Нау 28, 2023 21:14 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы:   Ислам революциясының жетекшісі имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі зияратшыларының алдында сөз сөйледі

Иранның Жаңа жылының басында және жыл сайынғы дәстүр бойынша Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи қасиетті Мешхед қаласында сегізінші имам Әли бен Мұса Реза (ғ.с.) қасиетті кесенесіне жиналған халықтың алдында елдің мәселелері туралы сөз сөйледі.

Сөзін бастаудан бұрын үшін аятолла Хаменеи Иран халқының жыл өзгерген кезіндегі дұғаларына тоқталып, Алладан бүгінгі күнді ең жақсы күйге айналдыруды сұрап: «Алла Тағаланың алдында жасалған дұғалар мен тілектер көбіне адам Алладан сұраған жолында жүргенде қабыл болады. Қоғамда, жүйеде және елде өзгеріс жасау үшін адамдар, ойшылдар және қоғамдық пікір негізгі қажеттіліктермен таныс болуы керек және оны қолдау арқылы ойлар белсендіріліп, үлкен талаптар жүзеге асады»,- деді.

Аятолла Хаменеи өзгерістегі мақсатын исламдық жүйе мен Иран қоғамындағы бөліктер мен әлсіз тұстарды анықтау арқылы оларды өзгерту және әлсіз тұстарды берік ерік-жігермен жеңіп, күшті нүктеге айналдыруға деп білді. Бұл қиын да ауыр жұмыс. Ол үшін ұлттық сенімділік қажет. Аятолла Хаменеи былай деді: «Өзіне сенімді ұлт реформаларды жақсы жүзеге асыра алады. Бұл халықтың шенеуніктері өзгеріп, әрекет етуге батылы барады. Біздің халық – өзін құрметтейтін, өзіне сенімді, тәуелсіз, ержүрек. Халқымыз әр салада өз қабілетіне сенетінін көрсетті».

Ислам революциясының жетекшісі ұлттық өзіне деген сенімділікпен бірге қырағылықты қалаған өзгерістердің тағы бір қажеттілігі деп санады. Ол Иран елі мен исламдық қоғамның ең маңызды күштерінің бірін оның күшті әрі берік ішкі негізі деп санап, дұшпандардың қастандықтары мен айла-амалдарына қарсы берік тұруды ирандықтардың ішкі күш-қуатының белгілерінің бірі ретінде таныстырды. Иран халқы ұзақ жылдар бойы төңкеріс, санкциялар, саяси қысымдар, әлемде иранфобия мен революция-фобия тудырған ақпарат құралдарының шабуылдары, қауіпсіздік қастандықтары сияқты әлемнің ең күшті елдерінің соққыларына қарсы тұрып, қарсылық көрсетіп келеді.

Осы тұрғыда аятолла Хаменеи: «Иран ұлтынан басқа қай халық оларға қарсы тұра алады немесе тұра алады? Бұл ішкі күш, Иран халқының іргетасы мықты іргетас екенін көрсетеді. Барлығының көз алдында айқын мысал, осы жақында болған тәртіпсіздіктерде бірнеше ай бұрын бүлік шығарып, бәрі араласты! Бұл маңызды нүктелер. АҚШ сияқты елдің президенті Иранның ішкі тәртіпсіздіктерін ашық қолдады. Кейбір еуропалық елдердің президенттері мен үкімет басшылары да Иран халқының өте аз ғана бөлігі қатысқан бұл тәртіпсіздіктерді ашық қолдады. Тек тілмен ғана емес, қару-жарақ, қаржылай қолдау көрсетті.  Олар бұл тәртіпсіздіктерге жан-жақты көмектесті. Олар Ислам республикасын тым болмаса әлсіретуді көздеді. Бірақ  оқиға олардың қалағанына мүлдем қарама-қайшы болды. Ислам Республикасы әлсіз емес, күшті екенін көрсетті. Осындай жаһандық қыршыннан өтіп, өзінің мықты екенін әлемге паш етті. 1401 жылғы 22 баһман шеруіне халықтың жаппай қатысуы,  бұған дейінгі бірнеше 22 баһманнан көбірек жиналуы Иран ұлтының ішкі күшін көрсетеді»,- деді.

