Ақп 05, 2023 20:48 Asia/Almaty
  • «Фаджр» онкүндігі (4):  Құтқарушының келуі және Ислам революциясы

Діни ғұлама және имам Мәһдидің (ғ.с.) орынбасары лауазымындағы Рухолла Хомейнидің басшылығымен Иран Ислам революциясы 1357 жылы (1979) жеңіске жетті.

Ислам революциясының жетекшісі: «Иран халқының революциясы - хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туының астындағы Ислам әлемінің ұлы революциясының бастауы. Алла Тағала барша мұсылмандар мен әлемді жарылқады».

Бұл күндері Иран Ислам Республикасында «Фаджр» онкүндігі  шаралары өтуде.

«Фаджр» онкүндігі баһман айының 12-нен 22-не дейін немесе ақпанның 1-нен 11-не дейін, бұл имам Хомейнидің (р.а.) 1979 жылғы Иран Ислам революциясының жеңіс күніне дейін он төрт жылдық қуғыннан кейін Иранға келуімен сәйкес келеді. Осыдан 44 жыл бұрын Иран мұсылмандарының күрескер дінбасы және ұлы діни беделі Рухолла Хомейнидің басшылығымен Иран елі жеңіске жетті.

Бұл революция өзінің пайда болу жағдайлары мен факторлары жағынан дүние жүзіндегі ұлы революцияларға өте ұқсас болды, бірақ оның басқа революциялардан түбегейлі айырмашылығы оның діни тамыры мен діни жетекшілігімен бірге Аллаға бағытталғандығында болды. Иранның мұсылман халқы өздерінің тақлид билігін имам Мәһдидің (ғ.с.) бір түрі орынбасары деп санайды. Басқаша айтқанда, олар имам Мәһди (ғ.с.) келген кезде оған мойынсұнуды өздеріне парыз санайтынындай, ол болмаған кезде діни ғұлама мәрдже тақлидке билік ретінде бағынады. Революция жеңісінен кейін бұл биліктің атауы  Валие факих болып өзгертілді. Егер революцияға дейін халық мәрдже тақлид әмірімен  күрессе, революциядан кейін де Валие фақихтың бұйрығымен үстемшілдік пен езгіге қарсы күресті жалғастырды.

Құтқарушының келуі илаһи діндердің ортақ және жан-жақты ілімдерінің бірі болып табылады. Барлық мектептер, діндер мен мазһабтар еңбектері мен дереккөздеріне сүйене отырып, илаһи құдірет пен қуатпен адамзатты түзеп, биікке көтеретін илаһи тұлға мен кемел адамды күтуде. Индустар Калкиді күтуде. Буддизмде құтқарушы және өзгертуші идеясы Майтрея тұжырымдамасымен байланысты. Зороастрлар Саошянтты, еврейлер Мессияны, христиандар Иса Мәсіхті күтуде. Бұл адамзатты құтқаруға деген үміт болашаққа деген үмітті тудырды. Сол реформатордың және оны күтіп тұрғандардың көптеген ерекшеліктерін ардақты Пайғамбар (с) мен имам Масум (ғ.с.) анықтап, хадистерде қиямет күнін күтуге үндеу арқылы оны ең жақсы амалдар деп таныстырған.

 Рауаяттар мен Құран тәпсірі бойынша шиіттердің он екінші имамы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуі ең үлкен және бұрын-соңды болмаған әлемдік революция болып табылады. Ол барлық салаларда, соның ішінде мәдени, әлеуметтік, экономикалық және саяси салаларда түбегейлі және жан-жақты өзгерістер әкеледі. Алла Тағала «Нұр» сүресінің 55-ші аятында былай деді: «Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге; өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар, Маған құлшылық қылады. Маған еш нәрсені серік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар, бұзақылар».

