Сүлеймани мектебі 4: Тұлға ерекшеліктері
(last modified Mon, 02 Jan 2023 14:01:04 GMT )
Қаң 02, 2023 20:01 Asia/Almaty
  • Сүлеймани мектебі 4: Тұлға ерекшеліктері

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің бұрынғы қолбасшысы, шәһид генерал Хадж Қасым Сүлейманидің шәһид болғанынан 3 жыл өтті.

 

 

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің бұрынғы қолбасшысы, шәһид генерал Хадж Қасым Сүлейманидің шәһид болғанынан 3 жыл өтті. Алла жолында ешнәрсеге мән бермей, парызын өтеген ұлы адам. Аймақ пен әлемнің көптеген халқы шәһид Хадж Қасым Сүлейманиді ерлігі және ДАИШ тәкфиршіл топтарымен күрестегі көрнекті рөлі тұрғысынан біледі. Қасым қажының батылдығы оның кісілік қасиеттерінің бір өлшемі болып табылады, ол басқа жеке сипаттарымен бірге Алланы сүйген адамның жолын көрсетеді.

Сардар шәһид Қасым Сүлеймани

 

                                              

 

Қасым қажы Ислам мектебінде білім алған. Ислам мектебі бір өлшемді адамдарды кемел санамайтын мектеп. Ислам тұрғысынан тек білім үйренген немесе сопылық пен тақуалық шапанын киіп, тек аскетизммен айналысқан адам кемел адам емес. Әлде саясатқа сіңісіп кеткені сонша, ұлттық мүдде жолында оңды-солды басады. Исламда білім алған адамдар Қасым қажы сияқты көп қырлы адамдар. Қасым қажы рухани болмысын саясаттан, саясатын имандылық пен тақуалықтан бөлек ұстамайтын мектепте тәрбиеленді. Ол: «Саясатта ахлақты ұмыту керек деп қынжыламын. Тақуалық пен имандылық қай жерге қажет? Неге саясатқа келгенде тақуалықты ұмытамыз. Тақуалыққа кіргенде неге саясатты ұмытамыз».

 Шәһид Сүлеймани жай ғана әскери және қауіпсіздік саласының қайраткері емес, Хадж Қасымның өміріндегі ең бірінші өте маңызды және таң қалдыратын ерекшелік оның шынайылығы болды. «Саралланың» қолбасшыларының біріне жазған хатында ол былай деп жазады: «Әли, төрт нәрсені ұмытпа: ең бастысы ықылас, ықылас. Ықылас – Алла үшін айту, істеу немесе істемеу. Жүрегіңді одан басқаның бәрінен босатып, оның махаббатымен және әһлебейттің махаббатымен толтыр».

 

Қажы Қасым Сүлеймани, көптеген шәһид болған жолдастары сияқты, біздің күш-қуатымыз құрал-жабдықтарымызда емес, Алламен қарым-қатынасымыздың көлемінде екеніне сенімді болды. Аллаһ Қасым қажының барлық жұмыстарының орталығы болды. Ол түнде ғибадат етуді ұнататын. Ол Жаратқан Иеге дұға етіп, шүкіршілік етті. Құранды көп оқып, оның аяттарына терең ой жүгіртетін. Оның қалтасында кішкентай Құран бар еді, оны таксиде де оқуға мүмкіндігінше пайдаланатын. Құдс күштерінің қолбасшысы, шәһид қажы Қасым Сүлеймани оққағарсыз әртүрлі жерлерге бару үшін талай рет такси пайдаланғанына таң қалмаңыз. Оның жан тыныштығы мен қайраттылығының түп-тамыры Раббысына деген сенімінде, сенімінде және өзі қаламайынша ешнәрсе болмайтынына сенімді болуында еді. Сардар Сүлеймани Пайғамбардың (с.ғ.с.) әулетіне, әсіресе Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүйікті қызы хазірет Заһраға (ғ.с.) ерекше құрметпен қарады.

Қажы Қасым дүниені Алланың алдында деп есептеді. Сондықтан соғыс алаңдарында да илаһи шектеулерді сақтауды парыз санады. Мысалы, Сирияның Букамаль қаласы азат етіліп, олар қолбасшылық штабы үшін үй пайдаланбақ болған кезде Қасым қажы үй заттарын осы бөлмелердің біріне қоюды бұйырды, және үй иесінің мүлкі бүлінбес үшін бөлменің есігін құлыптап қойған. Немесе басқа жерде сириялық үйдің иесіне жазған хатында: «Мен сіздің кіші ағаңыз Касем Сүлейманимін. Сіз мені білуіңіз керек. Біз барлық жерде сүнниттерге көп қызмет жасадық. Мен шиітпін, сіз сүннитсіз. Үйіңіздегі Құран Кәрім мен Сахих Бұхари және басқа да кітаптардан сіздердің иманды адамдар екеніңізді түсіндім. Ең алдымен кешірім сұраймын және сіздің үйіңізді рұқсатсыз пайдаланғаны үшін кешірімімді қабылдайсыз деп үміттенемін. Екіншіден, үйіңізге келтірілген шығынды төлеуге дайынбыз. Біз сізге қарыздар деп ойлаймыз, өйткені біз сіздің рұқсатыңызсыз бұл үйде қалдық. Бұл менің Ирандағы нөмірім, сіз маған қоңырау шаласыз деп үміттенемін, мен қалағанның бәрін жасауға дайынмын»,- деп жазған. Сардар Сүлеймани хаттың ішіне Ирандағы телефон нөмірін де жазған.

