Ақп 01, 2023 17:51 Asia/Almaty
  • Имам Джавадтың (ғ.с.) туған күні

Имам Джавадтың (ғ.с.) туған күні құтты болсын!

 

Имам Джавадтың (ғ.с.) дүниеге келуі имамдар (ғ.с.) тарихындағы ең сезімтал кезеңдердің бірі болды. Имам Джавадтың (ғ.с.) дүниеге келуі имам Реза (ғ.с.) туралы барлық қауесеттерді тоқтатып, шиіттер арасындағы алаңдаушылықтарды жойды. Осы себепті имам Реза (ғ.с.) ұлы туралы: «Біздің шиіттер үшін «осы уақытта» одан асқан сауапты адам туған жоқ»,- деді.

 

Сегізінші пәк имам (ғ.с.) - имам Реза (ғ.с.) ұлы Джавадты (ғ.с.)  көруді күтті.  Имам Резаның (ғ.с.) өмірінің шамамен 47-ші көктемі өтті, бірақ Алла оған әлі перзент бермеген еді. Имам Резаның (ғ.с.) дұшпандары оның баласы болмағаны үшін оны мазақ етіп, қорлады. Имам Резамен (ғ.с.) имамдық тізбегі тоқтады деп сенген «Уақфия» жетекшілерінің бірі имамға (ғ.с.) хатында: «Балаң болмаса қалай имам боласың!»- деп жазды. Имам (ғ.с.): «Менде бала болмайтынын  қайдан білесің? Бірнеше күнде Алла маған ер баланы сый етіп, шындықты жалғандықтан ажыратады»- деп жауап берді. Ибн Аяштың айтуынша, имамның (ғ.с.) болжамы бойынша, сол жылдың раджаб айының 10-шы жұлдызында имам Джавадтың (ғ.с.)  дүниеге келуі шиіттер мен олардың жақтастарының көзқарасын айқындап, нұрландырды. Имам Джавадтың (ғ.с.)  дүниеге келуінің нұрымен барлық қарсыластардың сөздері жабылып, шиіттер діндегі ауытқулардан қорғалды. Имамдар (ғ.с.) дәуірінің ең сезімтал тарихи кезеңдерінің бірі имам Джавад (ғ.с.) заманында орын алып, ақ пен қараның жолы көрсетілді.

Имам Джавадтың (ғ.с.) туған күні құтты болсын!  

Имам Резаның (ғ.с.) перзентінің болмауы Әһле Бәйт (ғ.с.) жақтастарының арасында алаңдаушылық туғызып, оларды терең шатастырып, үрейлендірді және оларды бытыратып жіберді. Кейбір шиіттер имам Резаның (ғ.с.) ағасы Абдулла бен Мұсаға барды. Бірақ олар оның сұрақтарына жауап бере алмағанын көргенде, оны тастап, имам Джавадқа (ғ.с.) қайтады. Уақфийлерге тағы бір топ қосылды. Кейбір адамдар Ахмад бен Мұсаның имамдығына да сенді. Бұл екі топтың уәжіне имамның жасы негіз болды, олар имамдық дәрежеге жетудің шарты ретінде кәмелеттік жасты санады. Бұған жауап ретінде имам хазірет Сүлейменнің Дәуіттен бала жасында мұрагер болуын, сондай-ақ Яхья ибн Зәкәрия мен Исаның сәби кезіндегі пайғамбарлығына сілтеме жасап, имамдығын растады. Кейде сынақ ретінде әр түрлі ғылыми және діни сұрақтардың алдына қояды және имам олардың барлық сұрақтарына кішкентай кезінде жауап бергендіктен, олар оның имаматын сеніммен қабылдады.

 

Тегтер