандары да мойындаған. Имам Реза (ғ.с.) кедейлер мен аз қамтылғандарға әрқашан мейірімді және жомарт болды. Ол қызметшілерімен бір дастарханның басына отыратын. Осы мінез-құлқы үшін басқалар оған қарсылық білдіргенде, ол: «Шынында, құдіретті Раббымыз бір, ата-анамыз бір, бір-бірімізден артықшылығымыз тек амалдарымыздың арқасында»,- деген. ол намазды көп оқып, оразаны көп ұстайтын.
Әли ибн Мұса (ғ.с.) әкесінен кейін жиырма жыл Ислам үмбетінің имамы болды. Бұл кезең Аббасидтердің үш халифасы Харун, Мұхаммад Амин және Мамунның билігімен тұспа-тұс келді. Харун ар-Рашид шиіттерге өте қатал болды, ол шиіттердің имамы Мұса бен Джафарды (ғ.с.) екі рет түрмеге қамап, ақыры өлтірді. Бірақ халифатқа Мамун жеткенде, ол алавиттердің бүлігінен аман қалу үшін, бұрынғыларға керісінше, шиіттермен қалай болса да бітімге келуге және сол арқылы олардың бүлік шығару мүмкіндігіне тосқауыл қоюға шешім қабылдады. Ол өз үкіметінен қауіпті алыстату үшін шиіт имамы Әли бен Мұса Резаны (ғ.с.) мұрагері етіп таңдауға шешім қабылдады.
Имам Реза (ғ.с.) имаматының он жеті жылын Мәдинада және Мамун Аббасидің мәжбүрлеуімен өмірінің соңғы үш жылын Хорасанда өткізді. Мамунның адамдары оны Марвке (қазіргі Хорасан) апару үшін Мәдинада имамға (ғ.с.) келгенде, имам олардың өтінішін қабылдаудан бас тартты. Бірақ Мамунның нөкерлері жолға шығуды талап етті. Имам Реза (ғ.с.) олардың талабын қабылдауға мәжбүр болған соң, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) қабірімен қоштасу үшін мешітке барды. Имам бірнеше рет мешітке кіріп, шығып, қайта оралып, жылап, қасындағыларға: «Мен ата-бабамның жерінен алыстап, айдауда өліп, Харонның қасына жерленемін»,- деді. Имам Мәдинадан шыққан кезде отбасынан: «Мен еститіндей жылаңдар»,- деп сұрады. Имам (ғ.с.) бұл сапарға наразы екенін осылайша барлығына жеткізгісі келді.
Имам (ғ.с.) Марвте орналасқан соң, Мамун имам Резаның (ғ.с.) үйіне елші жіберіп, «мен өзімді халифаттан босатып, саған қалдырғым келеді» деген хабарды жеткізді. Имам Реза (ғ.с.): «Егер үкімет құқығың болса, оны басқа адамға тапсыра алмайсың, ал егер құқығың болмаса, оны сый етуне лайықсызмың»,- деп жауап берді. Имамның (ғ.с.) бұл жауабы Мамунның халифатының заңдылығына күмән келтірді. Осыдан кейін Мамун имам Резаға (ғ.с.) тақ мұрагері болуды ұсынды. Бірақ қайтадан имамның (ғ.с.) қарсылығымен бетпе-ет келді. Мамун қорқытып, имам оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болды, бірақ бұл үшін шарттар қойды. Имам адамдарды лауазымдарына сайлауға араласпауды керек, пәтуа бермеді, үкім шығармауды және мемлекеттік істерге араласпауды шарт етті. Мамун имамның шарттарын қабылдады, бірақ имам бұл шарттармен Мамунның билігін заңдастырудан бас тартты. Осылайша Мамун мақсатына жете алмады.
Мамун имамды (ғ.с.) өз үкіметін заңдастыру үшін пайдалана алмаған соң, ғылыми жиындар өткізіп, имамды ғылыми және фиқһтық пікірталастарда жеңу арқылы қоғамдағы Әһле Бәйт имамдарының (ғ.с.) илаһи танымы туралы пікірін өзгертіп, халықтың имамға (ғ.с.) деген құрметін азайту шешім қабылдады. Бірақ бірде-бір ғалым онымен бетпе-бет келе алмады, керісінше олардың барлығы имамның білімінің артықшылығын мойындады. Бірте-бірте бұл жиындао Мамун үшін қиындыққа айналды және ол имамды (ғ.с.) ешбір жолмен жеңе алмайтынын түсінді. Сондықтан Мамун имамды (ғ.с.) өлтіру шешім қабылдады. Бірақ имамды өлтіруші болып есептелетінінен қорқып, уға малынған жүзім немесе анар дайындап, оны имамға ұсынды. Имам Реза (ғ.с.) осы удың салдарынан шәһид болды. Бұл оқиғаны бірнеше жыл бұрын пәк имамдар (ғ.с.) болжаған. Имам Әли (ғ.с.): «Жақында менің перзентімнің бірі Хорасан жерінде умен өлтіріледі. Оның есімі менікі, ал әкесінің аты – Мұса бен Имран. Кімде-кім хазіретті зиярат етсе, Алла Тағала оның өткен және болашақ күнәларын кешіретінін білесің»,- деді.
Имам Реза (ғ.с.) хиджраның 203 жылы сафар айының соңғы күні Тус қаласында шәһид болды. Перзенті әрі кейінгі имам хазірет Джавад (ғ.с.) басына келіп, ғұсыл беріп, кебінің кигізіп, намазын шығарды. Мамун имамның (ғ.с.) перзентінің барын байқамай, имамның басына жақындады. Имам Реза (ғ.с.) болжағандай ол Харунның қабіріне жерленді.