«Нұр» сүресінің 55-ші аяты

Бұл аятта Алла Тағала иман мен адал амалдар болған қоғам үшін маңызды үш сипаттарды санамалап берген. Біріншіден, салих адамдар жер бетінде халифат тауып, билік жүргізеді және билікке ие болып, жерді басқаруды өз қолдарына алады. Екіншіден, дін қоғамда таралып, осылайша тақуалар жер бетінде егемендік пен халифат алғаннан кейін олардың наным-сенімдері мен идеологиясы үстемдік етіп, орнығады. Осындай жағдайда қоғамда ислам діні таралып, билейді. Үшіншіден, бұл қоғамда қауіпсіздік орнап, үрей болмайды. Құранның әйгілі тәпсіршісі, «Тәфсир әл-Мизан» кітабының авторы аятолла Мұхаммед Хұсайн Табатабаи бұл аят туралы былай деп жазды: «Алла Тағала игі амалдар жасайтын пәк мүміндерге олар үшін күпірлік, екіжүзділік пен фитнадан таза, лайықты әрі таза қоғам орнату уәде берді. Олар жерді иеленсін, олардың сенімдері мен амалдарынан хақ діннің ілімінен басқа еш нәрсе басым болмасын. Олар толық қауіпсіздікте өмір сүреді. Ішкі және сыртқы жаудан қорықпай... Осындай құнды қасиеттерге ие мұндай таза қоғам Пайғамбар (с.ғ.с.) рауаят еткен уақыттан бері сырттай жүзеге асқан емес.  Исламның ұлық Пайғамбары (с.ғ.с.) мен Әһле Бәйт имамдарынан (ғ.с.) имам Мәһдидің (ғ.с.) келетін дәуірі туралы жиі хабарлар жеткен».   

Иран Ислам революциясының жеңісі ислам әлеміндегі бетбұрыс деп саналады. Бұл адамзаттың құтқарушы көтеріліске деген үмітін бейнелейтін, азғындалған және езілген халықты бұзылған және зұлым дүниеден құтқарушы революция болды. Имам Хомейни өзінің маңызды және илаһи миссиясында тұрып, Ислам революциясының түпкі мақсатын үкіметті өзгертуден тыс нәрсе деп санады және осыған сүйене отырып,  Ислам революциясын басшылыққа алу үшін әрекет етті.  Берекелі өмірінің соңғы айларында бұл мәселеге қатысты: «Біздің шенеуніктер біздің революциямыз тек Иранмен шектелмейтінін білуі керек. Иран халқының революциясы – хазірет Мәһдидің (ғ.с,.) туы астындағы Ислам әлемінің ұлы революциясының бастауы. Алла Тағала барша мұсылмандарға және дүние жүзіне береке берсін және хазіреттің келуін жақындатсын. Шаруашылық-материалдық мәселелер шенеуніктерді өз міндеттерінен бір сәт алаңдататын болса, бұл үлкен қауіп пен сұмдық сатқындыққа әкеледі. Ислам республикасының үкіметі мүмкіндігінше халықты жақсы басқару үшін бар күш-жігерін салуы керек. Бірақ бұл оларды революцияның ұлы мақсаттарынан, яғни жаһандық ислам үкіметін құрудан тайдырады дегенді білдірмейді»,- деді.

«Фаджр» – қараңғылықтан жарыққа шығу дегенді білдіреді. «Фаджр» деп қараңғылықты жаратын нұрға айтылады. Имам Мәһдидің (ғ.с.) келуі де осыны білдіреді және ол күллі қараңғылық арасынан нұрын шашып, барша халықты құшағына алады. Басқаша айтқанда, Иран Ислам революциясы жарылыс жасап, халыққа нұр мен жарық әкелді. Енді барша мұсылмандар мен шындықты талап етушілер осы революцияны сақтап қалуға және сол арқылы құтқарушының көрінісін тезірек сезінуге міндетті. Алла «Қасас» сүресінің 5-ші аятында: «Жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз»,- деді.

 

Тегтер