«Фаджр» онкүндігі (5): Иран революциясы – илаһи мұғжиза
(last modified Tue, 07 Feb 2023 12:05:14 GMT )
Ақп 07, 2023 18:05 Asia/Almaty
  • «Фаджр» онкүндігі (5):  Иран революциясы – илаһи мұғжиза

Құран Кәрімнің бірқатар аяттары илаһи дәстүрлерді білдіреді. Дін тілімен айтқанда, илаһи дәстүр – болмыс жүйесіндегі Алланың хикметті қалауының ағымы. Илаһи тағдыр негізінде жаратылыс әлемінің құбылыстары белгілі бір заңдылықтарға негізделген эволюциялық жолмен жүреді.

Бұл заңдылықтар тек табиғат құбылыстары туралы ғана емес, сонымен бірге адамның жеке және қоғамдық өмірін де қамтиды. Алланың пайғамбарларына көмектесуі немесе  әділ екендігі сияқты, Ол ешқашан құлдарына зұлымдық жасамайды. «Әли-Имран» сүресінің 54-ші аяты илаһи дәстүрлердің біріне, яғни хақ дұшпандарының жоспарының Раббының жоспарына қарсы әлсіз және сәтсіздікке ұшырауын білдіретін аяттардың бірі. Бұл аят бір топ яһудилердің Пайғамбарды (с.ғ.с.) өлтіру жоспарына сілтеме жасайтын аяттар қатарына жатады. Бұл топ тіпті Пайғамбарды (с.ғ.с.) түрмеге қамап, тұтқындағаны үшін сыйлық белгілеп, оны дарға асуға дайындалған. Алла Тағала «Әли Имран» сүресінің 54-аятында: «Олар айлакерлік істеді, Алла да амалын тапты. Алла тәсілшілердің жақсысы»,- деді. хазірет Мәсіхтің құтқарылуы Алланың дұшпандардың жоспарларына қарсы жасаған әрекеттерінің нәтижесі болды. Аят ғаламды жаратушының ең жақсы шешім іздеуші және ойластырушы екенін еске салады. Иран Ислам революциясының басынан өткергеніне қарап, оған қарсы дұшпанның қастандықтары мен зұлымдықтарының көлемін ескерсек, бұл революцияның тірі және серпінді болуы мұғжизаға көбірек ұқсайды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дұшпандардың Ислам революциясына қарсы жоспарларын талқандау жолында  аталмыш аятты бірнеше рет тәпсірлеген.

Пехлеви билігінің соңғы жылдарында шах билігі мен оның үкіметіне құдіретті елдердің қолдауының арқасында АҚШ барлау агенттіктерінің (ОББ), сионистік режимнің (Моссад) және тіпті шахтың барлау және қауіпсіздік ұйымының (SAVAK) есептері  Иранның саяси тұрақтылығын көрсетті. Иран тұрақтылық аралы аталды және үкіметке қарсы халық көтерілісінің болуы мүмкін емес деп саналды. Алайда, күпірліктің ортасында және халықтың наразылығы мен Пехлеви режиміне қарсы наразылық тарихын ескере отырып, революция ұшқыны 1356 жылы қаңтарда Құмда басталды. Осыдан кейін халық наразылық қозғалыстары әртүрлі қалаларда дәйекті түрде қалыптасып, соңында 13 айдан кейін 1357 жылы ақпан айында Ислам революциясының жеңісіне әкелді. Көптеген күрескерлер шахтың қуатты үкіметін бірнеше айдың ішінде тек шерулер өткізу арқылы ғана құлатуға болатынын ойлаған жоқ.  Революцияның жеңісіне дейінгі соңғы үш күнде ғана халық әуе күштерінің революционерлері өмірін құтқарған кезде, адамдар қару-жарақ қоймаларына жетті.

 

Имам Хомейнидің бұйрығымен халық қалалардың қауіпсіздігін өз мойнына алып, революцияға қарсы кез келген төңкерістің алдын алды. Референдум өткізу және халықтың Ислам республикасының үкіметі  және Конституцияны бекіту үшін жаппай қатысуы үш айға жетпей  орындалды.

