Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қадір-қасиеттері (14)
Жел 22, 2022 18:57 Asia/Almaty
Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жанкүйерлері сансыз. Оның ізгі қасиеттері, ізгілігі, жоғары дәрежесі көп мадақталды. Достар мен дұшпандар оның кемелдігі мен ұлылығын мойындап, ұлылығын мадақтады.
Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) ғибадатқа толы өмір салты сүйіспеншілікке толы құлшылықты білдіреді. Ол күнделікті өмірінде Алланың үнемі қатысуын ұмытпады. Хазірет Әли (ғ.с.): «Алланың Пайғамбарының (с.ғ.с.) қызы Фатимамен неке қиған түні мен оның алаңдаушылығын байқадым. Алаңдаушылығының себебін сұрадым. Фатима (ғ.с.): «Жағдайымды ойлап, өмірімнің ақыры, қабырымның мекені туралы ойладым. Әкемнің үйінен өз үйіме көшкенім бейітіме кіргенімді есіме түсірді! Осы түні бірге өмір сүруіміздің басында намааз оқып, Аллаға құлшылық етуімізді сұраймын» деді»,- деп айтқан.
Фатима-Заһраның(ғ.с.) ғибадаты – үлгі болатын ғибадат. Ол үйінде ғибадат ету үшін михраб жасап қойған. Пайғамбар (с.ғ.с.) Фатима (ғ.с.) туралы: «Бірақ менің қызым Фатима... қашан ол Алла Тағаланың алдында михрабында тұрса, жұлдыздардың нұры жерге жеткендей, оның нұры көктегі періштелерге жетеді. Алла Тағала періштелеріне: «Менің періштелерім, менің алдымда тұрған Фатимаға қараңдаршы, оның жүрегі меннен қорқып дірілдеп, маған құлшылық етуге берілген»,- деген.
Фатима-Заһра (ғ.с.) 18 жылдан артық өмір сүрмеді, осы қысқа мерзімде рухани биік кемелдікке қол жеткізе алды. Сондықтан да Фатима (ғ.с.) пайғамбардың қызы болғаны үшін емес, Аллаға сүйіспеншілік білдіргені және Оған бағынуға талпынғаны үшін мистиканың ең биік шыңына жетті. Намазы, рүкүғтары мен ұзақ сәжделерімен қоса, дұға мен құлшылық жасап, тақуалық салада жоғары дәрежелерге жетті. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.): «Дүниеде хазірет Фатимадан (ғ.с.) тақуасы жоғары болған ешкім жоқ еді. Ол михрабта ұзақ тұрғаны сонша, аяғы ісіп кететін»,- деді. Сондай-ақ хазірет Фатиманың (ғ.с.) намаздағы жағдайы туралы: «Фатима-Заһра (ғ.с.) намаз оқыған кезде Алладан қатты қорқып, тынысы тарылатын» делінген. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) хазірет Фатиманың (ғ.с.) құлшылық етуі туралы: «Жұма түнде мен анам Фатиманы (ғ.с.) михрабта тұрғанын көрдім. Таң атқанша рүку мен сәжде жасады. Одан кейін Ислам әлемінің жалпы мәселелеріне дұға жасады. Күн шыққан соң мен: «Анашым! Неге басқалар үшін дұға еткендей өзің үшін де дұға етпейсің?» деп сұрадым. Хазірет Фатима (ғ.с.): «Балам! Бірінші - көрші, содан соң - үй»,- деп жауап берді.