Нау 24, 2023 16:30 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023:  Ұлылық жолында (2)  

Қасиетті Рамазан айы – тәубе мен кешірім айы,  Құран  және Аллаға дұға ету айы. Бұл айда пәк имамдарының (ғ.с.)  ұсынған дұғалары Алла Тағалаға жақындаудың құнды жолы болып табылады. Дұғаның құдіреттілігі сонша, ол илаһи үкімдерді өзгертіп, қабыл болу құралы болып табылады.

Макарем әл-Ахлақ» дұғасының бірінші бөлімі

 

Имам Саджад (ғ.с.) «Макарам әл-Ахлақ» дұғасының бірінші сөйлемінде: «Уа, Алла! Мұхаммадқа (с.ғ.с.) және оның отбасына (ғ.с.) салауат айтып, иманымды иманның ең кемел дәрежесіне, сенімділігімді сенімділіктің ең жоғары деңгейіне, ниетімді ең жақсы ниетке, амалдарымды ең жақсы амалдарға жеткізе гөр»,- деді.

Хазірет Саджад (ғ.с.) «Мәкарем әл-Ахлақ» дұғасының әрбір тарауын Мұхаммад пайғамбарға (с.ғ.с.) және оның қасиетті әулетіне (ғ.с.) салауат айтудан бастайды, осылайша салауаттарды құрметпен еске алудың маңыздылығын және ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) мен әулетінің (ғ.с.) орны мен қадір-қасиетін еске салады.   

Дұғаның бірінші бөлігінде имам Саджад (ғ.с.) пенделіктің ең маңызды діңгегі  Аллаға иманы туралы айтып. «Иманымды ең кемел иманға жеткіз» дейді. Иман – жүрекпен қабылдап, сену. Нағыз иман – тіл мойындайтын және адам оны ісінде көрсететін сенім. Негізінде иманды болу тек ауызбен мойындаумен ғана емес, илаһи парыздарды орындау және күнәларды тәрк ету арқылы адам бойында қалыптасады. Иман мен амал – кемелдікке ұшудың қанаттары және әрқайсысы  өз алдына қажетті тиімділікке ие емес және адамды кемелдікке ұшуға жігерлендірмес түгіл, оның құлдырауына да себеп болуы мүмкін. Олай болса, Рамазан айының қадірлі сағаттары мен сәттерінде иманымызды жоғары деңгейге жеткізу үшін игі істермен безендіргеніміз орынды.

Имам Саджад (ғ.с.) дұғасының жалғасында иманның жоғарырақ деңгейіне    тоқталып: «Менің сенімділігімді ең жоғары сенімділікке жеткізе гөр»,- деді.

Сенімділік – білімнің жоғары деңгейі және адам кемелдігінің жоғары сатыларының бірі.

Белгілі ғұлама,  «Жамае ас-Саадат» атты ахлақ кітабының авторы Молламахди Нарақи сенімділікті ең маңызды ахлақтық қасиет және жанның ең үлкен кемелдігі деп санаған. Ол сенімділікті алхимия және оған тек кейбір мистиктер мен данышпандар қол жеткізе алады деп білген. Бұл мистик сенімді адамдар үшін белгілерді көрсетіп, былай деп жазады: «Иманды адамдар амалдарында тек Аллаға ғана назар аударады, Одан басқа ешкімге сүйенбейді,  өздеріне не жазылса, мейлі жақсы болсын, мейлі жаман болсын міндетті түрде орындалады деп біледі.  Олар денсаулық пен ауруға, кедейлік пен байлыққа, басқалардың мақтауы мен олардың айыпталуына, абырой мен қорлыққа бей-жай қарайды». Бұл илаһи ғұламаның пікірі бойынша, иманды адамдар Алла олардың ашық және  жасырын істерін көретінін және олардың барлық істерінің Алланың бақылауында екенін түсінетін білімге жетті. Иә, адам бойында иман мен сенімділік орныққанда барлық амалдардың ниеті Алланың разылығы үшін болып,  амдалдары иманды адамға лайық болатыны осылай.

 

Тегтер