«Рум» сүресінің 47-аятының соңында Алла: «...Сондай-ақ мүміндерге жәрдем ету бізге міндет»,- деді.      Қай кезде бір халық пен ұлттың зұлымдыққа қарсы және әділетті орнату жолындағы қозғалысы илаһи ниет пен илаһи құндылықтарды жүзеге асыру мақсатына негізделсе, Алла тағала оларға көмектесуді парыз санаған. Бұл илаһи дәстүрге Ирак БААС режимінің Иранға қарсы әскери шабуылының жеңілуінде тағы бір мәрте куә болдық.     Саддам барлық қуатты Еуропа елдерінің, Америка мен Кеңес Одағының қолдауымен халықтың ішкі мәселелерінің шарықтау шегінде Иран Ислам Республикасына қарсы тең емес соғыс бастады. Сол жылдары Ислам революциясы дұшпандарының шабуылдары тек соғыспен шектелмеді. Елдің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қастандық жасау Батыспен байланысы бар топтардың да күн тәртібіне қойылды. Кез келген басқа елдегі осы оқиғалардың әрқайсысы оның саяси жүйесін тұрақсыздандыруы мүмкін. Бірақ халық имамды қолдап, соғыс майдандарына көбірек қатысып, қиындықтарға төзе отырып, Ислам революциясы мен оның сақталуына деген сүйіспеншілігін көрсетті. Дұшпандар Ислам революциясына қарсы шабуылдарын күшейткен сайын халықтан одан да ауыр жауап алды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің айтуынша,  дұшпан елді тұрақсыздандыруды, Иран халқынан бейбітшілік пен тұрақтылықты алуды көздеді. Ирактың БААС режимінің Иранға қарсы соғысының аяқталуымен, кез келген елдегі кез келген соғыс сияқты, даму мен құрылыс жылдамдығы арта түсті. Бірақ қиындықтар азайған жоқ. Революцияның тамыры күшейген сайын ішкі және сыртқы дұшпандардың Ислам революциясын сәтсіздікке ұшырату жоспары да күшейе түсті. Иранға Ислам революциясының жеңісінен кейін халыққа қарсы басталған экономикалық эмбарго соңғы жылдары өзінің шарықтау шегіне жетті. Америкалық шенеуніктердің өздері мұны халықтың қарсылығымен сәтсіздікке ұшыраған санкциялар деп атайды. Кейбір американдық шенеуніктер бұл жоспардың жанжалды және өрескел сәтсіздікке ұшырағанын мойындады. Демократиялық сенатор Крис Мерфи Twitter-де: «Иранға қарсы максималды қысым санкциялары нәтиже бермеді. Саботаж мен қастандық нәтиже бермеді. Иранмен соғыс та нәтиже бермейді»,- деп жазды.   

 

Жау әр дәуірде жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа айла іздейді. Өткенге қарағанда әлдеқайда кең болған соңғы қастандықтардың бірі – бірнеше ай бұрын Ислам революциясына қарсы дұшпандардың гибридтық соғысы. Бұл соғыста Америка, сионистік режим, Еуропаның кейбір арамза күштері және Ислам революциясына қарсы шыққан кейбір топтар Иран халқына шабуыл жасау үшін көптеген құралдар пайдаланды. Күшті медиа соғысымен олар өз аудиториясының санасында Иранның сенімсіз бейнесін қалыптастыруға талпынды.  БАҚ желілері мен виртуалды кеңістіктегі бұл шабуылдардың ауырлығы соншалық, бұл ел шекарасынан тыс Ислам революциясының кейбір жақтастарын алаңдатты. Әскери салада олар тәртіпсіздіктер мен толқулар кезінде пайдалану үшін бүлікшілер және оларға тәуелді топтар арқылы елге соғыс қаруының барлық түрлерін әкелуге тырысты. Олардың көпшілігі  қауіпсіздік және әскери күштердің қолына түсті. Тәртіпсіздіктер, қоғамдық және жеке адамдар мүлікін   өртеу және қирату, адам өлтіру, бүлікшілерді оқыту және  батыс үкіметтері қолдайтын бұқаралық ақпарат құралдары мен виртуалды желілер арқылы қоғамдық наразылықты тудыру - мұның барлығы   тәртіпсіздіктердің жоспарланғанын көрсетті. Батыс елдерінің, әсіресе Германия, Франция, Англия және АҚШ-тың әйелдер құқығын немесе адам құқығын қорғау желеуімен Иран Ислам Республикасына қарсы қарқынды дипломатиялық әрекеттері бұрын-соңды болмаған қарқынды сипатқа ие болды. Бірақ ИИР осы шабуылдардың барлығына қарсы берік және тұрақты болып, дұшпандар  бұл соңғы жоспарларын жүзеге асыра алмады.

 

Дұшпандардың Ислам революциясына қарсы барлық шабуылдары  Иран Ислам революциясының әлі де тірі екенін және тәуелсіздігін сақтай отырып, өз мақсаттары мен әлемдік державаларды теріске шығару бағытында жүріп жатқанын көрсетеді. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің айтуынша, «Егер кімде-кім жүйеге соққы беру үшін жаудың қастандығы жеткілікті деп есептесе, ол үлкен қателік жасады. Дұшпан қыршын жасайды, ал исламдық жүйе қарсы әрекет жасайды. «Олар айлакерлік істеді, Алла да амалын тапты. Алла тәсілшілердің жақсысы».