Рамазан 2023: Ұлылық жолында (1)
Пенделерінің қолын көкке жалғау үшін Аллаға жалбарынатын Рамазан айы келді. Бұл мүбәрәк айда Алла Тағала жайнамаздарға нұр шашып, тәубе етушілерге кешірім жаңбырын жаудырады. Жерден аспанға көпір салуға дайынсыз ба? Жақындап келе жатқан түндер мен таңдарда қолыңызды аспанға көтеріп, нұр мен жарық жұлдыздарын жинауға дайынсыз ба?
Қасиетті Рамазан айындағы дұғалар Аллаға құлдық танытудың ең жақсы жолдарының бірі болып табылады. Сондықтан, біз қасиетті Рамазан айында «Ұлылық жолында» бағдарламасында жақсы, жағымды қасиеттерді қалыптастыруға талпынамыз. Бұл бағдарламалар топтамасында «Мәкарам әлАхлақ» дұғасының тылсым және илаһи ұғымдарына сүйене отырып, Рамазан айының мөлдір бұлағымен жанымызды тазартып, бойымызда биік адамгершілікті тәрбиелеу арқылы құлдық жолында өткеннен лайықтырақ жүреміз.. Ұлылық жолына түсушілер мен ораза ұстаушыларға арналған бұл бағдарламаға қош келдіңіз.
Адамды басқа жаратылыстардан, тіпті періштелерден де артық ететін нәрсе – оның ахлағының жоғарылығы. «Макарем әл-Ахлақ» дұғасы немесе «Сахифа Саджадияның» 20-шы дұғасы имам Саджадтың (ғ.с.) дұғаларының бірі болып табылады. Адамды тәрбиелеу ілімдеріне байланысты ол «Макарам әл-Ахлақ» деп аталады. Имам Саджад (ғ.с.) бұл жоғары мәртебелі дұғада ахлақтық қасиеттердің тізімін айтып, көптеген жаман қылықтар мен күнәларды атап өтті. Содан соң Алладан жамандықтан сақтануын сұрап, адамгершілік қасиеттермен безендіру үшін Алладан жәрдем тілейді. Ұлы Раббысына жақын болғысы келетіндер мен құлдықтың кемелдігіне қызығатындар Құран мен дұғаға жақын болуды адамның құтқарылатын жолы екенін біледі. Жақсы қасиеттерді еске алып, Алладан үнемі оларды бойына сіңіруін сұрау адам бойынан тамыр алып, әдемі де сауапты іс-әрекеттердің бастауына айналады.
Имам Саджад (ғ.с.) «Сахифе Саджадияның» 20-шы дұғасының әрбір бөлігін хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) және хазіреттің әулетіне (ғ.с.) сәлеммен бастайды және осылайша мүміндердің рухын әрбір бөлімнің шынайы хабарын қабылдауға дайындайды. Содан кейін имам Саджад (ғ.с.) әрбір тармақта жақсы ахлақтық қасиеттердің бірі туралы айтады немесе жаман қылықтарға тоқталады.
Имам Саджад (ғ.с.) бұл мәртебелі дұғада жақсы қасиеттерді екіге бөлген. Біріншіден, жеке тұлғаның әдептілік қасиеттері айтылса, екінші санатта әлеуметтік этиканың ізгі қасиеттері айтылады. Имандылық, ізгі амалдар жасау, Аллаға және ақырет дүниесіне сенімді болу – жеке адамның ахлақ қасиеттері, олар адамның қоғамдық ахлақтың басқа да ізгі қасиеттеріне жетуін жеңілдетеді. Негізінде, хазірет шынайы мүміндерді тәрбиелеуде көркем мінез-құлықтың қажеттілігін, керісінше жамандық мен лас нәрселерден аулақ болуды өте маңызды деп білген.
Қасиетті Рамазан айының нұрлы күндерінде имам Саджадтан (ғ.с.) үлгі алып, Алладан құлшылық ету жолында жәрдем беруін, жүзіміз бен мінезімізді жақсы ахлақпен безендіруін тілейміз.