Нау 24, 2023 17:30 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023: Достың қасында (2)

Барлығымыз өзімізге бақытты өмір жасау үшін бүкіл өмірімізде дұрыс жолды іздейміз. Жақындарымыздың қасында тыныштық пен бақытты сезінетін өмірге талпынамыз. Бірақ біз бақыттың не екенін және тыныштыққа қалай жетуге болатынын білеміз бе?

Құран мәдениетінде адамның жаратылу мақсаты ғибадат, оның бақытқа жету жолы да осы жолдан өтеді. «Зәрият» сүресінің 56-аятында Алла Тағала: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым»,- деді және Алла елшісі: «Ғибадаттың жүрегі мен жаны – дұға»,- деп айтқан.

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) бұл сөзі Құран тәлімдерінен бастау алады. «Ғафер» сүресінің 60-шы аятында Алла: «Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын...»,- деді. Ол бұл дұғаны ғибадат деп санап: «Расында Маған құлшылық қылудан паңсынғандар, олар қор болып, тозаққа кіреді»,- деп ескертті. Дініміздің ақсақалдарының намазды дұғаны ең жақсы ғибадат санауы да және дұға ету үшін барлық мүмкіндікті пайдалануы да осыдан болса керек.  

 

Біз өмір сүріп жатқан ғасыр - жылдамдық ғасыры, өмір қарқыны артып, уақыт сенгізсіз өте қысқарды. Кейде жетістікке жетсек, өткен өмірімізге шолу жасасақ! Қанша уақыт жоғалтқанымызды, қандай күш жұмсап, қандай күш жұмсамағанымызды көреміз, бірақ айтарлықтай ештеңеге қол жеткізген жоқпыз. Материалдық өмірдің уайымдары біздің барлық уақытымызды алды және осы алаңдаушылықтардың қайталануы мен  күнделікті  іс-қимыл адамдардың көпшілігін үмітсіздік пен депрессияға әкелді. Дұға мен ғибадат мүміндердің өмірінің барлық салаларында жалғасып, оларды үмітсіздіктен сақтайды, бірақ бұл шулы және қарбалас әлемде біз жиі елеусіз қаламыз. Рамазан айы осы немқұрайлылықтардың орнын толтыратын ең жақсы уақыт. Жылдың барлық айларының ішінде Алла Тағала бізге ғибадатымыздың сауабын еселеп қана қоймай, барлық дұға-тілектеріміз қабыл болатын, тіпті бұл айда дем алу да Алланы пәк ететін ерекше мүмкіндік сыйлаған сияқты. Ораза ұстағандардың ұйқысы да ғибадат олардың игі істерінің таразысын арттырады деп саналады.

Бір айлық құлшылық, ғибадат, оразадан кейін мүміндер тыныштыққа, қуанышқа, болашаққа деген үмітке бөленеді. Олар бір ай бойы, барлық сәттерінде бақыт жинады... .  Адам баласы үшін бұдан артық не бар? Алланың разылығы мен жақындығына жетуден артық қандай тыныштық бар?

 

Алланың бізге берген үлкен нығметтерінің бірі – біз жасаған күнәларымызға қарамастан, Өзімен сырласып, сөйлесуге мүмкіндік беруі. Алланың бізге  берген нығметы сонша, адамдар мен жындар жиналып, Алланың бір құлына берген нығметтерін ғана санағылары келсе, санай алмайды. Мұндай жағдайда нығметке батқан адам Жаратушысына қарсы шығады. Оның бұйрығын елемейді немесе тыйым салынған нәрсені жасайды. Осы жылдар ішінде досыңыздың біріне мейірімділік танытып, оған мүмкіндігінше көмектескеніңіз сияқты. Бірақ біраз уақыттан кейін ол сіздің қызметтеріңіз бен күш-жігеріңізді бағаламас түгіл,  дұшпандық танытып, қандай да бір себептермен сізге қарсы болады.

