Нау 26, 2023 18:39 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023:  Ұлылық жолында (4)   

Дұға оқитын адамдардың көпшілігі өздерінің материалдық, физикалық, әлеуметтік және т.б. мұқтаждықтарын жақсы білетін болар, бірақ рухани-адамгершілік қасиеттерге ие болу үшін де Алладан тілеу керек екеніне, тіпті ізгілікке жету үшін де көп нәрсе істеу керек екеніне аз көңіл бөлетін шығар. Қадір-қасиеттерге ие болу үшін де дұға етіп, Алладан сұрау кеоек. Осы бағытта көптеген дұғалар қабылданды.

Бірақ олардың ең жақсыларының бірі – пәк имамдар (ғ.с.) атап өткен дұғалар, олар материалдық қажеттіліктермен қатар рухани және ахлақтық аспектілерге баса назар аударады және Рамазан айы пәк имамдардың (ғ.с.) дұғаларымен танысудың ерекше мүмкіндігі болып табылады.

Рамазан айы

 

«Макарем әл-Ахлақ» немесе Сахифе Саджадияның 20-шы дұғасы имам Саджадтан (ғ.с.) бізге жеткен дұғалардың бірі.

Бұл дұғада Алла Тағаладан жақсы ахлақ алуға және ізгі амалдар жасауға, сондай-ақ моральдық келеңсіздіктерден аулақ болуға жәрдем сұралады. «Макарем әл-Ахлақ» дұғасы адамгершілік және рухани ізгілікке ие болу Алла Тағаладан сұрау ретінде екі есе маңызды екенін еске салады. Бұл асыл дұғада былай делінген: «Уа, Алла, мені қабілетті қыл, ризығыңды кең ете гөр,  құрметті ете гөр». 

Адамның өмірі Аллаға мойынсұнушылыққа толы болуы үшін оның азық-түлік, киім-кешек, баспана және салыстырмалы әл-ауқат сияқты материалдық және негізгі қажеттіліктері өмірде қамтамасыз етіліп, адам соған жетуге ұмтылуы керек. Кедейлік пен жетіспеушілік пенденің кемелдікке жетуіне кедергі келтіреді, ал халал ырзығын табуға талпыну – үлкен ғибадат. Егер ақша табу адамды ысырапшылдыққа, дүниеқұмарлыққа жетелеп, Аллаға құлшылық етуден, оған көңіл бөлуден алыстатса, ол адасу болып табылады.

Ризықтың молдығын қолдарынан келгенше пайдаланғандар  қиыншылықтарға ұшырамайды, сол себепті де ғибадат етіп, білім алып, игі істерді жан тыныштығымен жасайды. Сондықтан Хазірет Саджадтан (ғ.с.) үлгі алып, күнәға себеп болмайтындай байлық пен ризықтан молынан пайда алуды Раббымыздан сұрауымыз керек.

Имам Саджад (ғ.с.) Алладан тек қаржылық байлықты ғана емес, ішкі байлықты да сұрайды. Ішкі байлық – сол қадір-қасиет. Ардақты адам өзін іштей бай сезінетіндіктен, өзгенің мүлкіне мән бермейді, мінезін таптамайды. Байлық, атақ-даңқ, лауазым, үй, көлік сияқты адамдардың қолындағы нәрсеге көңіл бөлу жан азаптаумен қатар, адам бойында өкініш пен қызғаныш сезімін тудырады. Күншілдік деген қауіпті дерт адамды әр түрлі күнәлар мен ақыл-ой мен ішкі істерге итермелеп, кез келген игі істерден, кейде илаһи құлшылықтан тыяды. Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) адам баласына адал жолмен бергеніне қанағат ету – дүние мен ақырет игілігін қамтамасыз ететін қазына. Екінші жағынан, қаржылық байлық пен ішкі қадір-қасиет адамға таңғажайып пен мақтаныш індетін  әкелуі мүмкін.

Тәкаппарлық – шайтанның қасиеттерінің бірі және бұл қасиет шайтанның Аллаға құлшылық етуден бас тартуына себеп  болды.

Сондықтан имам бұл өте жойқын індетке тоқталып, Алладан оны осы, барлық жақсылықтардың жойылуына себеп нәрселерден арылуды сұрайды. 

Тегтер