Қасым қажы адамды Аллаға жақындататын ең маңызды ғибадат – халыққа қызмет ету деп есептеген. Ол халықтың қамын ойлады. Ол уайымдап, адамдарды жақсы көретін. Ол халықпен қарым-қатынаста шиіттердің бірінші имамы хазірет Әлиді (ғ.с.) үлгі тұтты. Хазірет Әли (ғ.с.) өз үкіметінің басшыларының бірі Мәлік Аштарға жазған хатында: «Адамдармен кішіпейіл, жұмсақ, мейірімді, ашық-жарқын, күлімдеп жүр. Үлкендер сенің зұлымдық көруінді аңсамасын, әділдігіңнен әлсіздер үмітін үзбесін. Өйткені Алла құлдарынан үлкенді-кішілі ашық және жасырын істерді сұрайды. Егер ол сені жазаласа, сен одан да көп лайықсың, ал кешірсе, оның үлкендігінен».

Шәһид Сардар Сүлеймани Алланың құлдарына қызмет етуді Аллаға жақындаудың ең күшті құралы деп санап, өмірін соған арнаған. Қажы Қасымның адамдармен қарым-қатынасы қарапайым жауынгер болған күннен бастап Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы болғанға дейін өзгерген жоқ. 1359 жылы (1980 ж.) революция мұратын қорғау үшін әскерге аттанған ауылдың иісі әлі күнге дейін аңқиды. Жылдар бойғы жиһад пен күреске қарамастан, оның күнге күйген жүзінен көп шаршағандығы байқалды. Сол бір күндер мен түндер, кездері де қолына қару алып, әр сарбаз бен басидждің қасында майдан шебінде соғысқан ол сүңгуірлердің қасында шеп бұзып, жабайы Арванд өзенінен өтті. Ол олардың көпшілігін атымен танитын, тіпті олардың қайғысын да білетін.

 

Қасым қажы сабырлы, әдепті еді. Барған аймақтарында өзіне ерекше орын қарастырмаған. Ол өз сарбаздары мен жасақтарының жанында жерге отырып, олармен бірге тамақтанды, олардың демалатын орнында демалды. Алдыңғы шепте де кейде тастың артына жатып, демалып алатын. Ол өте белсенді және еңбекқор болды. Міндетін атқарған кезінде ол кейде жиналыстар өткізіп, күніне 24 сағаттың 19 сағатын жұмыс істеді. Бірде көп жиналыс өткізгені сонша, командирлер: «Сардар қашан ұйықтайды?» дейтін. Асыл өмірінің соңында оның серіктері қажы Қасымның Ирактағы соңғы оқиғалар кезінде түнде небәрі екі-үш сағат ұйықтағанын айтты.

 

Оқушы еді. Оның кітаптарының тақырыбы әртүрлі болды. Ол басқаларға оқуға кеңес берді. Кейде жазатын. Әртүрлі істеріне қарамастан, ол сегіз жыл бойы қасиетті қорғаныста болған достары мен жолдастарын ешқашан ұмытқан емес. Насер Тәубеиһа 41-ші «Саралла» командирлерінің бірі болған. 1362 (1983) жылы «Уальфаджр 4» операциясында арқадан тиген сынықтардың кесірінен омыртқасы үзілген. Бір күні Қасым Сүлеймани оған қонаққа барды. Ол онымен бірнеше сағат бірге болды. Кетерінде жолдасының әйеліне: «Мен жыл сайын жылдын бірінші күні келып Насерге қызмет етуді шештім. Сол кезден бастап ардагер қайтыс болғанға дейін 25 жыл бойы генерал жыл сайын жылдын бірінші күнінде Керманға барып тұратын. Әке-шешесіне барған соң Тәубеиһаның үйіне барып, ас әзірлеп, жуындырып, бағып-қағатын».

Шәһид Сүлеймани және шәхид Тәубеиһа

 

Шәһид өзінің қарапайым өмірімен және қанағатшылдығымен танымал болды. Оның жұмыс орның көргенде, оның қарамағындағы күштердің кеңсесінен еш айырмашылығы жоқ, оның бөлмесіндегі орындықтар мен үстелдер оның орынбасарларының, тіпті тұрақты әскерлерінің орындықтары мен үстелдерінен әлдеқайда қарапайым болды. Теһранда 1377-1398 (1998-2019) өмір сүрген кезде шағын үйде тұрған. Шәһид болғаннан кейін оның үйінде орнатылған камералар кейбір адамдардың таңданыспен  «бұл Сардардың үйі мен заттары ма?» сұрағандарын көрсетті.