Әрине, мұндай мінез-құлықты көргенде, біз адамдар, достық байланысын үземіз, бірақ Алла тек мойынсұнбаған және күнәкар құлды қуып жібермейді. Керісінше, қиыншылық кезінде қайта шақыруы дұғалардың сәттілігін береді. «Эфтетах» дұғасының екінші тақырыбы -  дәл сол мәселе. Дұғаның келесі бөлімінде: «Уа, Аллам, дұғаларың мен құлшылықтарыңа рұқсат ет: Уа, Раббым, Сені шақыруға және Саған жалбарынуға рұқсат бердің» деп оқимыз. Бұл Алла Тағаланың бізге оның есімін айту, оны шақыру және онымен бірге дұға ету үшін берген ең үлкен нығметтерінің бірі. Осы илаһи рақымынан кейін пенде: «Мақтауларымды тыңда, уа, мақтауымды естуші. Уа, дұғамды қабыл етуші, дұғама жауап бер. Және менің қателіктерімді кешіре гөр».

Алланың рақымы пендесіне жеткен және Ол адамға тілегін айтуға рұқсат бергеннен кейін,  әдеп бойынша, құл өз тілегін білдірмес бұрын Жаратушысының  нығметтерін бір-бірден атап шығады. Алла Тағала бізге көбіміз біле бермейтін көптеген нығметтерді берді. Бұл нығметтердің кейбірі аз ғана оймен танылады және біз олардың қадірін жақсырақ түсінеміз. Бірақ нығметтердің басқа бөлігінің маңыздылығын түсіну үшін тереңірек назар аударуды қажет етеді. Адамдардың көбіне елеусіз қалдыратын нығметтерінің бірі – адам басына туған қиыншылықты шешу. Адам қиыншылыққа тап болағанда, Алла оны құтқарса да, құтқармаса да.

 

Сондықтан «Эфтетах» дұғасы бұл бөлімінде: «Тәңірім, жүрегімнен қаншама мұңды кетірдің. Менен қанша уайым мен қайғыны алып тастадың. Қаншама қателіктер мен күнәға көз жұмып қарадың.  Қаншама мейірім мен ізгілік таратып, қаншама қиындықтарды шешті»,- деп оқимыз.

Егер адам басынан өткерген оқиғалар туралы аздап ойланып, біраз уақыттан кейін шешімін тапса, Алланың оған қаншалықты мейірімді екенін түсінеді. Қиын жағдайда, мысалы, ақша, дәрігер және дәрі-дәрмек қажет болған, бірақ оларға қол жетімділік болмаған кезде, адам немесе оның отбасы мүшелерінің бірі ауыр ауруға ұшырайды, егер ол тез әрекет етпесе, оған үлкен қауіп төнеді..  Бұл жағдайда ол ешбір жолмен құтылудың жолын таппайды. Сондықтан ол мәселені жақсы түсінеді. Оның ешнәрсеге қолы жетпеген және ол үшін барлық жолдар жабылып, ол мүлдем үмітсіз болып қалуға жақын болған бұл уақытта оның мәселесі қауіп пен тұзақтан құтылатын жолмен шешіледі.

Кейде Мейірімді Алла мәселені адамның басына жеткізбей шешеді. Сондықтан бізде болмаған, басқалардың басынан өткен оқиғалар туралы ойлану орынды. Таңертең үйден шығып, түнде аман-есен оралсақ, жүздеген қиыншылықтарды бізден алстату Алланың қалауы болды. Ол бізге көзді сый еткендей, соқыр болып қалмауы үшін одан мыңдаған қауіптерді жойды. Ол бізге тәнді бергеніндей, сау болуымыз үшін одан жүздеген жамандықты алыстатты. Бірақ  мұның барлығынан Алланың рухани нығметтері  жоғары. Бізге беріп, сақтап қалған иман мен ақыл сынды нығметі. Таңертең үйден иманмен шығып, бірақ кешке үйлеріне иманы әлсіреген немесе оны жоғалтып қайтатындар өте көп.  Бастапқыда тура жолда жүріп,   біраз уақыттан кейін олар теріс жолға түсіп, адасқан топтардың тұзағына түсіп қалғандар аз емес. Ендеше, бәле-жаладан сақтану үшін Алланың берген нығметтеріне шүкіршілік етіп: «Тәңірім, күн мен түнімді Өзіңе мақтау-мадақпен толтыра гөр»,- деп сұрайық.

 

Тегтер