Нау 26, 2023 18:40 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023: Достың қасында (4)

Рамазан айы – Аллаға мойынсұну және қызмет етуде, сауапты іс жасауда  басқалардан асып түсетін ай.  «Әрбір жақсылықтың екі бөлігі бар, жартысы ғибадат, жартысы дұға», бұл Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзі.

Осы нұрлы сөзге сүйенсек, ешбір ғибадат дұғамен бірге болмайынша сауап болмайды деп айтуға болады, немесе ең болмағанда кез келген ғибадаттың дұғамен бірге болған кезде ғана толық сауап болады деп айту керек. Дұға ету және Алладан сұрау – ғибадат пен құлшылық кезінде алға шығудың құралы. Алла Елшісі  (с.ғ.с.): «Екі адам бірдей амалымен жәннатқа кіреді, бірақ олардың бірі екіншісін өзінен артық көреді. Ол: Раббым! Екеуміз бірдей істегенде неге оны жақсы көрдің?-деп сұрайды. Алла Тағала: Ол менен сұрады, сен сұрамадың. Ол дұға жасады, сен жасамадың,- деді.

Барлығымыз өмірімізде күнәлар мен қателіктерге жол бердік және біз бұдан былай да  қателіктен сақтанбаймыз. Алайда, бұл күнәлар қаншалықты үлкен болса да, Алланың мейірімі мен кешірімінен үмітімізді үзбеу керек. Алла Тағала бізге күнәһарларға сабырлы, шыдамды және кешірімді болуды уәде етті. Аллаһ Тағала «Зүмәр» сүресінің 53-аятында: «(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді” де»,- деді. Егер пенде білместіктен күнә жасаса, содан кейін қателігін түсініп, амалын түзетуге шешім қабылдаса, Алла Тағала оны кешіретіндігімен сүйіншілейді. Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.)   хадистерінің бірінде былай деді: «Алла Тағала: «Менен бет бұрған құлдарым менің оларды қанша күтетінімді және олардың оралуын аңсайтынымды білсе, қуаныштан өлер еді», - деген».

 

Ислам дінінде Алланың рақымынан үмітсіз қалу – ең ауыр және ең үлкен күнә. Рақымы ашуынан да зор, Құранның барлық сүрелерінің басы Рахман мен Рахим есімдерімен басталатын Алланың мейірімінен қалай үміт үзуге болады?!

Құранда Рахман және Рахим сөзі және оның туындылары шамамен 450 рет қайталанады. Осының барлығының болуы күнәкар құлдарға барлық күнәларына қарамастан Аллаға бет бұрып, кешірім сұрауға батылдық беретін Алланың мейірімі мен кешіріміне баса мән береді. Негізі Алладан басқа біздің күнәларымызды кешіретін құдірет бар ма? Алланың мейірімі мен кешірімінен басқа күнәларымыздың кесірінен өзімізге дайындап қойған от пен азаптан аулақ болатын баспана бар ма? Әлбетте, біз үшін Одан басқа пана жоқ, сондықтан оның мейірімі мен кешірімінен қалай үміт үземіз?

Аса мейірімді Алла бізге осы жалғыз жолды ешқашан жаппайды. Бірақ имам Резаның (ғ.с.)  мына сөздерін еске алайық: «Тәубе етіп, Алладан кешірім тілейтін, бірақ сонымен бірге күнә жасауды тоқтатпаған адам шын мәнінде өзін мазақ етеді. "

Олардың ішіндегі ең тақуа құлдары – ең талапшылы. Алланы танитындар Алланың мейірімі мен рақымы шексіз екенін жақсы біледі, сондықтан Алладан тілеуден жалықпайды. Алланы тану үшін дінтану мектебіне түсудің қажеті жоқ, Алланың болмыстағы белгілеріне көзімізді ашып, илаһи аяттарының үніне құлағымызды ашсақ жеткілікті. Сарқыраманың құлаған дыбысын, желдің соққанын, құстардың сайрағанын естіп, көргеніміз бен естіген нәрселерімізге санамыз бен жүрегімізді ашайық.

«Эфтетах» дұғасында пәк имам Алланың нығметіне шүкір еткені сияқты, біз де шүкіршілік етіп: «Аллаға шүкіршілік етуге лайық, оған мойынсұнушылық пен шүкіршілік жаратылыс тінінде ағып жатыр. Оның ұлылығы оның даңқын  және құрмет пен кешірімге қолы ашық,  қазынасы ешқашан кемімейді  және оның шексіз кешірімі оның  абыройын арттыра түсетінін көрсеті.

 

Бүкіл жаратылыста көрініп тұрған Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақ болсын. «Эфтетах» дұғасының бұл бөлігіндегі «Фаши» деген әшкереленуді білдіреді. Жаратылыс әлеміндегі Алланың белгілеріне көзімізді ашсақ жеткілікті.

Иманның шыңында болған Имам Әли (ғ.с.): «Мен Алланы онымен бірге, оның ішінде, оның алдында және одан кейін көргеннен басқа ештеңе көрмедім»,- деді. Керісінше, кәпірге: «Күнге қара!» дегенде, Ол көзін жұмып: «Мен қаламаймын!» деп жауап берді.

Біз: «Шындықты тыңда, содан кейін төрелік ет!» деді. Ол: «Мен қаламаймын» деп қайталайды. Күмәнсіз, мұндай адамның имансыздығы оған иманның қалыптаспағанынан емес, иман келтіргісі келмегендіктен болады.

 

Қасиетті «Эфтетах» дұғасында қазынасы кем болмайтын, кешірімінің молдығы байлығы мен жомарттығын арттыратын Алланы мадақтаймыз. Алланың қазынасы шексіз болғандықтан, «Негізін молырақ беретін Аллаға мадақ болсын, қазынасы азаймайды» делінсе, түсінікті болар еді. Имам (ғ.с.) неге: «Алла көп берген сайын, оның рақымы мен рақымы арта түседі?» дейді. Бұл сұрақтың жауабын Имам Әли (ғ.с.) айтқан сөздерінен табуға болады: «Әр ыдыс салынған мөлшерге қарай тар болады, тек кеңейетін білім сауытынан басқа*. Бұл мәселені жақсырақ түсіну үшін сыйымдылығы он литр болатын ыдысты елестетіңіз, мысалы, бес литр сүт құйса, оның сыйымдылығының бір бөлігі бос болады, содан кейін ыдыстың сыйымдылығы бес литр ғана болады, бірақ ғылым мен білім ондай емес. Он нәрсені түсіну қабілеті бар оқушы осы он нәрсені түсініп,  ақыл-ойының қабілеті төмендеп қана қоймай, көбірекнәрсені түсіну қабілетіне ие болады. Алланың сыйы, кешірімі де осындай, егер Алла білім, рақымдылық пен махаббат берсе, адамның  қабылдау қабілеті  төмендемейді,   ондай адам көбірек түсіну қабілетін табады және Алла оған  қабілетіне қарай көбірек береді.  

 

Тегтер