Нау 27, 2023 20:27 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023:  Ұлылық жолында (5)    

Рамазан айы және таң азаны хазірет Алланың пенделерін теңдесі жоқ білімге шақырады. Таң ату кезіндегі  дұғалар мен мадақтар тот басқан жүректерді жуып, жүректерді нұрымен бөлейді.  

Имам Саджад (ғ.с.) «Макарем әл-Ахлақ» дұғасының үзіндісінде: «Уа, Алла, барша адамдарға мен арқылы жақсылықты жібере гөр. Жақсылықтарды ластау арқылы жоймай, маған құрметті және жоғары ахлақ беріп, мақтанудан сақта»,- деп тілейді.

Жақсылық деп Алланың бұйрығына сай, жақын болу ниетімен жасалған амалды айтады.

Өзгеге жақсылық жасау олардың проблемаларының түйінін шешу деген сөз және бұл әрекеттің Ұлы Алланың алдында көптеген сауаптары бар. Алланың разылығы үшін адамдарды қиындықтан құтқару – адамның достығы мен жан дүниесінің кеңдігін көрсетсе, басқа жағынан оның жан дүниесінің тазалығы мен қадір-қасиеті мен абыройының белгісі. Адамдарға көмектесу – илаһи пайғамбарлар мен пәк имамдар (ғ.с.) үнемі назар аударған қалаулы істердің бірі.

Имам Саджад (ғ.с.) халыққа қызмет етудің көптеген сауаптары мен дүниелік және ақыреттік әсерлерін ескере отырып, әрдайым дұға етіп, Алладан қызметтің сәтті болуын сұрады және бұл ісінде үлгі болды.

Адамдарға көмектесу мысалдарына адамдарды дұрыс жолға салу, жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан тыю, мешіттер, су қоймалары, моншалар, мектептер, университеттер салу, жетімдерге, кедейлерге, мұқтаждарға қамқорлық жасау, үйсіздерге үй салу, мүгедек жанұялардың шығыны, жастардың некеге тұруына көмектесу және  т.б. жатады.  Бұл көме ақ ниетпен орындалса, Алла Тағала қиямет күні салихалы адамға жәннатты нәсіп етеді. Бірақ ең бастысы, адам өзінің жақсы ісін бұзбауы керек. Өйткені, кейде бір жақсылық жасап үлгереміз, мысалы, Алла разылығы үшін мұқтаж адамға көмектесеміз немесе ауруды емдейміз, бірақ біраз уақыттан кейін міндетсініп, сол жақсылықты құртып жібереміз. Бұл туралы Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 264-аятында былай делінген: «Әй мүміндер!   Міндетсінумен жасаған жақсылықтарыңды жоймаңдар». Міндетсінудің әдетте мақтану, қорлау, азғыру сияқты себептері болады және адам міндетсіп,  өзінің жақсы істерін бұзып алмаудан әрқашан сақ болуы керек.  

Имам Саджад (ғ.с.) «Макарем әл-Аахлақ» дұғасының жалғастыруда Алладан жақсы ахлақ беріп, мақтанудан сақтауын сұрайды. Тәкаппарлық пен өзімшілдік тәкаппарлық пен өзімшілдіәктен туындайды, ол Алланы еске алу мен қиямет күнін елемеуден болады. Діни ілімдер кез келген адамға адамдарға мақтануға рұқсат етпейді және кішіпейілділікті барлық адамдар үшін қарым-қатынас орнатудың ең жақсы әдісі деп біледі.   

Құран Кәрімнің «Лұқман» сүресінің 18-аятында анық айтылған:  «Расында Алла, бүкіл дандайсыған мақтаншақтарды жақсы көрмейді». Адам Алланы жақсы білген сайын өзінің жоқтығын, надандығын, дәрменсіздігін, аңғарады және егер адам өзінің кемшілігін түсінсе, тәкаппарлық пен мақтаншақтықтан арылады. Расында, адам сыртқы және ішкі дүниесіндегі әрбір жақсылықтың Алладан екенін және өзінен тәуелсіз ешнәрсе жоқ екенін түсінген кезде Алланың ең жақсы танымына қол жеткізіп, кішіпейілділікті өз қадір-қасиетіне айналдырады. Алла қаласа.

 

Тегтер