Қар 04, 2022 14:04 Asia/Almaty
  • 13 абан – Әлемдік үстемшілдікпен күрес ұлттық күні

13 абан Ислам революциясының қалыптасуында және жаһандық үстемшіліктің көшбасшысы АҚШ-тың Ираннан қуылуында үлкен рөл атқарған маңызды оқиғаларды еске түсіру болып табылады.

1343 жылы 13 абанда шах режимінің агенттері АҚШ бұйрығымен имам Хомейниді (р.а.) Құм қаласында тұтқындап, Түркияға жер аударды. 1357 жылы 13 абан теһрандық студенттер Американың Иранға араласуына қарсы шеруге шықты, бірақ шах режимінің агенттері оларға шабуыл жасап, біразын өлтірді. Сондай-ақ 1358 жылы 13 абанда имамның жолын қуған мұсылман студенттер тыңшылық ұясы болған Теһрандағы АҚШ елшілігін басып алып, америкалық тыңшыларды кепілге алды. Осылайша Иран халқының Америкаға қарсы күресі жаңа өлшемдерге ие болды. Осы себепті Ислам кеңесі бұл күнді «Үстемшілдікпен күрес ұлттық күні» деп атады. 1367 жылы 8 абан күні Парламент бекіткен жоғарыда аталған заңда 13 абанды «Әлемдік үстемшілдікпен және оның көшбасшысы АҚШ-пен күресудің ұлттық күні» болып белгіленеді. Ислам революциясының саяси әдебиетінде жиі қолданылатын «үстемшілдік» сөзі Құран Кәрім ілімдерінен алынған. Бұл сөз жердегі артықшылықты  және өзін басқалардан  артық, күшті және үстем санау дегенді білдіреді. Түрлі Құран аяттарында үстемші күштердің табиғаты және олардың сипаттары мен қызметтері  таныстырылды.

Теһрандағы америкалық тыңшылық ұясын басып алу және оның дипломатиялық тыңшыларын кепілге алу бір елдің екінші елдегі елшілігін жабу ауқымындағы саяси оқиға ғана емес еді. Бұл АҚШ-тың зұлым табиғатын және оның саясаты мен әрекеттерін ашу үшін Батыс Азияда және жаһандық деңгейде орын алған терең өзгерістерінің бастамасы болды. Сондықтан 13 абан Иран Ислам революциясының тарихында әрқашан шындық пен жалғандықтың арасындағы қақтығыс күні болды. Шынайы исламдық қозғалыс ретінде бұл революцияның маңызды мақсаттарының бірі жаһандық үстемшілдікке қарсы тұру болып табылады және бұл мақсаттың тереңдігі мен өзіндік ерекшелігі соншалық, Америка ешқашан Иран Ислам Республикасынан ымыраға келу мен бітімге келуге үміттене алмайды.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи ағымдағы 1401 жылы 11 абанда оқушылармен кездесуінде: «Абан айының 13-і – тарихи күн, бұл тарихи күн, сонымен қатар ғибратты күн. Бұл тарихи күн, яғни бұл күні тарихта қалатын оқиғалар орын алды. Бұл оқиғаларды ұмыту мүмкін емес. Бұл оқиғаларды ұмытуға болмайды. Ғибратты, себебі осы оқиғалардың арқасында бізге, ел болашағына, өміріміздің болашағына, халықтың болашағына сабақ болатын реакциялар болды. Осы тәжірибелерді пайдаланыңдар. Болашақ сендердікі. Бұл күн АҚШ-тың зұлымдығының, АҚШ-тың соққыға жығылуының және АҚШ-тың жеңілісінің көрінісі. Яғни, Американы ешкім қол тигізе алмайтын держава деп есептейтіндер, осы күнгі оқиғаларға қарасын, оның осал екені белгілі болады»,- деді.

Бүгінгі таңда үстемшілер ағымдары қоғам ағзаларына сіңісіп, қоғамдардың өсіп-өркендеуінің бірден-бір жолы Батыстың либералдық идеялары мен теорияларының жолы арқылы жүзеге асады деген көзқарасты алға тартуға тырысуда және АҚШ мұндай ой мен көзқарасты әртүрлі әдістер мен құралдармен таратуда. Ал Иран Ислам Республикасы либералдық идеяларға балама ретінде жаңа көзқарастар мен идеяларды ұсынып, әлемге басқа жолды ұсынды.

Шетелдіктерге тәуелді болмау, үстемдіктен бас тарту, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас, ислам ережелері аясындағы саяси және әлеуметтік еркіндік, заңның орындалуы мен әділетті жүзеге асырудағы теңдік, зұлымдық пен жемқорлықты жою сияқты қағидалар - Ислам революциясының мақсаттары. Жаһандық үстемшілікпен күресу ұлттық күні осыны еске түсіретіні сөзсіз. Ислам революциясы әлемдік саяси әдебиет саласына үстемшілікпен күрес және тәуелсіздікпен ерекшеленетін  мөлшерді енгізді. Сондықтан Ислам революциясының қозғалысын бағалау және талдау үшін оның негізгі көрсеткіштері мен осьтеріне назар аударып, Ислам революциясының қозғалысын солармен өлшеу керек. Бұрын айтылғандай, Ислам революциясының негізгі және көрнекті ерекшеліктерінің бірі – үстемдікпен күресу құрамдас бөлігі. Үстемдікке қарсы элементті «Шығыс та, Батыс та емес, Ислам Республикасы» қағидасынан көруге болады. «Шығыс да, Батыста емес, Ислам республикасы» ұраны Ислам мен одан пайда болған жүйенің үстемдікке қарсы екенін көрсетеді. Осыған сәйкес, Иран Ислам революциясының басынан бұл көзқарас пен саясат Иран Ислам Республикасы саясатындағы орталық элементтердің біріне айналды.  