Аятолла Хаменеи Иран халқының санкциялар мен ауыр экономикалық қысымдарға қарамастан әртүрлі салалардағы, атап айтқанда  ғылым мен технология, нано, биотехнология, денсаулық сақтау, ядролық, аэроғарыш, қорғаныс, автомобиль және теміржол сияқты инфрақұрылым, бөгет құрылысы және сумен қамтамасыз ету, мұнай өңдеу зауыты мен аурухана құрылысы салаларында үлкен ілгерілеуін ИИР халқы мен жүйесінің ішкі күш-қуатының тағы бір белгісі деп атады. Ислам революция жетекшісі Иран халқының ілгерілеуін баяндауды жалғастырып, ел дипломатиясының белсенді болуына тоқталып: «Сыртқы байланыстар саласында батыстықтар Иранды оқшаулауға қысым жасады, Америка мен еуропалықтар Иранды оқшаулауға қысым жасады. Сыртқы саясат терминінде «оқшаулану» елдермен қарым-қатынасты үзу дегенді білдіреді... Бірақ оқиға керісінше нәтиже берді. Иә, батыстықтармен қарым-қатынасымыз әлсіреді... Америкамен қарым-қатынасымыз болмады, Еуропамен де қарым-қатынасымыз әлсіреді... бірақ Азиямен қарым-қатынасымызды 100 пайызға күшейттік. Осыдан кейін біз дәл солай жалғастырамыз. Біз Азия елдерінің маңызды бөлігімен саяси, экономикалық, техникалық және ғылыми байланыстарымызды жалғастырамыз. Иран халқының күш-жігері мен мүмкіндіктері бізді кейбір маңызды және тиімді аймақтық келісімдерге мүше болуға мүмкіндік берді. Біздің аймақтық үкіметтермен және аймақтық халықтармен қарым-қатынасымыз нығая түсті. Африкамен және Латын Америкасымен берік байланыстар біздің нақты жоспарларымыздың қатарында, Алла қаласа, осы жоспарды орындаймыз. Әрине, біз Еуропамен аразда емеспіз. Біз американдық саясатты ұстанбайтын кез келген Еуропа елдерімен және Еуропа үкіметтерімен жұмыс істеуге дайынбыз»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сөзін жалғастырып, күшті жақтармен қатар әлсіздіктердің де бар екенін және экономика мәселесінің олардың басында тұрғанына тоқталды. Ол мемлекеттің шектен тыс иелігі мен шикі мұнай мен долларға тәуелділігін ел экономикасының ең маңызды мәселесі деп санады. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, экономикаға жылдам және үздіксіз даму қажет, оған халықтың көмегі мен басшылығымен және өндірісті ұлғайту арқылы қол жеткізуге болады. Ислам революциясының жетекшісі «инфляцияны тоқтату және өндірісті  арттыру» жыл ұранына сәйкес, өндірісті арттыру арқылы инфляцияны тоқтатуға болады, ал өндірісті ұлғайту халықтың қолында, бұл халықтың күш-жігерімен іс жүзінде мүмкін екенін мәлімдеді.

Аятолла Хаменеи сөзінің бір бөлігі дұшпанның гибридтік соғысы туралы халықты хабардар ету қажеттілігіне арналды. Бұл кісінің пікіріше, осылайша дұшпанның елдің мықты тұсын қандай жолмен, қандай саясатпен нысанаға алып жатқанын халық біліп, оқиғаларға айқын көзбен қарауы керек. Аятолла Хаменеи: «Гибридтік соғыс – бұл әскери шабуыл емес, дұшпанның діни және саяси сенімдерге шабуылы. «Нас» сүресінде азғырудың жамандығынан Алладан пана тілейміз. Азғырушылар – халықтың ерік-жігерін әлсіретуді көздейтін  шетелдіктер мен олардың ізбасарларының фактілерді өзгертуге үгіт-насихаттауы. Олардың мақсаты – жастарымыздың жүрегінде үмітті өшіріп, үмітсіздік тудыру. Үмітсіз адам дұрыс жұмыс істейді деп күтуге болмайды. Олар елдің ұлттық билігінің нағыз «жұмсақ құралын» халық қолынан алып, оны тиімсіз еткісі келеді. Бұл «жұсақ құралы» адамдардың сенімінен, діни және ұлттық құндылықтарынан және адамдардың сенімдерінен тұрады. Олар мұны істегенде елде тұрақсыздық пен сенімсіздік тудыруға тырысады. Егер күші жетсе, олар азаматтық соғыс тудырғылары келеді. Әрине, олар ойлағандарына жетпейді. Аллаға шүкір, халқы ояу, халқы тік тұр... Мен Иран халқының күшті екенін мәлімдеймін... Ол ілгерілеуде... ол реформа жасауға қабілетті, ол кемшіліктерді түзей алады»,- деді. 

Аятолла Хаменеи өз сөзінің бір бөлігінде Иран халқының қарсыласу майданын қолдайтынын тағы бір рет қуаттап, Украинадағы соғысқа қатысты Иранның бұл соғысқа қатысты болуын үзілді-кесілді теріске шығарып, Иранның оған қатысуы туралы сөзді жалған мәлімдеме деп санады. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, Украинадағы соғысқа дайындықты АҚШ НАТО-ны шығысқа қарай кеңейту үшін бастады, тіпті қазір де АҚШ пен Американың қару-жарақ зауыттары соғыстан ең көп пайданы алып отыр. Сондықтан бұл Украинадағы соғыстың аяқталуымен бірге жүрмейді және осы соғысты аяқтайтын нәрселерді жасауға кедергі келтіреді.

Аятолла Хаменеи имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесінде сөйлеген сөзінің соңында былай деді: ««Бүгін «Босамаңдар да қайғырмаңдар...» деген аятты («Әл-Имран» сүресінің 139-шы аятын) еске алуымыз керек. «Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар». Сіздің иманыңыз сіздің артықшылығыңыздың себебі. Бүгінгі біздің аймақтағы жағдайымызға мүлдем қарама-қайшы жағдай – біздің қас жауымыз – АҚШ үкіметі. Біз аймақта не істеп жатқанымызды білеміз. Біздің саясатымыз, жолымыз айқын. Америкалықтар бұл аймақта қалу керек пе, әлде аймақтан кету керек пе деп ойлануда. Олар қалса, халықтардың оларға деген жиіркеніші күннен күнге артады. Америкалықтар... Ауғанстанда жиырма жыл болды. Олар өздерін ауған халқы  үшін жеккөрініштің етті, олар кетуге мәжбүр болды. егер қалсы жиіркенішті болады, егер кетсе пайдаларынан айырылады. Америкалықтардың Сирия мен Иракта амбициялары бар, олардың осы аймақтың бәрінде амбициялары бар. Егер кетсе, олардан айырылады.  Олар не істерін білмейді, қалатынын, қалмайтынын. Аллаға шүкір жолымыз ашық. Парасатымыз анық, Аллаға шүкір қадамымыз мықты, дұшпанымыз әлсіз».

Тегтер