Ислам революциясының жетекшісі және Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы имам Хомейни әрқашанда үстемдікпен күресуді ерекше атап көрсетті, бұл қазіргі дәуірдегі үлкен шайтан ретінде Американың саясаты мен әрекеттеріне қарсы тұру және тәкаппарлықтың көрінісі ретінде бейнеленген. Соңғы қырық жылда біз әрқашан АҚШ-тың исламдық жүйеге қарсы дұшпандық әрекеттері мен зұлымдықтарына куә болдық, сондықтан Батыс блогының басында тұрған Вашингтон осы жүйеге қарсы өзінің барлық мүмкіндіктері мен құдіретін пайдаланды.  АҚШ-тың үстемшіл болмысын имам бұл туралы талай рет ескертіп, Америкамен тиімді қарсыласуды қуаттаған болатын. Имам Хомейни Ислам революциясының жеңісіне әкелген исламның үстемдікке қарсы нұсқасын тек Иранның географиялық аумағына ғана тән деп санаған жоқ. Керісінше, бұл нұсқаны барлық жәбірленгендерге ем  ретінде қарастырды және оны әлемнің барлық бөліктерінде жүзеге асыруға болады. Сондықтан ол Иран революциясының үлгісін басқа аймақтарға экспорттап,  ирандықтардың жеңіске жеткен күресінен басқа  халықтардың үлгі алуын қалады. Имам Хомейни: «Біз барлық ислам елдерінің осы ерекшеліктерге ие болуын қалаймыз. Иранда жүзеге асырылған бұл мағына барлық ислам елдерінде болуы керек. Бұл революция барлық ислам елдеріне жариялансын және әлемдегі барлық мазлұмдар үстемшілерге қарсы тұрсын. Олар өз мәселелерін өздері шешіп, өз құқықтарына жетулері керек»,- деп баса айтты.  Ислам революциясының асқақ мұраттары мен мақсаттарының ішінде үстемдікпен күресу маңызды орынға ие. Имам Хомейни Ислам революциясының ұлы сәулетшісі ретінде исламдық тағылымдарға сүйене отырып, әлемді үстемшілер мен жәбірленушілердің қарсыласуына негізделген екі полярлық текетірес ретінде қарастырып,  революцияның негізгі саясатын Шығыс пен Батыстағы жаһандық үстемдік ошақтарымен бітіспес қарсыласу мен қақтығыс және олардан толық үзу деп  анықтады. Имам Хомейни бұл туралы: «Мен талай рет Шығыс пен Батыстың алпауыт державаларына тәуелділік жойылмайынша, халқымыздың үстешілерге қарсы күресі жалғаса беретінін айттым және осы маңызды күше де қайталаймын»,- деді. Сонымен бірге, имам Хомейни Ислам революциясының үстемшіл алпауыт мемлекеттерден бөлініп шығуы мен оларға бағынбауын ресми түрде жариялап, үшінші жолды белгіледі. Имам Хомейни: «Бұл Ислам революциясы қалыпты революция емес және Шығыс пен Батыстың екі полюсінің ешқайсысына сүйенбейді. Осы себепті оның өзіндік ерекшеліктері бар. «Шығыс та емес, Батыс та емес» деген тура жолымен жүріп, екі полюстің алдында тұрып, аңызға айналған күштердің ешқайсысынан қорықпайды»,- деп мәлімдеді.

Имам Хомейни  үстемшілдердің билігінде қалуды мұсылмандардың әлсіздігі мен үмітсіздігінің себебі деп атап: «Осыншама адамдық, материалдық және рухани қорымен, осындай озық мектебімен және илаһи қолдауымен үстемшіл күштілер мен қарақшылардың билігіне бағынуы әлем мұсылмандары үшін ұят емес пе?»- деген сұрақты көтерді. Имам Хомейнидің үстемдікпен күресу саласындағы саясаты екіполярлы әлем кезеңінде Батыс империализмі мен Шығыс                                         қарсы тұру саласындағы мұсылмандар мен әлемнің азат адамдары үшін бағдар және шабыт көзі болды.

Ислам революциясының   жетекшісі  аятолла Хаменеи өз сөздері мен мәлімдемелерінде АҚШ бастаған жаһандық үстемдікке қарсы тұру қажеттігін бірнеше рет қуаттады.  Ислам революциясының  жетекшісі үстемдік санатына ерекше тоқталып, мұны Ислам революциясының ұлы мақсаттары мен негіздерінің бірі деп бағалайды және Иран халқын үстемдік пен тәуелділік қаупінен үнемі ескертеді. Аятолла Хаменеи осыдан бірнеше жыл бұрын, 2014 жылдың шілдесінде студенттермен және студенттік ұйымдардың өкілдерімен кездесуінде: «Жаһандық бұзақылардың Иран халқымен дұшпандық танытуының негізгі себебі – Ислам республикасының   үстемдікке негізделген жүйені қабылдаудан бас тартуы. Құран қағидаларына негізделген үстемдікке қарсы күресті ешқашан тоқтату мүмкін емес»,- деді. Діни жетекші 2018 жылдың тамызындағы студенттермен кездесуінде де: «Исламшылдық, үстемдікпен күресу, ел тәуелсіздігін сақтау, адам баласына абырой беру, Иранның езілген және жан-жақты прогрессі мен көтерілуін қорғау революцияның негізгі мақсаттары болып табылады»,- деп тоқталды.

Тегтер